Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет101/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

4  класс  сулары.
  экологиялық  қолайсыз,  техникалық  маңызы  бар  3 
класс сулары балық шаруашлығында, суармалы егістікте қолданылады  
5  класс  сулары
  балық  шаруашлығында,  суармалы  егістікте 
қолданылады 
6  класс  сулары
.  экологиялық  қолайсыз,  алдын-ала  тазалау  арқылы 
техникалық мақсатта қолданылады. Макроомыртқасыздар кездеспейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
 
 
 
12 Дәріс 
Дәріс тақырыбы: Топырақ сапасының биоиндикациясы 
Мақсаты: 
Білім алушыларға топырақ апасының биоиндикациясы 
туралы білім беру. 
Топырақтың  биологиялық  диагностикасы  негізінде  топырақ  көптеген 
ағза популяцияларымен бірге бір тіршілік ету аумағын құрайды. 
Топырақтың  фитоиндикациясы  мен  диагностикасының  ботаникалық 
әдістері  ойлап  табылған.  Мысалы,  өсімдіктердің  құрылымы  мен  құрамын 
анықтау  жолы  арқылы  индикатор  өсімдіктердің  таралуы,  өсімдіктердегі 
индикациялық  белгілерді  анықтау,  топырақ  түрін  анықтау,  гидроморфизм 
деңгейін,  тұз  жинау  процестерінің  дамуы  мен  т.с.с.  анықтайды.  Өсімдіктер 
ішінде  топырақтың  механикалық  және  химиялық  құрамына  қарай 
индикаторлар  анықталады,  олар  топырақтың  пайдалы  элементтермен 
байытылу  деңгейі,  қышқылдығы,  грунт  суларының  деңгейіне  байланысты 
болады. 
Топырақ-зоологиялық  әдісті  топырақ  диагностикасы  мақсатымен 
қолданудың теориялық алғышарты 1949 жылы М.С. Гиляров жасаған түрдің 
«экологиялық  стандарты»  түсінігі,  яғни  түрдің  белгілі  бір  қоршаған  орта 
жағдайларының  кешеніне  мұқтаждығы,  болып  табылады.  Әрбір  түр  өзінің 
ареалы  кеңістігінде  өмірге  қажетті  шарттарда  ғана  өмір  сүреді.  Жеке  орта 
факторлары  амплитудасының  өзгеруі  түрдің  экологиялық  бейімділігін 
сипаттайды. Эврибионттар индикация мақсатында  тиімсіз, ал стенобионттар 
субстрат  құрамы  мен  қоршаған  орта  шарттарында  индикаторлар  қызметін 
жақсы  атқарады.  Бұл  жағдай  биологиялық  диагностикада  жалпы  теориялық 
принципті  қалыптастырады.  Бірақ  бір  түрдің  индикацияға  қолданылуы 
нәтиженің  дұрыс  шығуына  кепіл  болмайды  (бұл  жерде  «қоршаған  ортаны 
ауыстыру  ережесі»  орын  алады  және  түрдің  экологиялық  сипаттамасының 
өзгерістері). Одан да ағзалар кешенін зерттеген жөн, олардың ішінде кейбірі 
ылғалдылық  индикаторлары,  енді  бірі  –  температура,  үшіншісі  –  химиялық 
немесе  механикалық  құрам  индикаторы  болуы  мүмкін.  Салыстыру 
аудандарында жануарлар түрі көп кездессе, соғұрлым олардың режимдерінің 
ұқсастығын айтуға болады, сәйкесінше топырақты өңдеу процесінің бірлігін 
де айтамыз. Микроскоптық формалар – қарапайым және микроартроподтар – 
тиімсіз болып саналады. Олардың өкілдері космополитизммен ерекшелінеді, 
олар  үшін  топырақ  тіршілік  ету  ортасы  болып  табылмайды:  олар  тері 
жүйесінде,  капиллярларда  өмір  сүреді.  Микроартпод  ішінде  панцирлі 
кенелер жақсы зерттелген. Бірлестіктер құрамы топырақ жағдайын ғана емес, 
өсімдіктің  флористикалық  құрамына  да  байланысты,  сондықтан  берілген 
объект топыраққа зиян келтіруге қарсы жақсы қолдану қажет. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет