«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
22
Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж. Омаров, алматылық – А.С. Егоров
және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Белоруссия
территориясын жаудан азат етуге қатысқан қазақстандық партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров,
Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров,
И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған
партизан бірлестіктерінің құрамында 48 қазақстандық болды: А. Шарипов, Ж. Агадилов, И. Өтебаев,
М. Мұқанов, А. Төлегенов, Қ. Ахметов және т.б. ерлікпен көзге түсті. А.С. Егоров пен Ф.Ф.Озмительге
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының
шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға
партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ. Қайсенов Румыния мен
Чехословакияны, ал А.С. Егоров Словакияны, С.О. Төлешов, Н. Супронов, Сарсенгалиев, А.Г. Акимин
– Польшаны жаудан азат етуге атсалысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция,
Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне
белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы
партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған. Француз тарихшысы Клод Дельпла
түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал,
неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз
арасында қалғандар деген сипат береді. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс
жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Қазақстаннан әскери комиссариат
арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында
қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан
объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды,
Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған.
Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді [1].
Достарыңызбен бөлісу: