Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
14 Дәріс.
Дәріс тақырыбы Биотесттеудің негізгі әдістері
Мақсаты:
Білім алушыларға биот естеудің негізгі әдістері туралы
білім беру.
Биотест әдіснамасында ағзаларды зерттеуде 5 негізгі тәсіл
қолданылады.
1.
Биохимиялық әдіс.
Ортаның күйзелістік жағдайын биохимиялық
әсер тиімділігімен, ферменттік белсенділік деңгейімен және зат алмасу
материалдармен бағалауға болады. Биохимиялық байланыстардың, негізгі
биохимиялық процестердің (фотосинтездеуші өсімдіктердегі хлорофилл
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
мөлшері) және ДНҚ құрылымы (мысалы оксидантты күйзелісте) организм
күйзеліс әсеріндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Әрбір физиологиялық процесс энергия жұмсалуын қажет етеді,
сондықтан кез-келген физиологиялық жағдайдағы өзгеріс энергия
алмасуында көрінеді. Тірі ағзалардың биоэнергетикалық көрсеткіштері
қоршаған ортаның күйзелістік әсерін көрсетеді.
Физиологиялық процеске қажетті организм энергиясы энергия
алмасудың белсенділігін сипаттайды. Қандай да бір физиологиялық
процесстің іске асуы үшін көп мөлшерде энергия қажет.
Биотесттердің күйзелістік әсері қадағалаумен салыстырғанда бос
радикалдар деңгейінің өзгеруімен өлшенуі мүмкін.
Токсиндік әсер көлемі ластанушы затпен тікелей байланыспауы
мүмкін. Ол көптеген факторларға: судың қаттылығына, белсенді әсерге (рН),
оттегі мөлшері, құрылымдық заттар көлемі, кейбір токсиндердің жай немесе
күрделі әсер етуі жатады.
Токсиндік заттар ағзадағы биохимиялық реакцияларға әсерін тигізеді,
олардың басқа жүйелермен болатын қызметтерін бұзады. Токсиндік әсерге
жауап ретінде көпжасушалы организмдер күйзеліспен жауап береді, ол
организмнің қорғаныш күштерін оятады және ағза соған бейімделеді. Егер
оны жасау мүмкін болмаса, онда күйзеліс ешбір нәтижеге әкелмей, тек қана
көбейеді. Нәтижесінде ағза өзінің ресурстарын жоғалтады және өледі.
Күйзелістің бастапқы деңгейлерінде ағза нормадан артық энергия жұмсайды.
Тыныс алу жиілейді, жүрек тез соғады, қажетті заттар белсенді түрде
қортылады.
Организмге токсиндік әрекеттердің белгілері ретінде спецификалық
(белгілі бір органдардың бұзылуымен немесе биохимиялық жүйенің
өзгеруімен байланысты) және арнайы емес (күйзелістік) компонент деп
бөледі. Биотестілеудің басты мәселесі - ағзаның тіршілік ету аумағындағы
токсин деңгейін анықтау болып табылады және күйзеліс әсерінің белсенділігі
биотестте маңызды ролді ойнауы қажет. Сонда да кейбір арнайы
жағдайларда тест-ағзаның құрамында қандайда бір ластауыштардың
болатындығын мойындау қажет.
2.
Генетикалық әдіс.
Генетикалық өзгерістердің пайда болуы
ортаның мутагенді белсенділігін сипаттайды, ал генетикалық өзгерістердің
сақталуы популяциядағы ағзалардың иммундық жүйе белсенділігін
көрсетеді.
Көптеген генетикалық өзгерістер жасуша арқылы білінеді, мысалы ішкі
жасушалық жүйе немесе иммундық жүйе арқылы апоптоз жолымен көрінеді.
Бұл ауытқулардың күрт жоғарылауы күйзеліс индикаторы болып табылады.
Генетикалық өзгерістер гендік, хромосомалық және геномдық деңгейлерде
көрінеді. Мутацияның келесі түрлерін ерекше айта кетуге болады. Гендік
немесе нүктелік - оларды екі топқа бөледі: ДНҚ құрылымының ауысуы және
|