Зерттеу мақсаты білім жүйесін меңгерумен қатар өзін-өзі тану мен қалыптастыруға бейімдеу.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған тұсынан бастап қазіргі уақыт аралығында білім алуға
мүмкіндігі бар жастарға ешқандай бөгет болған жоқ. Біліктілік талаптарына сәйкес оқу материалдарының
құрамы мен сапасы оқу үдерісіне бағытталған талдау жұмыстары базалық білім мен оқу техно-
логияларының бағдарламасы жоспарлы түрде жұмыс жасауға бастау алды. Демек, маман-кадрларды
дайындаумен қатар мемлекеттік мүддеге сай жастардың ойын қалыптастыру, дене шынықтыру және спорт
саласындағы жаңа инновациялық технологиялардың даму жүйесіне тереңірек үңілуіміз қажет.