Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет65/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
 
Ластаушыларды  анықтауда  жиі  қолданылатын  тест-обьект  бір 
клеткалы  жасыл  хлорелла  болып  табылады.  Агроценоздың  ластануын 
экспресс анализі үшін оның артықшылығы тіршілік цикілінің қысқалығы мен 
пигменттік  секторлеу,  жасуша  споруляциясының  бұзылуы  мен  летальді 
жағдай секілді көрсеткіштерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.  
 
Тірі ағзалардың саны және оның фитомассаның динамикасын бағалауға 
негізделген  әдіс,  ең  аяғында  токсиканттардың  тіршілік  ұзақтығы  мен  тест-
жүйенің  өнімділігіне  әсері  туралы  мәлімет  береді.  Гербицидтардың 
фитотоксиндігін  альгологиялық  бағалау  әдісі  (қағаз  «дискілер»  әдісі)  бар. 
 
Биологиялық  тестілеудің  көптеген  әдістері  көзбе-көз  бағалауға 
негізделген.  Бұл  мақсатта  жасыл  және  диатомды  балдырлар  қолайлы. 
Токсиканттар  әсерінен  балдырлардың  жасыл  массасы,  алдымен,  түсін 
өзгертіп,  қою-қоңыр  түске  ие  болады  не  тіптен  түссізденеді.  Кейбір 
токсиканттар түстің көзге көрінетін өзгерісн тудырмайды, алайда балдырлар 
тургор қысымын жойып, тез жарақаттанады.  
 
Ластаушылар  әсерін  саныдық  тіркеудің  әдістері  бар,  мысалы, 
плазмолиз. Өлі клеткалар санын табу үшін витальді бояу әдісі қолданылады. 
Тірі  клеткалар  протоплазмаға  органикалық  затардың  енуін  шектеп,  кейін 
түрлі  бояғыштар  ертіндісіне  орналастырғанда,  боялмайды.  Өлі  клеткаларға 
бояу еркін енеді, соның нәтижесінде өлі клеткалар санын анықтау мүмкіндігі 
туындайды.  
 
Ағзаның  қандай  да  болмасын  өзгерісін  көрсететін  тесттер 
протоплазманың  қозғалысы  жылдамдығына  негізделеді  және  ол  көптеген 
ағзаларда айналым жасауға қабілетті (циклозис). Протоплазма қозғалысының 
баяулауы  немесе  тіптен  тоқтауы  жасушалары  ұзынша  келген  өсімдіктерде 
айқын  байқалады,  мысалы,  хара  балдырлары  (Charophita)  және  элодея 
(Elodea).  
 
Ауыр  металдармен ластанған  топырақты  тестілеу  үшін  балдырлардың 
бірлік  аудандағы  биологиялық  түрлілігін  есептеу  тестісі  қолданылады. 
Топырақ  аздап  ластанғанда  –ақ  алғашқы  болып  жасыл  балдырлар 
қауымдастығы  жойылады.  Сары-жасыл  балдырлар,  әсіресе  бірклеткалылар 
тазалықтың белгісі. Олардың жойылуы ластану сигналы болып табылады.  
Мүктерге биотест өткізу 
 
Хлорофилл  флюросценциясының  индукциясы  әдісі  бірнеше  қатар 
өсімдіктердің  қоршаған  орта  өзгерісі  жағдайында  фотосинтездік  аппарат 
белсенділігін  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Хлорофиллдің  бұл  қасиеті 
полютант әсерінен туындаған бұзылу индикаторы ретінде қолдануға болады. 
Зерттеуге  ыңғайлы  обьект  ретінде  жапырақты  мүк  (Mnium  hotnum  L.) 
қолданылады,  себебі  оның  гаметофитінің  бір  қабатты  құрылымы  жақсы 
көрінеді.  Осы  әдіс  негізінде  судың  ауыр  металдармен  ластануын  жоғары 
сатыдағы өсімдіктер – кіші ряска (Lemna minor L.) көмегімен анықтау әдісін 
жасақтауға негіз болды.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет