«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
25
желтоқсанда «Жаңа аумақтық әскери округ құрамы туралы» бұйрық шығарды, сол бұйрық бойынша
Қазақ КСР-нің әскери Комиссараты құрамынан 4 облыстық әскери комиссариат (ОƏК), соның ішінде
Орал әскери округіне кірген Қостанай ОƏК, Оңтүстік Орал әскери округіне кірген Гурьев, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан әскери комиссариатарымен шақырылып, олар Оңтүстік Орал округінің әскери
құрамына, ал Қостанай облысынан әскерге шақырылғандары Орал әскери округінің бөлімдері мен
құрамаларына жіберілді [3].
Қазақстан әскери комиссариаттары шақырған адам ресурстарының есебінен республикадан тыс
жерлерде ірі құрамалар жасақталды. Атап айтқанда, 1942 жылдың бас кезінде Чкалов облысында
жасақталған 196-атқыштар дивизиясы қатарындағы жауынгерлер құрамының 80%-ы қазақтар еді. 1942
жылы наурызда Чкалов облысында жасақталған 195-дивизияның да жеке құрамының жартысынан
астамын, яғни 4129 адамды қазақтар құрады [1.,41-42 бб].
Достарыңызбен бөлісу: