Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет72/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

С
1
/ШРК
1
 + С
2
/ШРК

+… + С
n
/ШРК

≤ 1 
C – зат концентрациясы 
Әсер суммациясы бар заттар: 
1.
 
SO

және күкірттқышқылы аэрозолі; 
2.
 
SO

және күкіртсутек; 
3.
 
SO

және азот диоксиді; 
4.
 
SO

және фенол; 
5.
 
SO
2
 және SO
3
, аммиак және азот монооксиді; 
6.
 
SO

және FH; 
7.
 
SO

және күкіртоксиді, фенол және конвертер өндірісінің шаңы. 
2-кесте.  
Елді-мекендердің атмосфералық ауасының шекті рауалы 
концентрациясы 
 
Зат 
ШРК, мг/м
3
 
Заттың 
қауіптілік класы 
Максималды 1 
реттік 
Орташа 
тәуліктік 
Азот диоксиді 
0,085 
0,04 

Күкірт диоксиді 
0,5 
0,05 

Көміртегі оксиді 
5,0 
3,0 

Шаң 
0,5 
0,15 

Аммиак 
0,2 
0,04 

Күкірт қышқылы 
0,3 
0,1 

Фенол 
0,01 
0,003 

Металл сынап 

0,0003 

 
Өнеркәсіптік  және  ауыл  шаруашылық  өндірісі  адамдардың 
денсаулығына және биосфераның жағдайына теріс ықпалының күннен күнге 
үдеп  келе  жатқан  қатері,  тұтастай  алғанда,  қоршаған  ортаның  жекелеген 
объектілерінің,  сол  сияқты  бүкіл  биосфераның  жағдайын  сақтандыру, 
бақылау және болжау жүйесін құруға алып келді. Табиғи ортаның жағдайын 


 
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
бақылау  және  талдаудың  мұндай  ақпараттық  жүйесі,  ең  бірінші  кезекте  – 
ластану деңгейлерін және биосферадағы олар тудыратын әсерлерді бақылау 
мониторинг  деген  атқа  ие  болды.  Мониторинг  жүйесінде  үш  деңгейді 
ажыратады:  санитарлық-токсикологиялық,  экологиялық  және  биосфералық. 
Қазіргі уақытта санитарлық-токсикологиялық мониторинг жүйесі азды-көпті 
дамыған.  Оған  қоршаған  ортаның  жағдайын,  табиғи  объектілердің  зиянды 
заттармен  ластану  дәрежесін,  ластандырушылардың  адамға,  жануарларға 
және өсімдіктер әлеміне әсерін бақылау кіреді.  
Қоршаған  ортаның  маңызды  объектілерінің  бірі  атмосфералық  ауа 
болып  есептеледі.  Биосфераның  тұрақтылығы  ауа  тазалығына  байланысты 
болады.  Ауаның  ластануы  адамдарға,  өсімдіктерге,  жануарларға, 
құрылыстарға,  жабдықтарға  және  әр  түрлі  материалдарға  теріс  әсерін 
тигізеді.  
Ауа  атмосфераны  құрайтын  физикалық  газдар  қоспасынан  тұрады. 
Ауаның  құрамында  атмосфераның  тұрақты  құрамдас  бөліктері,  сондай-ақ 
шығу  тегі  табиғи  және  антропогендік  әр  түрлі  қоспалар  мөлшері  болады. 
Табиғи жағдайларда ауада құрамы қатты ауытқып отыратын, су буы әрқашан 
болады.  Ауаның  тұрақты  құрамдас  бөліктерінің  арасында  анаэробты 
микроағзалардың  кейбір  түрлерін  қоспағанда,  бүкіл  тірі  тіршіліктің  тыныс 
алуы үшін қажетті, оттегінің маңызы өте зор. Ауаның басым құрамдас бөлігі 
азот  болып  есептеледі,  өйткені  ол  ақуыздар  мен  басқа  да  органикалық  азот 
қосындыларының  құрамына  кірген және  Жер  бетіндегі  тіршіліктің барлығы 
сонымен  байланысты  болады.  Азот  инертті  газдарға  жатады,  ол  оттегінің 
сұйылтқышы рөлін атқарады, өйткені таза оттегімен өмір сүру  мүмкін емес. 
Басқа да инертті газдар (аргон, неон, гелий, криптон, ксенон) адамға әсер ету 
сипаты бойынша азотқа ұқсас . 
Көмірқышқыл  газы  органикалық  заттар  көміртегінің  көзі  болып 
есептеледі.  Ол  атмосфераға  тыныс  алу,  ашу,  шіру  үдерістері  кезінде  және 
органикалық  заттар  тотыққан,  олар  ыдыраған,  жанғыш  пайдалы  қазбалар 
жанған кезде түседі.  
Басқа  тұрақты  газдардың  ішінен  озон  қызығушылық  тудырады.  Ол 
фотохимиялық реакциялардың аралық өнімі болып есептеледі, сондықтан да 
оның заманауи қалалар ауасынан табылуы атмосфераның ластану көрсеткіші 
ретінде  қарастырылады.  Сонымен  қатар  озон  атмосфераның  жоғарғы 
қабатында  Жерді  зиянды  ультракүлгін  сәулелерден  қорғайтын  экран  түзеді. 
Аталған  газдардан  басқа,  ауаның  құрамында  сұйық  және  қатты 
аэрозольдердан  құралған  қалқымалы  заттар  болады.  Атмосфералық  ауаның 
тұрақты  құрамдас  бөлігіне  әр  түрлі  газдар,  булар,  табиғи  үдерістердің 
нәтижесінде  пайда  болатын,  заттардың  қалқымалы  бөлшектері,  адамның  іс-
әрекеті,  сондай-ақ  атмосферадағы  әр  түрлі  қосылыстардың  өзара  әсер 
реакциялары жатады.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет