Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Зерттеу  мақсат-міндеттері



Pdf көрінісі
бет53/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу  мақсат-міндеттері.
  Əскери-оқу  пункттерінде  сабақ  беру  үшін,  онда  оқытушылар  мен 
жаттықтырушылар,  спорт  шеберлері,  дене  шынықтыру  нұсқаушылары,  дене  шынықтыру  оқу 
орындарында оқитын білімпаздар жіберілді. 1941 ж. қыркүйек айында халық арасында жаппай әскери 
оқыту  енгізілді.  Онда  әскери  біліммен  қатар,  әскери-дене  қимылы  дайындығы  да  өтілді.  Арнайы 
бағдарлама бойынша өтілген әскери-дене қимылы дайындығы қолма-қол сайыс ‒ 25 сағат, шаңғышы 
әскер ‒ 20 және 40 сағат, тау атқыштары үшін ‒ 90 сағат бөлінді. Жазғы уақыттарда әскери-дене қи-
мылы дайындығы бағдарламасына жүзу, жүзіп өту, суға кеткендерді құтқару, қайғылы жағдайларда 
алғашқы медициналық жәрдем бере алу кірді. Арнайы курстарда мотоциклшыларды, парашютшілерді, 
альпинистерді  даярлады.  Аталмыш  даярлық  деңгейін  одан  әрмен  жоғарылату,  жеңіске  үлесін  қосу 
мақсатында соғыс жылдары Алматы қ. Алатау тауы теріскей беткейінде орналасқан Солдат шатқалы 
аталып кеткен тау бөктерінде тау және шаңғы әскері атқыштарын даярлайтын арнайы әскери пункт 
ашылып,  онда  талай  жүздеген  жан-жақты  даярлығы  мол  әскери  мамандар  даярланды.  Аталмыш 
пункттің  ауқымын  кеңейту,  елдегі  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлауды  көбейту 
мақсатында Алматы қ. 1944 ж. Дене шынықтыру институты ашылды. Ол оқу орны дене шынықтыру 
кадрлары тапшылығын шешуде өзінің мол үлесін қосты. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет