15 Дәріс
Дәріс тақырыбы
Адам организмінің жағдайына байланысты биотестілеу
Мақсаты:
Білім алушыларға адам организмінің жағдайына байланысты
биотестілеу жайлы білім беру.
Адам мен қоршаған орта арасындағы қатынас өте күрделі, әрі маңызды
сұрақтардың бірі болып табылады. Адамдар үшін қолайсыз жағдайлар
қалыптасу үстінде. Қазақстанның қазіргі кездегі қоршаған ортасының
ластану деңгейін жоғары деп бағалауға болады. Қоршаған ортаны ластайтын
қалалар мен аумақтардың саны көбейіп кетті. Концентрация құрамындағы
улы затар көзге көрінбегенімен, жасырын түрде тірі организм денесіне еніп,
оның физиологиялық, нейрогуморальдық, биохимиялық қызметін бұзып қана
|