педагогикалық үдерістегі негізгі инновациялық бағыттарды айқындау;
‒
білім беру мазмұнына мән беру;
‒
жүргізілетін оқу пәндерінің сапасына көңіл бөлу, жаңа оқу сабақтарын енгізуге және оқыту-
шылардың педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына ықпал ету.
Кез келген жұмыстың бастауы жоспарлы түрде жүзеге асуы қажет, себебі білім алушыға түсініктеме
бере отырып, қарым-қабілетіне қарай бағыттауымыз керек. Осы бағыттылық бірнеше шарттардан туындап
отыр, айта кетер болсақ, оқытудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын іздестірудің қажет
ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі; өздігінен оқу мен өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруы; әр
текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
технологияларының жаңалануы; білім мазмұнының ізгілендіру сипатта болуы; оқу пәндері көлемінің
үздіксіз өзгертіп отыруы т.с.с.