ЖЫЛДЫҚ ЦИКЛДЕ ФУТБОЛШЫЛАР ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ Б.О. Нурлаев ‒ 2 курс магистранты, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Р.Т. Саутов ‒ аға оқытушы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Б.З. Зауренбеков ‒ PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
А.М. Зейнолда ‒ оқытушы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Н.А.
Төлен ‒ Қазақ спорт және туризм академиясының магистрі, Алматы қ.
Аңдатпа. Берілген мақалада футболшылардың дене даярлығы, соның ішінде ең маңызды қабілет
төзімділікті дамыту жайлы қарастырылған. Футболшылардың жоғары оқу орнындағы жаттығу сабақтарындағы
бір жылдық бақылау динамикасындағы төзімділік қасиеттері өзгеруі, оқу-жаттығу үрдісінде дене қасиеттерді
дамытуға арналған жаттығулардың құрастырылған кешендерін қолдануға жауап ретінде қарастырылады.
Авторлар әртүрлі дәрежедегі футболшылардың бастапқы дайындық кезеңінде арнайы төзімділігін зерттеуді,
футболшылардың арнайы дене даму деңгейіне жаттықтыру жүктемесінің әсерін білуді мақсат еткен. Сондай-ақ
жылдық циклде футболшыларда арнайы төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар кешені ұсынылады.
Футболшыларда төзімділіктің дамуымен байланысты зерттеу нәтижелерін салыстыру, дене дамуының
командалар көрсеткіштігіне, әсіресе жеке ойыншылардың көрсеткіштігіне байланысты өте үлкен рөл атқарады.
Спорттық жұмысқа қабілеттілік үшін базаны құру кезінде оларды пайдаланудың тиімділігі дәлелденді.
Түйін сөздер: футбол, арнайы төзімділік, жылдық цикл, дене даярлығы.