Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет122/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Сол  және  оң  жақтың  асимметриясын  есептеуде  дисперсионды  талдау 
маңызды роль атқарады.  
Жапырақ  табақшасындағы  асимметрияны  пайдаланудың  жаңа  әдісі 
ретінде геометриялық морфометрия немесе жапырақ табақшасының оң және 
сол  жағының  жұптық  нүктелерін  анықтауға  бағытталған  геометриялық 
формалар әдісі белгілі               
Флуктуациялық  асимметрия  морфогенетикалық  гомеостаз  жағдайын 
сипаттайды.  Флуктуациялық  асимметрия  даму  өзгерісін  сипаттайтын 
қарапайым және қолжетімді талдау түрі. 
Асимметрияны 
қолдану 
мүмкіндігі 
биоиндикацияда 
көптеген 
авторлармен  көрсетілген,  олар  жануарлар  мен  өсімдіктер  мысалында 
асимметрия  үлкендігі  антропогенді  күйзеліске  және  ағзаның  бұзылуына 
себеп  болады.  Флуктуациялық  асимметрия  жеке  даму  тұрақтылығын 
көрсететін  табиғи  популяциялар  жағдайына  баға  беретін  және  қоршаған 
ортаға  байланысты  онтогенетикалық  көрсеткіштердің  бірі.  Флуктуациялық 
асимметрияның көлемі тек популяциялық деңгейде ғана анықталуы мүмкін. 
Сонымен  қатар,  В.М.Захаров  айтқандай,  флуктуациялық  асимметрия 
фенотиптің өзгеруінің басты формасы болып табылады, 
4.Физиологиялық әдіс. 
Физиологиялық 
әрекеттер 
күйзеліс 
әрекетіне 
өте 
сезімтал 
сипаттамалардың бірі. Ең тиімді энергетикалық алмасу оптималды қоршаған 
орта  шарттарында  ғана  болуы  мүмкін.  Аэробты  ағзалардың  энергетикалық 
алмасу  белсенділігі  оттегі  мөлшерін  қолдануына  байланысты.  Оптималды 
шарттарда  ағза  өте  төменгі  энергетикалық  деңгейде  болады,  ортаның  кез-
келген кері өзгерісінде оттегіге деген сұраныс артады. 
Энергия  алмасуды  сипаттауда  ең  негізгі  екі  себеп  бар:  негізгі  алмасу 
және  максималды  алмасу.  Негізгі  алмасу  сыртқы  әсердің  ағзаға  зиян 
келтірместен  қалыпты  өмір  сүруіне  қажетті  минималды  энергия  деңгейін 
қолданады. Максималды алмасу ағзаға қажетті көп мөлшерде энергия береді. 
Бұл  мөлшерлер  арасындағы  айырмашылық  белгілі  бір  жануар  түрінің 
бейімделушілігіне  байланысты,  себебі  алмасудың  негізгі  және  максималды 
деңгейі түр спецификасы көлемімен анықталады. 
Күйзеліс жағдайын сипаттайтын шарттар - өсу процесінің жылдамдығы 
және ырғақтығы. 
Тірі  организмдердің  әрекет  белсенділігі  физиологиялық  процестердің 
негізгі сипаттамасы болып табылады. 
Тест-функция  ретінде  омыртқасыз  гидробионттардың  филогенездің 
әртүрлі деңгейіндегі физиологиялық параметрлері қолданылады. 
Гидросфераның құрамы ағзаға немесе популяцияға жеке факторларлың 
әрекет  белсенділігінен  көрінеді.  Антропогендік  жолмен  су  қоймаларына 
түсетін  заттар  қадағалайтын,  трофикалық,  токсиндік  және  ақпараттық  әсер 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет