Негізгі газдардың
атауы
Құрамы
Салыстырмалы
молекулалық масса,
кг/моль
Азот
78,09
28
Оттегі
20,95
32
Аргон
0,93
39
Көмірқышқыл газы
0,03
44
Неон
1,8*10
-3
20
Гелий
5,2*10
-4
4
Криптон
1,0*10
-4
83
Ксенон
8,0*10
-6
131
Сутегі
5,0*10
-5
2
Озон
1,0*10
-6
48
Атмосфера ластануының негізгі ингредиенттері көміртегі оксидтері,
азот және күкірт оксидтері, көмірсутектер және қатты бөлшектер. Ауа
бассейніне шығарылған ластаушы заттар газдар мен аэрозольдер түрінде
тартылыс күшінің әсерінен жерге қонады (ірі дисперсті аэрозольдер); тұнба
бөлшектерімен физикалық әрекеттесіп, литосфера мен гидросфераға түсуі
мүмкін; сәйкес заттардың биосфералық айналымына қосылуы мүмкін; өзінің
агрегаттық күйін өзгертуі (конденсациялану, булану, кристаллдану) немесе
ауаның басқа да компоненттерімен химиялық әрекеттесуі мүмкін;
атмосферада ұзақ уақыт сақталып, тропосфера мен стратосфераның әр түрлі
қабаттарына еніп, планетамыздың әр түрлі географиялық облыстарына
таратылуы немесе трансформациялануы мүмкін.
Антропогендік әсер нәтижесінде атмосфераның жерге жақын
қабатындағы жергілікті және аймақтық газдалу, ластаушылардың өте үлкен
қашықтықтарға трансшекаралық тасымалы, парниктік эффект және озон
қабатының бұзылуы сияқты әр түрлі ғаламдық әсерлер табиғаттың өздігінен
тазалану процестерінің нәтижесі ретінде лито- және гидросфераның
ластануы жүреді.
Атмосфераның сапасы
деп физикалық, химиялық, биологиялық
факторлардың адамға, өсімдіктер мен жануарларға, әр түрлі материалдар мен
конструкцияларға және тұтас қоршаған ортаға әсер дәрежесін анықтайтын
барлық қасиеттерінің жиынтығын атаймыз.
Атмосфераның ластануы
деп оған бөгде қоспалардың енуін немесе
ауаның табиғи құрамының ингридиенттері арасындағы қатынастың өзгеруін
атайды. Атмосфераның жаңадан пайда болған заттармен, қосылыстармен
ластануы өте маңызды.
|