Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет75/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
ластанған аудандарды экспозициялау үшін ыңғайлы.  
Жер үсті экожүйесінде биоиндикациялау үшін лихенофлораны зерттеу 
деректерін жиі пайдаланады, өйткені қыналар қоршаған ортаның кез-келген 
ластануының  өте  сезімтал  индикаторлары  болып  есептеледі.  Қыналардың 
көмегімен  ауа  сапасын  анықтау  шарасы  лихеноиндикациялау  деп  аталады. 
Қыналардың аздаған тұрақтылығына және олардың атмосфералық ластануға 
топтасуына негіз болатын, басты себептер мыналар: 
1.  пигменттері  ластандырушылардың  ықпалымен  жылдам  бұзылатын 
қыналардың балдырлық құрамының жоғары сезімталдығы;  
2.  қорғаныш  жабынының  болмауы  және  сол  себепті  қына 
қабаттарының газдарды кедергісіз сіңіруі; 
3.  субстраттың  өзгеруінің  белгіленген  шектен  жоғары  болуы 
қыналардың  өліп  қалуына  әкелетіндіктен,  оның  қышқылдығына  қойылатын 
қатаң талаптар       
Осы  симбиотикалық  ағзаларды Жер бетінде кем дегенде 200  миллион 
жыл  бұрын  пайда  болған  деп  жорамалдайды.  Тек  бір  нәрсені  нақты  айтуға 
болады:  олар  еркін  тіршілік  ететін  балдырлар  мен  саңырауқұлақтарға 
қарағанда, кешірек пайда болған.  
Қоршаған  ортаға  антропогендік  ықпал  жоғары  болғанда,  және 
адамдардың  денсаулығына  әсер  ете  бастағанда,  қоршаған  ортаның,  әсіресе 
ауа  сапасының  биоиндикаторы  ретінде  қыналарға  барлық  жерде 
қызығушылық пайда бола бастады, өйткені бұл ағзалар тіршілікке қажеттінің 
барлығын аэральды жолмен алады.  
Қыналар  әдетте  тіршілік  нышаны  жоқ  жерге  бірінші  болып 
қоныстанады, баяу өседі, жылына 1-8мм, есесіне әдетте 80 жылға дейін өмір 
сүреді.  
Қыналар–қабаттары 
саңырауқұлақтардан 
(микобионт) 
және 
балдырлардан  (фитобионт)  түзілген,  көпшілік  жағдайларда  алғашқысы 
басым болатын, өзгеше симбиотикалық ағзалар. Қыналардың қабаттары және 
жемісті  денелері  өзінің  табиғаты  бойынша  саңырауқұлақтық  болғандықтан, 
заманауи  жіктеуші  бұл  топты  лихенді  саңырауқұлақтар  ретінде 
саңырауқұлақтар патшалығының жалпы жүйесінде қарастырады               
Қазіргі уақытта қыналардың 25 мыңға дейінгі түрлері бар. Ал жүз жыл 
бұрын қыналар жұмбақ болатын, әрі 1867 жылғы Симон Швендердің соларға 
қатысты  жаңалығы  сол  уақыттағы  ең  қызықты  жаңалықтардың  бірі  ретінде 
бағаланған.  Ол  уақытта  қыналарды  мүктер,  балдырлар  және  тіпті 
«табиғаттағы  ретсіздік»  және  «өсімдіктердің  жұтаңдығы»  деп  те  атаған 
болатын.  Қыналардың  екі  жақты  табиғатын  ХХ  ғасырдың  60-шы 
жылдарында неміс ғалымы Швендер анықтаған. 1867 жылы орыс ғалымдары 
Фамицын  және  Баранецкий  қынаның  талломынан  балдырлар  жасушасын 
бөліп шығарды               


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет