Байланысты: Биоиндикационные методы иследования Умкд
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы
байланысты биотестілеу әдістері көп танымалдылыққа ие болып келеді және
барлық жерге енгізіліп жатыр.
Бақыланып отырған жағдайда әр түрлі поллютанттардың өсімдік
нысандарына ықпал етуі бойынша тәжірибелерді жасау көптеген
тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді; өсімдіктердің әр түрлі
төзімділіктерінің себептерін және уытты заттарға бейімделуін анықтау,
нақты заттың әсерін білдіру, сыртқы ортаның басқа факторларының әрекетін
анықтау, поллютанттың өлімге дейін алып баратын мөлшерін анықтау.
Бақылау әдісі ретінде көп тараған биотестілеу ластанудың шекті рұқсат
етілген деңгейі мен су сапасын анықтау шарттарын дайындау кезінде
қолданатын су ортасының уыттылығын бағалаудың бірыңғай әдістері АҚШ-
та қолдануда. Руссоның (1986) жұмысында келтірілген мәліметтер бойынша,
АҚШ-тың
қоршаған
ортаны
қорғау
бойынша
Агенттіліктің
ұйымдастыруымен күрделі құрамды ағынды сулардың уыттылығы туралы
ақпараттық жүйеге ағынды сулардың уыттылығы немесе 145 тест-ағзалардың
қолдануымен 4650 тестте орындалған биотестілеудің нәтижесі бойынша
олардың су нысандарына ықпалы туралы мәліметтер енгізілген.
Су сапасын бағалайтын токсикологиялық әдістер мен олардың жүзеге
асуына арналған аппаратуралар басқа елдерде де: Англия, Франция,
Германия, Швеция, Швейцария, Чехословакияда жасалады.
Ағынды сулардың бұрылуын реттеп отыратын Германияның
заңнамасы бойынша, су нысандарына шығардың алдында олардың
токсикологиялық бағасы қарастырылған, LD
50
көрсеткіші мен тест-нысанға
арналған ағынды суларды қауіпсіз сұйылтуының арасында ауыспалы
коэффициенттер ұсынылған. Биотестілеудің мақсаттары үшін негізінен қатты
уытылыққа арналған тестілер қолданылады.
Францияда токсикологиялық көрсеткіштер бойынша су ортасының
сапасын бағалау мекемеаралық деңгейде құрылған «Тұщы судың сапасын
бақылау жүйесінде» міндетті болып есептеледі.
Ағынды сулардың өндірістік токсикологиялық бақылауы ең көп уытты
ағынды суларды анықтау және олардың су нысандарына түсуін шектеуін
анықтау мақсатында 150-ден аса өнеркәсіптерде жүргізіліп отырады.
Биотестілеу үшін Pseudomonas тұқымдасынан бактерияларды (4-8 сағ.
Аралығында 99%-ға көбеюін тежеу); Scenedesmus тұқымдасынан балдырлар
(5 тәулікте 50%-ға сандығын азайту); дафний және балықтар (24 сағатта 50%
ағзалардың өлімі) қолданумен қатты уыттылыққа биотесттердің стандартты
жинағы қолданылады.
Шетел мемлекеттерінде биотестілеу әдістерін дайындаумен қатар
оларды стандарттау аймақтарында да жетістіктері бар: қазіргі уақытта кейбір
мемлекеттерде (Англия, Австрия, Венгрия, Польша, АҚШ, Франция,
Финляндия, Швеция және т.б.) 40-тан аса стандарттар бар, олардың