Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет121/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
балықтардың  пайда  болуы  көрініс  тапты.  Гидробиологиялық  мониторинг 
мәліметі  бойынша  қала  сыртындағы  су  қоймаларында  және  кіші  өзендерде 
гидробионттардың  көптеген  түрлері  жоғалып  кеткен.  Организмдерді  қайта 
қалпына келтіру процестері – токсинді орта әсерінен зақымдалған кез-келген 
топ тізбегінің бірі болуы мүмкін, тиімді шартталған оқиғалар тізбегі.  
Морфологиялық 
сипаттамаға 
ластану 
әсерін 
анықтау 
үшін 
флуктуациялайтын асимметрияны бағалау әдісі қолданылады.  
Симметрия тірі организмдердің жеке бөліктерінің келісімді түрі ретінде 
ортақ биологиялық мағына береді.  
Биологиялық  объектілермен  жұмыс  жасау  барысында  қазіргі  уақытта 
Л.  Ван  Вален  бойынша  асимметриялар  классификациясы  қолданылады 
(симмеирияның бұзылуы), осыған сәйкес олар 3 типке бөлінеді: 
1)
 
Бағытталған  асимметрия,  егер  қандай  да  бір  құрылым  басқа 
жағына  қарағанда  (сүтқоректілердің  жүрегі),  бір  жақ  бөлігінде  көбірек 
дамыған болса. 
2)
 
Антиасимметрия  –  бір  жақ  құрылымының  көбірек  дамуы  (адам 
популяциясында солақай және оңқай). 
3)
 
Флуктуацияланған асимметрия – қатаң екі тарапты симметриядан 
аз ғана бағытталмаған ауытқушылық.  
Флуктуацияланған  асимметрия  дәл  анықталған  жоспар  бойынша 
организмдердің дамуға қабілетсіздігі көрсеткіші болып табылады. Екі жақты 
айырмашылық  генетикалық  детермирленген  болып  саналмайды  және 
бейімделген  мағына  бермейді.  Асимметрияның көптеген  формаларынан  тірі 
организмдердің  екі  тарапты  белгілері  бойынша,  организмнің  толығымен 
және  оның  бөліктерінің  дамуының  тұрақсыздығын  бағалауға  мүмкіндік 
беретін, 
флуктуацияланған 
асимметрия 
айрықша 
ерекшеленеді. 
Флуктуацияланған  асимметрия  деп  екі  тарапты  симметриялы  әртүрлі 
морфологиялық  құрылымдырдың  оң  жақ  және  сол  жақ  (
R  -  L
)  арасындағы 
азғана  бағытталмаған  айырмашылық.  Көптеген  авторлар  флуктуацияланған 
асимметрияны  анықтауды  биологиялық  жүйелердің  динамикасы  мен  күйін 
бағалаудың 
морфологиялық 
әдістерінің 
бірі 
деп 
есептейді, 
ал 
флуктуацияланған 
асимметрия 
көрсеткіші 
– 
организмнің 
даму 
тұрақтылығының индексі. 
Ағзаларға  қатысты  негізгі  шарттар  -  дене  көлемінің  асимметриялы 
болуы және көптеген факторлардың организмде кездеспеуі. 
Популяция-генетикалық,  экологиялық  зерттеулер  үшін  асимметрияға 
қатысты  көптеген  қиындықтар  бар.  Мүмкін  қиындықтар  асимметрияны 
есептеуде  математикалық  формулалардың  дұрыс  қолданбауынан  пайда 
болады.  Бұндай  формулалар  мен  әдістер  саны  өте  көп          Көп  жағдайларда 
олар бірдей нәтиже береді және бір қарағада бір-бірінен айырмашылықтары 
өте  аз.  Бірақ  олардың  қолданылуы  әртүрлі  ойларға  алып  келеді  және  адам 
асимметрияны бағалауды қай тәсіліне жүгінерін білмейді.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет