Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет59/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
орнында  қимылдау  саны,  бір  орында  қимылсыз  тұруы  мен  уринациясы 
сияқты әрекеттер тіркеледі. 
Тәжірибе  барысында  жасалынған  әрбір  акттың  саны,  рет  ұзақтығы 
секундомер  көмегімен  есептелініп,  жазылып  алынады.  «Ашық  алаң»  әдісі 
заманауи  нейрофизиологиялық  тәжірибелерде  қолданылып,  қарапайым  әрі 
сенімді деп есептеледі. Лабораторлық зерттеулерді практикаға енгізу арқылы 
тышқандар  мен  егеуқұйрықтардың  белсенділігін  сандық  тұрғыда 
қарастырып,  негізгі  екі  компоненттері:  вертикалды  —  тұру  және 
горизонталды—локомоция бойынша анықтауға болады. 
Тұру  мен  локомоция  сандарының  қатынасы  әр  дараның  түріне 
байланысты  әртүрлі  болып  келеді.  Бірақ  көп  жағдайда  бір  компонент 
санының  артуы  екіншісінің  кемуіне  алып  келеді.  Бұл  қозғалыс 
элементтерінің  қатынасына  осы  уақытқа  дейін  математикалық  талдау 
жасалынбады,  дегенмен  олардың  әрқайсысын  табиғи  қозғалысқа  келтіретін 
генетикалық тұрпаттар арасындағы стратегиялық байланыс бар, даралардың 
қозғалыстарында  ұқсастықтар  жасауы,  дене  құрылыстарының  бірдей 
болуында жатыр               
Жануарларды  алаңның  ортасына  орналастырып,олардың  тұруы  қалпы 
мен  локомациясын  көзбен  көру  арқылы  есте  сақтап,  2-мин  ішінде  тіркейді. 
Вертикалды  және  горизонталды  қозғалыстар  арасындағы  байланысты 
корреляция  қатынасының  көлеміне  қарап  бағалайды.  Тәжірибе  барысында 
әрбір  акт  санын,  оның  ұзақтығын  секунд  бойынша  тіркеп  жазады.  Бір 
мезгілді  талдау:  а)  жиілік  саны  мен  б)  акт  ұзақтығына  жасалады. 
Кемірушілердің  күйзелістік  жағдайда  акт  жасауы  қалыпты  жағдайда  акт 
жасауымен салыстырғанда ұзағырақ болып келеді. 
Жаңа  ортаға  «Ашық  алаңға»  түскен  жануарлар  өздерін  мазасыздық, 
үрей  сияқты  жағымсыз  эмоциялық  күйде  болады.  Бағытталған  зерттеулер 
әрбір  қоршаған  ортада  жасалуы  мүмкін  болатын  арнайы  қозғалыстарды 
бақылайды.  Мысалы:  горизонталды  және  вертикалды  қозғалыстар,  иіскеу 
тән.  Кемірушілердің  жиі  жасайтын  әдеттерінің  бірі  груминг,  яғни  организм 
үшін  маңызды  функция-  терісі  мен  жүнін  тазарту,  термореттеу,  химиялық 
заттарды бөлу т.б. Кемірушілер грумингты тек биологиялық функция ретінде 
ғана  емес,  сонымен  қатар  табиғи  жағдайда  жасалуы  керек  рәсім  ретінде 
белгілі бір реттілік бойынша жасайды. 
Груминг  -  жуыну,  есінеу,  керілу  сияты  жануарларға  қолайлы  жағдай 
туғызатын әдеттік қозғалыстарының бірі  Бір жағынан тек кемірушілер ғана 
күйзелістік жағдайда груминг жасайды. Оның негізгі белгісі ретінде қарауға 
болады             .  
Мысалы,  қатты  күйзеліс  кемірушілердің  ойлану  мен  қозғалу 
белсенділігін  төмендетеді                          .  Жануарлар  грумингты  шешімі  қиын 
тапсырмаларды  шешуден  бас  тартқанда                          ,  бәсең  дауыс-жарық 
жағдайында  немесе  жаңа  ортаға  келгенде  де  груминг  жасайды                          . 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет