Зерттеу мақсаты: – жасөспірім футболшылардың шапшаңдық қасиеттеріне тәжірибелер жүргізе
отырып, белгілі әдіс-тәсілдер арқылы нәтижесін шығару.
Зерттеу міндеттері: 1.
Жасөсіпірім жас футболшылардың жылдық жаттығу-әдіснамалық үдеріс барысындағы бақылау.
2.
Футболшылардың жыл бойынғы жаттығу барысындағы шапшаңдық динамикаларын зерттеу.
3.
Жасөспірім футболшылардың белгілі бір дистанция аралығындағы аралық шабуылдары мен дем
алу арасындағы үзіліс кезін бақылау.
Зерттеу әдістері: Қойылған міндеттерді орындау барысында мынандай зерттеу әдістері қолданылды:
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық бақылау, педагогикалық зерттеу, математикалық
статистика бойынша зерттеу.
Жұмыс барысында мынандай нәтижелер шығарылды: жасөспірім футболшылардың жыл бойғы
жаттығу барысында ойын кезіндегі динамикалары мен қабілеттері зерттелді. Соның арқасында аталған
қасиеттер мен қабілеттердің көп нәтиже беретін тұсын қамту қолға алынды.