Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет68/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Қорытынды
 
‒ Ұлы Отан соғысы кезеңінде кеңестік елдің бұқаралық-спорттық жұмыстары 1943 жылдан бастап, 
яғни  соғыстағы  түбегейлі  өзгерістен  кейін  жандана  бастады.  Қалалық,  өңірлік  жарыстар 
ұйымдастырылып,  бірқатар  спорт  түрлерінен  республикалық  және  бүкілодақтық  спартакиадалар 
жаңғыртылды.  1943  жылы  гимнастикадан,  жеңіл  атлетикадан,  шаңғы  және  коньки  спортынан, 
жүзуден,  велосипед  спортынан,  ауыр  атлетика  мен  қоян-қолтық  ұрыстан  бүкілодақтық  жарыстар 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
30 
өткізілді.  Сондай-ақ,  Қиыр  Шығыста,  Оралда,  Сібірде,  Орталық  Азия  мен  Қазақстанда  өңірлік 
жарыстар ұйымдастырылды; 
‒  1944  жылы  14  спорт  түрі  бойынша  КСРО  біріншілігі  өткізілді.  Бес  жылдық  үзілістен  кейін 
футболдан КСРО Кубогының ойындары қалпына келтіріліп, онда сол кездегі ленинградтық «Зенит» 
жеңімпаз болды; 
‒  1944-1945  жж.  кеңестік  спортшылар  170  бүкілодақтық  рекорд  жасады,  олардың  31-і  әлемдік 
көрсеткіштен асып түсті. 
Жалпы алғанда елдегі дене шынықтырушылар мен спортшылар жеңіске ұмтылудағы ортақ істе 
өздерінің сүбелі үлестерін қосты деп айтуға болады. Осылайша, тарихи деректер мен дәйектер көрсетіп 
отырғандай, спорт феномені соғыс жағдайындағы әскери уақытта да өзінің өмірлік маңыздылығының 
жоғары екендігін дәлелдеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет