Байланысты: Биоиндикационные методы иследования Умкд
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы
Ұсақ жыртқыш сүтқоректілер ландшафтқа қатерлі антропогендік
жүктемелер (экологиялық уытты заттардың, радионуклидтердің шығарылуы)
әсер еткен кезде экожүйеде жүретін, бұзылулардың қарқынын бағалау үшін
үлгі ретінде жиі пайдаланылады.
Экологиялық апатты аймақтардағы ұсақ сүтқоректілердің барлық
популяциялық параметрлерінің ішінде құрылымның бұзылуының ең сенімді
көрсеткіші жүктілік қызметінің патологиясы (кемтарлық, эмбриондардың
сіңірілуі, имплантацияланған эмбриондар санының аналық жыныс безіндегі
сары денелер санына сәйкес келмеуі) атқарады. Репродуктивтік жүйенің
құрылымының бұзылуының ең қол жетімді және қарапайым критерийі -
эмбриондардың резорбциялануымен байланысты аналық даралар санын
есептеуге болатындығы. Кәдімгі жағдайларда бұл көрсеткіш ұсақ
сүткоректілерде 2-3 %-дан аспайды. Оның айтарлықтай ұлғаюы елеулі
популяциялық ауытқуларды көрсетеді.
Сондай-ақ, ортаның ластануын биоиндикациялау әдісі ұрықтық өлім
әдісі болып есептеледі. Бұл ретте кеміргіштердің әр түрлі түрлері
пайдаланылады. Екі ұрпақтың жүкті аналықтарының есебі алынады. Аналық
бездеріндегі жүктіліктің сары денелерінің саны және жатырдағы ұрықтар
мөлшері анықталады. Олардың айырмасы бойынша жүктіліктің басында –
имплантацияға дейін апат болған, ұрықтар саны анықталады.
Құстарды биоиндикаторлар ретінде пайдалану арқылы ортаның ластану деңгейін бағалау әдістері. Радиоэкологиялық зерттеулер объектісі ретінде құстар қызығушылық
тудырады. Жануарлардың бұл тобы қарқынды метаболизмге ие және дене
салмағының бір бірлігіне тұтынатын азық мөлшері көп болады. Оларда
экологиялық уытты заттардың ішкі органдарда жинақталуы басқа
жануарларға қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда біршама жоғары
екендігі байқалады. Құстар – кальциефорлар, бұл радионуклидтермен
ластанған экожүйені бақылау кезінде өте маңызды. Көбіне, адам
қоныстанбаған, «лас» биотоптар құстар үшін тартымды болады, сол кезде
құстар экологиялық уытты заттардың биогендік миграциялану үдерісіне
қосылады. Осының барлығы экожүйелер мен радиоэкология объектілерінің
радиоактивті ластануының биоиндикаторы ретінде құстарды пайдалану
арқылы мониторинг бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жағдай тудырады
.
Басқа жануарлардағы сияқты құстарда да, радиоактивті заттардың
елеулі үлесі ағзаға қоректену арқылы түседі. Ағзаларда радионуклидтердің
жинақталуы кезінде осы түр енген, қоректену тізбегінің, құстардың
радиоактивті аумақта болу уақытының, жасының, зат алмасу ерекшелігінің
маңызы зор. Радиоэкологияның ең танымал объектілері болып саналатындар:
торғай тәрізділер түрлері, суда жүзетіндер, су маңындағылар және жыртқыш
құстар.