Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
хромосомалық зақымдалуды индукциялауға қабілетті, химиялық заттарды
анықтаудың қарапайым әдісі ретінде көрсете білді.
Көптеген микроядролық талдау тестілерінің пайда болуына Scmid
(1970) еңбегінің мәліметтері негіз болды. Бірақ, микроядро құрылысы оған
дейін анықталғандығын айта кету қажет. Микроядро жайлы мәліметтер
гематологиялық әдебиеттерде көп кездеседі. Оны ең алғашқы рет 1890 жылы
Howell анемиямен ауыратын мысық қанының эритроцитіне тапқан болатын.
Көлемі грануладан үлкен, ядродан кіші шамасында болады. Бұл түзіліс
жасуша перифериясында жасыл метил түрінде кездеседі, Howell пікірінше,
микроядролар кәдімгі ядроның қалдықтары. Schmauch (1899) жабындық
шыныға мысық қанын тамызып, оны 800-1000 есе үлкейтіп қарағанда,
жарыққа шағылысатын денешіктерді анық байқады. Оның айтуы бойынша
дәл осындай эндоглобулярлық денешіктер, оған дейін дені сау мысық
қанының эритроцитінде де болған, тек аз мөлшерде. Олар эритроциттің
ортасында немесе шетінде, әртүрлі көлемді (0,25-1мкм) болып орналасады.
Негізгі түсі қаралау, ас тұзына салса, 1%-ға күлгін метил болып боялады.
Микроядроларды эндоглобулярлы денешіктер деп 1991 жылы Grawitz атады.
1902 жылы Schmidt, 1905 жылы Jolly жаңа туған нәресте мен түрлі
жануарлардың перифериялық қанның эритроцитінен де тапты.1905-1908
жылдары Jolly эритроцитте кездесетін денешіктердің біреуін алып, толық
зерттеп, оның диаметрі 0,5-1 мкм екенін анықтады. Содан кейін оны Жолли
денешіктері деп атай бастады. Papenheim (1907, 1909) Жолли денешіктері
негізінен ядродан пайда болады деген пікірді ұстанды. Олар ядро
хроматинолизі бұзылуынан пайда болады деді. Ол Жолли денешіктері үнемі
хроматин түстес болатынын дәлелдеді. Микроядролық талдау жасау үшін,
эритроциттер көбіне жілік майы мен қаннан алынады. Себебі, олардан ұлпа
алу жеңілдеу келеді және гемотологияда ең алқашқы микроядролар осы
жерлерден алынған қаннан табылған. Жілік майында эритроциттер дамудың
түрлі сатысын өтіп жатуы мүмкін, сондықтан зерттеушілердің басым
көпшілігі
микроядролық
талдау
үшін,
қанды
полихромотофилді
эритроциттерден немесе нормохромды эритроциттерден алады. [Chrisman,
Baumgartner, 1980; Danford, Parry, 1982; Hartley-Asp, 1982; Amer, Fahmy,
1983; Bradford et al., 1983; King et al„ 1983]. Полихроматофилді эритроцит -
полихроматофилді эритробласттан пайда болады. Полихроматофилді
эритробласт дегеніміз митоздық бөлінуге қабілетті, эритроцитарлық қатарға
апаратын кең жасушалық жол. Оның ядросы пиктиндікке айналып, шығып
кетеді, ал қалған хромосомалар мен хромасомалық фрагменттер
микроядроны құрап, жасушада қалады. Соған қарамастан нормохромдық
эритроциттер даму сатысынан өтіп, пісіп жетіледі [Хэм А., Кормак Д., 1982].
Жануарлардың
жілік
майынан
алынған
полихроматофилді
және
нормохромды эритроциттердегі микроядролар әртүрлі таралып, мутагенге
айнала бастағандығын осылай түсіндіруге болады [Chrisman, Baumgartner,
|