Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет78/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Ластану  көзіне  жақындаған  сайын  қыналардың  қабаттары  жуандап, 
тығыздала  бастайды  және  жемісті денесін  мүлдем  жоғалтады деуге  болады. 
Атмосфераның  одан  әрі  ластануының  нәтижесінде  қыналардың  қалақшасы 
ақшыл,  қоңырқай  немесе  күлгін  түске  боялады,  олардың  талломдары 
бырысып қалады және өсімдік өледі.  
Сулы  ерітінділер  түріндегі  минералды  заттар  қынаның  қабаттарына 
топырақтан,  тау  жыныстарынан,  ағаш  қабықтарынан  (соңғысының  рөлі 
дәлелденбеген  болса  да)  келеді.  Алайда,  көптеген  химиялық  элементтерді 
қыналар атмосфералық жауын-шашындар мен тозаңнан алады. Элементтерді 
жаңбыр 
суынан 
сіңіру 
өте 
жылдам 
жүреді 
және 
олардың 
концентрациялануымен  ілесе  жүреді.  Ауада  металл  қосылыстарының 
концентрациясы  жоғарылаған  кезде  қынаның  қабаттарындағы  олардың 
құрамы  күрт  өседі,  және  де  металдарды  жинақтауда  олар  талшықты 
өсімдіктерден  де  жақсы.  Жауын-шашын  ағаштың  ұшар  басының  бойымен 
өтіп және діңінен ағатын, ормандардағы қыналар ашық жердегіге қарағанда, 
минералды  және  органикалық  заттарға  өте  бай  болады.  Минералды  және 
органикалық  заттар  ағаштардың  діңдерінде  өсетін,  эпифитті  қыналардың 
денесіне  өте  көп  түседі.  Бұл  өсімдіктер  30-дан  аса  элементтердің 
атмосферада  таралуын  бақылау  үшін  пайдаланылады,  олар:  литий,  натрий, 
калий,  магний,  кальций,  стронций,  алюминий,  титан,  ванадий,  хром, 
марганец,  темір,  никель,  мыс,  мырыш,  галлий,  кадмий,  қорғасын,  сынап, 
иттрий, уран, фтор, йод, күкірт, мышьяк, селен                
Елді  мекендердегі  және  ірі  өнеркәсіптік  объектілердің  жанындағы 
қыналар флорасын зерттеу қоршаған орта жағдайының қыналардың дамуына 
елеулі  ықпалын  тигізетіндігін  көрсетеді.  Олардың  түрлік  құрамына  және 
кездесуіне қарай ауаның ластану дәрежесі жайлы айтуға болады.  
Қыналар  күкірттің  қос  тотығын  өте  күшті  сезінеді.  Күкірттің  қос 
тотығының  0,5  мг/м
3
  концентрациясы  қыналардың  барлық  түрлері  үшін 
зиянды.  SO
2
  орташа  концентрациясы  0,3  мг/м
3
  артық  болатын  аумақтарда 
қыналар 
мүлдем 
болмайды. 
Күкірттің 
қос 
тотығының 
орташа 
концентрациясы  0,3-  0,05-ке  дейінгі  аралықта  болатын  аудандарда  ластану 
көзінен алынуына қарай алдымен қаспақты, одан кейін жапырақты (фисция, 
леканора,  ксантория)  қыналар  пайда  болады.  Күкірттің  қос  тотығының 
концентрациясы  0,05  мг/м
3
  кем  болған  кезде  бұталы  (уснея,  алектория, 
анаптихия)  және  кейбір  жапырақты  қыналар  (лобария,  пармелия)  пайда 
болады .  
Сонымен,  қыналардың  кездесуі  бойынша  атмосфераның  ластануын 
бағалау әдісі келесі заңдылықтарға негізделген:  
1.  қаланың  ауасы  неғұрлым  күштірек  ластанған  сайын,  онда 
қыналардың  түрлері  солғұрлым  аз  кездесетін  болады  (ондаған  түр  орнына 
бір-екі түр болуы мүмкін); 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет