Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет103/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
жөніндегі А.Д. Покаржевскийдің «Жануарлардың геохимиялық экологиясы» 
еңбегі бар        .  
Соңғы  жылдары  экотонды  бірлестік  құрылымның  қалыптасуы  мен 
ерекшелігін  зерттеу  үлкен  белсенділікке  ие  болып  отыр.  Экотондар  –  орта 
факторларының  әрдайым  жоғары  өзгергіштігімен  сипатталатын  әр  түрлі 
табиғи  жүйелер,  аралық  аймақтар  аралығындағы  ауыспалы  кеңістіктер. 
Өскелең  антропогенді  жүктемелер  экожүйелер  мен  ландшафтардың  қарама-
қарсылығы  мен  мазаикалық  құрылымын  арттырады,  соған  сәйкес,  жаңа 
шекаралық  экотонды  жүйелер  мен  қауымдастықтар  пайда  болады. 
Экотондарда  ластаушы  заттардың  орын  ауыстыруына  арналған  физикалық 
және  биогеохимиялық  тосқауылдар  пайда  болады.  Мұндай  аймақтарда 
топырақтың  омыртқасыздары  осал  бола  бастайды.  Сол  уақытта  экотондар 
биологиялық әртүрлілікті сақтайтын орын болып қызмет етеді. 
Топырақтану 
мақсатымен 
байланысты 
топырақтық 
экология 
бағыттарының арасындағы – топырақтағы жануарлар әлемін қорғау. Топырақ 
фаунасын  қорғаудың  тиімді  жүйесінің  кешені  екі  негізгі  ұстанымды 
сақтағанда мүмкін болады (Гиляров М. С., Криволуцкий Д. А., Покаржевский 
А.  Д.).  Бірінші  ұстаным  –  бұл  экожүйе  кешенінің  жекелей  емес,  толықтай 
қорғау,  себебі  әрбір  түрді  бақылауда  ұстау  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар, 
топырақтың  әр  түріне  жануарлардың  белгілі  бір  кешені  сәйкес  келетінін 
міндетті  түрде  ескеру  қажет.  Екінші  ұстаным  –  бұл  мемлекеттің  барлық 
облыстарында  қорғалып  жатқан  топырақ  экожүйесіне  арнап  жүйе  жасау 
.Дәстүрлі түрде, жетекші бағыттардың бірі топырақ жануарларының топырақ 
түзу  ролін  зерттеу  болып  табылады.  Ол  көп  қырлы:  топырақтың  құрамына 
жеке түрлердің әсерін зерттейді (өсімдік қалдықтарын механикалық ұсақтау 
және оларды тереңге орналастыру, нәжіс орындарына тұқым себу және т.б.); 
органикалық  қалдықтар  кеңістігінде  омыртқасыздар  кешенінің  ролін  және 
осы  үдерістерде  топырақ  микроағзаларымен  қарым-қатынасын  зерттейді. 
Зоомелиорациялау  топырақтарында  омыртқасыздардың  (жаңбыр  құрттары, 
диплопод)  жеке  топтарын  қолдану  бойынша  жұмыстар  практикалық  өнімге 
ие.  Топырақтағы  жануарлар  кешенінің  жағдайына  ұйымдастыру-
шаруашылық  іс-шарасының  (жер  жырту,  суландыру,  батпақты  құрғату, 
ормандарды кесу және т.б.) ықпал етуін зерттеу нәтижелері зор маңызға ие. 
Әсіресе  көрсеткіштік  жұмыстар үшін  ірі омыртқасыздар  (жаңбыр  құрттары, 
қырықаяқтар,  жәндіктер  дернәсілі)  қауымдастығы  бағалы  және  ыңғайлы. 
Осылайша, 
Bledius
  отбасының  стафилинидтері  мен 
Belopus 
отбасындағы 
кейбіреулері  сортаң  топырақтар  көрсеткіші  болса,  қырықаяқтар,  кейбір 
ақбастар  мен  өкпе  ұлулары  топырақ  құрамында  әктас  көрсеткіші  ретінде 
қызмет  етеді. 
Octolasium  lacteum
  жаңбыр  құрттары  жер  асты  суларында 
кальцийдің жоғары құрамының көрсеткіші болып табылады.  
Топырақтың жоғары қабатында мекендейтін жануарлар онымен тығыз 
қарым-қатынасы  мен  қоршаған  ортаның  өзгеруіне  жауапты  реакциясы 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет