Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
қоймай, жеке органдар мен жүйелерді де зақымдайды. Қанға жүргізілген
тексеру нәтижесі тек қан құрамы жайлы ғана емес, жалпы организмнің
жағдайын сипаттап береді. Егер қанды тексеру барысында созылмалы
интоксикация байқалса, оның мутагендік немесе канцерогендік екендігін
анықтауға болады.
Жалпы қан талдауы әдістері өте ақпаратты және арзандығымен өзекті.
Жалпы қан талдауының бірнеше негізгі әдістерін мониторинг үшін қолдануға
болады, оларға гемоглобин концентрациясы, қанның ақ түйіршіктері мен
қызыл түйіршіктерінің саны, олардың морфологиялық түрлерінің өзгерістері
сыртқы орта факторларынан өзгеру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан келесі
бөлімде негізгі қан көрсеткіштерін анықтау әдістерін қарастырамыз.
Гемоглобин концентрациясын цианметгемоглобинді фотометрикалық
әдіс арқылы айқындайды. Әдістің негізгі қағидасы мынаған негізделген.
Қанды реактивпен араластырып, гемоглобиннен цианметгемоглобин
(тұрақты қосылысын) жасайды. Цианметгемоглобин концентрациясын
фотометрикалық әдіс арқылы анықтайды. Реактив ретінде Дракбин
ерітіндісін (NaHCО
3
— 1 г, KCN—0,05 г, К
3
[Fе (СN)
6
]—0,2- г, дистилденген
су — 1 л дейін) немесе сол сияқты әрекеттесе алатын басқа ерітінділерді де
қолдануға
болады.
Гемоглобин
темірсинергитті
калий
әсерінен
метгемоглобин (гемоглобинге) дейін тотығып, әрі қарай калий цианидімен
әрекеттесіп, цианметгемоглобин (гемоглобинцианидке) айналады. Драбкин
реактивіне көпшілік жағдайға қан 1:250 қатынасында қосылады (0,02 мл қан
мен 5 мл реактив). Гемоглобиннің гемоглобинцианидке айналуына қажетті
20 мин өткен соң, оның экстинкциясын толқын ұзындығы 540 нм,
қалыңдығы 1 см болатын кюветаға қойып, СФ-4 спектрофотометрінде немесе
ФЭК-М сияқты фотоэлектроколориметрлерінде өлшейді. Қан құрамында
гемоглобин концентрациясының төмендеуі (олигохромемия), анемиямен
ауыратындарда (қан жоғалтқанда, темірдің жетіспеушілігінен, B
12
витамині
мен фолий қышқылының жетіспеуінен, эритроцит гемолизінің артуынан т.б.)
себептерден пайда болады. Гемоглобин концентрациясының артуы
(гиперхромемия), эриметрия жағдайында, өкпе-жүрек ауруларымен, туа
біткен жүрек ауруларымен, эритроциттің көбеюімен сипатталады. Қан
қоюланғанда гемоглобин санының артуы мүмкін. Эритроциттер мөлшерін
фотометриялық әдіс арқылы анықтайды. Әдістің қағидасы жарықтың
сіңірілуі фотометрияның өлшеу деңгейіне негізделген, сол арқылы эритроцит
салмағын анықтайды. Түскен жарықтың сіңірілуі мен эритроциттер
конценрациясы тура пропорционалды болады. Ерітінді сұйықтығы ретінде
3,5% мөлшерде натрий хлоридін қолдануға болады. Бұл ерітінді
эритроциттердің оптикалық тығыздығын арттырып, ұзақ (2 тәулікке дейін)
сақталуына мүмкіндік береді. Қан араласқан ерітіндіні 1:500, 1:700
қатынасында (0,02—0,01 мл қанмен сәйкесінше 10,0—7 мл 3,5% натрий
хлорид ерітіндісін) қосып жасайды. Қосылысты жақсылап араластырады.
|