«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
26
кадрларын дайындауда елеулі табыстарға жетті. Он мың шақты шаңғышылар, альпинистер, қол
күрестірушілер, атшылар, мотоциклшілер және басқалары дайындықтан өтіп резервте тұрды.
КСРО Халық Комиссариаты қорғанысының әскерге дейінгі дайындық бойынша сынақ жаттығу
туралы бұйрығын жүзеге асыру мақсатында парашютті және көлік спортын дамытуға ерекше көңіл
бөлінді.
Қазақстанның дене тәрбиелеу ұйымдары барлық жұмыстарын соғыс жылдарындағы әскери
талаптарға сәйкес қайта құрды. Олар жалпы білім беру органдарымен тығыз байланыста әрекет етіп,
әсери қорды қажет етіп отырған Қызыл Армияға қор дайындау бойынша көптеген жұмыстарды
тындырды. Бұл маңызды мәселені шешу үшін, спорттың қорғаныс түрлері бойынша нұсқаушы
кадрларды дайындау және артығымен дайындау бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырылды.
Сауықтыру дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы әдіскерлерді дайындау бойынша жұмыс күшейтілді.
Елдегі соғыс жағдайына байланысты республикамыздың жоғары оқу орындары мен мектеп-
теріндегі дене тәрбиесі қайта құрылды. Бұл жауапкершілікті іс қазақ дене тәрбиесі техникумы мен
педагогикалық училищелердің дене тәрбиесі бөлімдеріне тапсырылды. Дене тәрбиесі мамандары мен
әскери жетекшілерге әскери-физикалық, алғашқы әскерге дейінгі дайындықты мәдениетті түрде өткізу
жүктелді.
Егер 1941 жылы 2,500-ге жуық спортшы-разрядшылар дайындалған болса, 1945 жылы спорт-
шылардың саны 3,500-ден асып кетті. 1941 жылы дене тәрбиесі ұжымы 2,732-ге жетсе, 1945 жылы
олардың саны 183,468 адамға жетті. Соғыс кезінде спорттың әскери-қолданбалы түрі бойынша 1,5
миллионға жуық адам дайындықтан өтті [4].
Майданға өз еркімен сұранған қыз-жігіттер де болды. Солардың қатарында Қазақ дене шынықтыру
институтын 20 жыл басқарған (1952-1972 жылдары) Хамза Мұхамеджанов та болды. Ол 1941 жылы өз
еркімен майданға сұранып, саяси комиссар, өрт сөндіруші, взвод командирі сияқты жауапкершілікті
міндеттерді атқарды. Мәскеу түбіндегі, Берлиндегі (1-ші Белорус майданымен) соғысқа қатысты.
Майданнан көптеген марапаттармен оралды. Висло-Одер операциясымен қатар «Варшаваны азат
еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», Отан соғысы және соғыстың Қызыл Туы медальдармен аман-
есен елге оралады.
Елге келгеннен кейін Қазақстандағы спортты дамыту бойынша көптеген ұйымдастыру жұмыс-
тарын жүргізді, 1946 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы дене шы-
нықтыру және спорт жөніндегі Республикалық комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды. 1952-1972
жылдары Қазақ дене шынықтыру институтының ректоры болды. Осы 20 жыл аралығында институтты
бітірген 3 мыңнан астам түлектің есінде Хамза Мұхаммеджанов «Батыр ата» деген атпен мәңгілік
қалды [5].
Сұрапыл соғысты КСРО халқы жұдырықтай жұмылған бірліктің нәтижесінде жеңді.
Достарыңызбен бөлісу: