Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Люминесценттік әдіс ˗ жоғарғы жылдамдық пен сезімталдығымен
сипатталады, оның арқасында биосфера мен гидросфераны жүйелі
қадағалауда ұстап, микроэлементтерді анықтауға, органикалық заттарды
ластаушылардың үлесін, жеке органикалық байланыстарын анықтауға
болады. Люминесценттік әдіс ауадағы органикалық және бейорганикалық
қосылыстардың санын анықтайтын сезімтал эмиссиялық әдістер қатарына
жатады. Люминесценттік талдау ауадағы полиароматтық көмірсулардың
туындысын анықтайды. Егер қосылыстың туындысын люминесценттік әдіс
арқылы анықтау мүмкін болмаса, флуросценттік әдісті қолдануға болады.
Сандық талдау жасау үшін өшірілген люминесценция құбылысын да
қолданады. Люминесценттік талдауға қажетті құралдың атауы˗ флуориметр
деп аталады. Флуориметр˗ жарық фильтрімен, ал спектрофлуориметр —
дифракционды торлармен жұмыс жасайды. Біздің елімізде люминесцентті
фотометриялық анализатор «Флюорат-0,2» кең қолданысқа ие. Бұл құралдың
люминесценцияны қозғаушы негізгі көзі болып газоразряд шамдары
табылады (мұнай өнімдерін өлшеуге арналған). Спектрлік селекция ˗
интерферонды немесе шыны жарық фильтрларының, сонымен қатар,
монохроматор, дифракционды тор сияқты құралдардың көмегімен де жұмыс
жасайды. Қоздырғыш жарық (люминесценцияны) қабылдаушы ретінде
фотоэлектронды арттырушы (ФЭА) қызмет етеді. БҚ (бейорганикалық қоспа)
талдауын суда жүргізу үшін оған деген сынақтық дайындық гексан
экстракциясында жүргізіледі. Құралдың негізгі техникалық сипаттамалары
кестеде көрсетілген. Осы құрал көмегімен қоспаның құрамында кездесетін
көптеген элементтер мен органикалық заттардың мөлшерін, сонымен қоса,
мұнай өнімдерін, фенолды, ББЗ, полиароматты көмірсуларды анықтайды.
Мысалы, 3,4-бензпиренді «Люмэкс» фирмасында жасалған қосалқы
қондырғы көмегімен анықтауға болады. Егер «Флюорат-0,2» қолданылса,
люминесценттік әдістің жоғары сезімталдылығына қарамастан, стандартты
ерітінді жасауда құралдың есебінен қателіктер кетуі мүмкін, бұл ерітіндіге
қажетті қоспаларды тура өлшеп алуға кедергі жасайды. Бірақ, қазіргі уақытқа
дейін люминесценттік әдісте стандартты ерітінді жасалынған емес
(Люминесцентік әдіс, 1996). ИК-спектрометриясында қолданылатын
стандартты ерітінді изооктан — цетан — бензол, 4 хлор көміртегінде
дайындалады, ол флурометрдің жұмыс орталығында сіңірілетіндіктен,
калибрлеуді мұнай туындыларының жиі қолданатын майында Т-22-де
өткізеді (Люминесценттік әдіс, 1996). Сондықтан осы құрал көмегімен
«ауыр» БҚ-ны (мазутты т.б.) өлшегенде 40 – 50% дейін қателік кетуі мүмкін,
ал «жеңіл» БҚ-ны (бензинді т.б.) өлшегенде қателік пайызы бірнеше есе
төмендейді. Еуропа елдеріне талдаудың ультракүлгін түсті түрлері аз
қолданылатынын айта кету қажет (Берне т.б, 1997). Қазіргі таңда мұнай мен
мұнай өнімдеріне экологиялық мониторинг жасауға арналған әдістер мен
құралдардың көп түрі ойлап табылған. Бірақ экологиялық тұрғыдан мұнай
|