Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  Д.И.  Менделеев  кестесінің  90 
элементі  өндіріс  орнында  қолданылатынын  және  олардың  негізінде  600-ден 
астам  химиялық  қосылыстардың  алынғанын  және  олардың  10%-нан  көбісі 
зиянды және өте зиянды екенін атап көрсетеді. 
Антропогендік  ластану  қоспалардың  көп  түрлілігімен  және  олардың 
шығарылымдарының санының көптігімен ерекшеленеді. Қазір әр 10-12 жыл 
ішінде  дүниежүзілік  өнеркәсіптік  өндірістер  2  есе  көбейетіні  және  олар 
шығаратын ластағыш заттардың көлемі де осылай өзгеретіні белгілі. 
Бірқатар ластанушылардың өсу темпі орташа ластану темпінен жоғары. 
Ондай  ластаушыларға  ауыр  және  сирек  металлдар,  синтетикалық 
қосылыстар,  табиғатта  түзілмейтін  және  кездеспейтін  қосылыстар, 
радиоактивтік,  бактериологиялық  және  басқа  ластаушылар  жатады. 
Қосылыстар атмосфераға газдар, булар, сұйық және қатты бөлшектер ретінде 
енеді.  Газдар  мен  булар  ауамен  қосылып  қоспалар  түзеді.  Ал  сұйық  және 
қатты  бөлшектер  аэрозольдер  түзеді.  Оларды  шаңдар,  түтін  мен  тұман  деп 
бөледі.  Аэрозольдер  полидисперсті  болып  табылады  және  әр  түрлі 
мөлшердегі бөлшектерден тұрады. 
Атмосфераны ластаушы химиялық қосылыстарға: 
1)
 
CO
  –  угар  газы  деп  аталатын  түссіз,  иіссіз  газ.  Бұл  газ  отын 
ретінде  пайдаланылатын  қазба  байлықтарының  жануы  толық  жүрмегенде, 
оттегі  жеткіліксіздігі  жағдайында,  температура  төмен  болған  жағдайда 
түзіледі.  65%  шығарылым  транспортқа,  21%-тұрмыстық  секторға,  14% 
өнеркәсіп орындарына келеді. 
2)
 
CO
2
 
– қышқылдау иісі және дәмі бар түссіз газ. Көмірcутектерінің 
толық жану өнімі. Парниктік газдардың бірі болып есептеледі. 
3)
 
SO
2
 
– өткір иісті түссіз газ. Құрамында күкірт бар пайдалы қазба 
жануы  нәтижесінде,  әсіресе  көмір  жануында  пайда  болады  және  күкіртті 
рудаларды  өңдеу  кезінде  түзіледі.  Негізінен  қышқылдық  жаңбырлардың 
пайда  болуына  әсер  етеді.  Күкірттің  дүниежүзілік  шығарылу  мөлшері  190 
млн. т. 
4)
 
NO
x
 
–  барлық  жану  түрінде  азот  оксидтері  түзіледі,  көбіне  азот 
монооксиді. Азот оксиді азот диоксидіне дейін тез тотығады. Ал ол қызғылт 
түсті жағымсыз иісті, адамның кілегей қабатына күшті әсер ететін газ. Жану 
температурасы  жоғары  болған  сайын  азот  оксидтерінің  түзілуі  күштірек 
жүреді. Жаз мерзімінде күн сәулеленуі 12-14 сағат көп болған жағдайда суда 
ерігіштігі 
жоғарылауына 
байланысты 
және 
дымқыл 
беткейлерде 
сорбциялануына  байланысты  азот  қышқылы  жер  беткейіне  тез  түседі. 
Қалаларда  азот  оксидінің  жоғары  концентрациясы  әдетте  фотохимиялық 
процестің  алдында  таңғы  уақытта  пайда  болады.  Күн  сәулесі  әсерінен  азот 
оксидтері  жанбаған  бензин  буларымен  және  басқа  да  көмірсутектерімен 
реакцияға түсіп, төмен атмосфералық озон немесе смог – қызыл-қоңыр түсті 
түтін түзеді.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет