Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Қыналарға биотест өткізу 
Қыналар  ауаның  ластануының  сенімді  индикаторы  болып  табылады  және 
биоиндиация мақсатында жиі қолданылады. Негізі қасиеті қыналардың және 
олардың  топтарының  атмосфераның  ластануына  тұрақтылығының  аздығы 
келесі жағдайларға байланысты: 
1.
 
қыналардың  балдырлық  кешенінің  жоғары  сезімталдылығы,  пигменттердің 
ластаушы әсерінен тез бұзылуы; 
2.
 
қорғаныштық  жабынының  болмауы  және  осыған  байланысты  қына 
қабаттарының газдарды еш кедергісіз сіңіруі; 
3.
 
субстрат  қышқылдығына  жоғары  талап  қою,  оның  өзгеруінен  қыналардың 
тіршілігінің жойылуы. 
Индикаторды  қолдану  барысында  ластаушыға  нақты  түрдің 
тұрақтылығы  шкаласын  қолдану  қажет.  Қыналардың  полютанттарға 
реакциясы  шкаласын  С.Б.Криворотов  жасақтаған  және  осы  ағзаларды  127 
түрін 4 типке біріктіреді: 
1 тип – ластануға тұрақты қыналар (25); 
2 тип – атмосфералық ластану әсеріне сезімтал түрлер (42); 
3 тип – ластануға өте сезімтал түрлер (23); 
4 тип – ластануды көтере алмайтын түрлер (37). 
 
Лихенодиагностика  территорияны  атмосфералық  ауаның  ластану 
деңгейі 
бойынша 
картографиялауға 
мүмкіндік 
береді. 
Алайда, 
лихеноиндикация  мүмкіндіктері  сезімтал  ағзалармен  шектеулі,  себебі 
көптеген түрлер атмосферадан ластаушының жинақтап, созылмалы әсерінен 
аздаған концентрацияда тіршілігін жояды.  
 
Лаборатория  жағдайында,  егер  қыналар  белгілі  бір  ылғалдылық, 
температура  және  ластаушы  концентрациясы  жағдайында  орналастырса, 
онда биотесттің зақымдану деңгейін құрылымының өзгерісі: көзбе-көз (түсі, 
морфологиясы,  диаспоралардың  пайда  болуы)  және  микроскоп  көмегімен 
(балдыр  қабатының  тіршілік  қабілеттлігі)  арқылы  біле  аламыз. 
Флюросценттік  микроскопия  фотобионт  клеткасындағы  хлорофилдің 
бұзылуын  анықтаса,  электронлық  микроскопия  балдыр  және  саңырауқұлақ 
жасушаларының  ультрақұрылымдық  өзгерісін,  мысалы,  цитоплазма 
тығыздығының жоғарлауы және органеллалардың бұзылуын тіркейді.  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет