Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет112/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
жақсы  құрал  болып  табылады.  Биологиялық  параметрлерге  өсімдіктердің 
ұзындығы,  олардың  массалық  үлесі  жатады.  Өсімдіктерге  әсер  ететін 
антропогенді  факторлардың  биоиндикациясын  ағаштардың  енін  өлшеу 
арқылы  білуге  болады.  Сондай-ақ  биологиялық  индикатор  ретінде  үлкен 
ағаштардың горизонталды бұтақтардың ұзындығы үлкен роль атқарады. Бұл 
тәсіл биоиндикацияны аз қаржы жұмсау арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. 
Организмдерден кейін де биологиялық тестілеу жүргізерде экожүйедегі 
өзгерістерді  есепке  алған  жөн.  Тәжірибеде  бұл  жұмысты  жасау  қиын  емес. 
Бірақ  даралар  саны,  өмір  сүру  деңгейі,  тыныс  алу  жүйесі,  плазма  және  қан 
құрамы көрсеткіштерін ортаның биологиялық тестілеуінде қолданады. 
Кәсіпорындардың  табиғи  суларына  жүргізілген  мониторингінде  ең 
ыңғайлысы  фитопланктон  және  дафниялар  болды.  Бұл  жағдайда  олар 
тіршілікке  қабілеттілікті  анықтайтын  гидробионттар  болып  отыр.  Су 
қоймалары  биоиндикациясы  үшін  балықтар  өмір  сүретін  жерлерді 
қолданады, онда тест объектісі болып аквариум балықтары және аққайрандар 
табылады. 
Қолданылған  ортада  биологиялық  белсенді  заттардың  құрамы 
биотесттер  мысалында  айқын  көрінеді.  Кейбір  микроағзалар  рибофлавин, 
никотин қышқылын, олардың 10
-7
% деңгейінде анықтауға мүмкіндік береді. 
Фолий қышқылы және басқа да байланыстар 10
-10
% мөлшерінде анықталады. 
Көптеген  ағзалар  химиялық  ластаушыларды  су  және  жердегі  табиғи 
құрамынан  көп  мөлшерде  жинай  алады.  Тест-ағзалардың  осындай  қабілеті 
қоршаған  орта  ластануының  индикаторы  роліне  пайдалы  және  кумулятивті 
биоиндикацияда  кең  қолданылады.  Биотестілеудің  бұл  әдісі  қоршаған 
ортадағы  токсинді  заттардың  миграциясы  процесін  зерттеуде  қолданылады. 
Тест-ағза болып қоршаған ортадағы токсиндерді өзіне көп жинайтын ағзалар 
алынады.  Мысалы  фитопланктон  ауыр  металдар  жинау  жөнінен  10
-2
-10
-4
 
көрсеткіште,  полихлорлы  бифенил  үшін  коэфицент  1,7*10
-5
  мөлшерде 
болады.  Биологиялық  ластану  коэфиценті  табиғи  факторларға  байланысты. 
Беринг теңізіндегі гидробионт үшін бензпирен 2,9*10
-3
, ал Жерорта теңізінде 
5  есе  артық  болады.  Биологиялық  ластану  коэффициентін  білу  қоршаған 
ортаның  биологиялық  және  жаһандық  мониторингі  үшін  өте  тиімді. 
Кадмиймен  ластанған  табиғи  суларды  бағалау  үшін  ондағы  өсімдіктердің 
полихлорлы бифенил мөлшерін, Жерорта теңізінде никель мөлшерін анықтау 
керек.  Жердегі  ластануды  анықтауда  орамжапырақтағы  токсин  мөлшерін, 
шыршадағы  галогенид  мөлшерін  анықтайды.  Кадмиймен  ластанған  ортаны 
анықтаудың жақсы индикаторы – жолжелкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет