Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет56/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Қорытынды
Соғыс кезінде кеңес спортшылары да майданға өз үлестерін қосты. Спортшылардан 
жасақталған арнайы бригада, полк, рота т.б. жауға орасан зор зиянын тигізді. Олардың соншалықты 
ерлікпен соғысатынын білетін неміс командованиесі: «Егер де тұтқынға кеңес спортшысы қолға түссе, 
онда  сол  заматта  атылсын»  деген  жарлық  шығарды.  Ал  соғыс  кезіндегі  Киевтің  «Динамо»  футбол 
командасының  немістермен  футбол  ойнап,  «Жеңсеңдер  ‒  барлықтарың  атыласыңдар»  деген 
қорқытуына  қарамай,  ойнап,  ұтып,  ерлікпен  бүкіл  команда  болып  жауға  қарсы  тұрғанын  білеміз. 
Спортшылардың арқасында соғыстың шешуші сәттерінде шайқас кезінде жеңіске жетті. Оның себебі 
–  аянбай,  ұзақ  уақыт  бойы  жаттықтыруларда  спорттық  жеңіске  жетуге  деген  күш-ерік  әбден 
жаттыққан.  Соның  есесінен,  кез  келген  қиыншылықтарға  басқа  адамдарға  қарағанда,  спортшылар 
төзімдірек келетіні барлығына мәлім. Басқа, шаруа немесе жұмысшы табынан шыққан, соғыс кезінде 
жаппай  мобилизацияға  түскен  қарапайым  адамдарға  қарағанда,  спортшылар,  әрине,  жан-жақты 
дайындықты,  күш-еркі  мол,  кез  келген  ойламаған  төтенше  жағдайларда  тез  оңды  шешімін  тауып 
кетеді.  Соны  білген  неміс-фашист  әскери  басшылығы:  спортшы  кеңес  жауынгерлері  кез  келген 
жағдайларда ауыр жараланғандарына қарамастан, дереу тұтқыннан босануға әрекет етеді, онысымен 
қоймай,  басқаларын  да  үгіттеуге  күштерін  салады,  деп  қорыққан.  Көптеген  спортшылар  майданда, 
тылда, жау тылында ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атақтарын алды. 
1944 ж. Кеңес Əскерінің және халықтың ержүрек қарқынының арқасында кеңес жері жаудан толық 
тазартылды.  Сол жылы  спорттың  14  түрінен  КСРО  біріншіліктері  өтті. Бес  жылдық  үзілістен  кейін 
футболдан КСРО Кубогі үшін жарыстар қайта жаңғырып, ленинградтық «Зенит» футбол командасы 
жеңімпаз атанды. Ал, 1945 ж. бұқаралық-спорттық жұмыстардың аясы одан бетер кеңейіп, жақсара 
берді.  Миллиондаған  денешынықтырушылар  мен  спортшылар  өздерінің  ерліктерін  Ұлы  Отан 
соғысында паш етіп, кеңес халқының осы қанқұйлы фашизмді тас-талқан етуіне үлкен үлес қосты. Ал, 
осы соғыста қазақстандық жауынгерлердің ерліктері ешқашан өшпеуі тиіс. Жылдар өте, олардың әлі 
де  беймәлім,  бірақ,  түбінде  жұртшылыққа  аян  болатын  кездері  бәрібір  де  келеді,  деген  сенімнің 
болғаны  қажет.  «Ер  есімі  –  ел  есінде»  сынды  акциялар  еліміздің  түкпір-түкпірлерінде  өз  жалғасын 
тауып, белгісіз батыр бабаларымыздың аттары әлі де шыға бермек. Оған өскелең ұрпақ міндетті түрде 
өз үлесін қосады, деген үміт бары анық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет