Key words: Great Patriotic War, Kazakhstan, physical education, sport, government.
Кіріспе. ХХ ғасыр басындағы еуропалық философия классиктерінің бірі, неміс ғалымы Макс
Шелердің спорт жөнінде керемет айтылған бір сөзі бар, оның қазақша нұсқасы былай болып келеді:
«Əлемде бірде-бір феномен дәл спорт тәрізді әлеуметтік-философиялық әрі психологиялық тұрғыда
терең зерттеуді қажет етпейді. Өйткені спорт өзінің түсінік кеңістігі бойынша әлдеқайда ауқымды,
алайда, оның мәнісін зерттеуге толыққанды көңіл бөлінбей келеді». Ал осы ғасырдың 80-жылдарында
белгілі америкалық спорт әлеуметтанушысы Аллен Гуттман өзінің «Салт-дәстүрден рекордқа қарай.
Заманауи спорт табиғаты» атты кітабында, М. Шелердің сөздерін негізге ала отырып, былай деп
тұжырымдайды: «Елу жылдық оқиғалардан кейіннің өзінде спорт әлі де болса ең көп пікірталасқа толы
және аз түсінік берілген әлеуметтік құбылыс болып қалып отыр». Міне, осындай жоғарыда
айтылғандар негізінде, біз бүкіл әлемдік қауымдастық болып осы жұмбақтың шешімін ізденуіміз
қажет. Өйткені спорт пен оның ішінде әсіресе футбол ойыны ХХ және ХХІ ғасырлардың феномендері
бола тұра түсініксіз құбылыс ретінде қалып отыр, бірақ олар біздің заманымыз бен қоғам үшін
айырықша пайдалы болып табылады. Мәселен, қазіргі Олимпиада ойындары беделді әрі кең ауқымды
халықаралық іс-шара болып табылатындықтан, оны өткізуші елдің экономикасын дамытуға өзінің
үлкен септігін тигізеді. Мұндай ірі іс-шаралар макроэкономикалық процестерді белсендендіру арқылы
экономика мен әлеуметтік саланың дамуына үлкен серпін береді. Дәл осылайша спорттың түрлі
бағытында өткізілетін Əлем чемпионаттарының тигізер ықпалы өте жоғары. Сондықтан бүгінгідей
жаһандану заманында көптеген дәстүрлі институттарды жойып немесе артта қалдырып келе жатқан
спорт жоғары маңыздылыққа ие. Əрине, Қазақстанда дене шынықтыру мен спорттың даму жолдары әр
«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
28
тарихи кезеңге байланысты әр қилы болды. Біз соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы осы
саланы дамытудағы ұйымдастыру мен басқару мәселелері жөнінде сөз қозғамақпыз.