Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
бейтараптандыратын, кейбір қыналық заттардың болуы да үлкен рөл
атқарады. Ауа ластанған кезде эпифитті қыналардың жойылып кетуі
біртіндеп жүреді және зиянды заттардың концентрациясына, сондай-ақ олар
өсетін, субстраттың ерекшелігіне байланысты болады, бірақ қыналардың
жануарлар әлемінде де жаулары бар. Мысалы, оларға шырышты ұлу, ұлу
және кейбір жәндіктер үлкен зиян келтіреді. Эпифитті қыналардың өсуіне
әсер ететін, факторлардың бірі – қабықтың табиғи қышқылдығы болып
есептеледі. Ағашты өсімдіктердің қабығының pH мәні әр түрлі және олар
шартты түрде келесі көрсеткіштер бойынша үш топқа бөлінеді:
1) қабықтары қышқыл ағаштар – қарағай, шырша, балқарағай,
самырсын, қайың (pH = 3,4 - 3,7);
2) қабықтарының қышқылдығы шамалы ағаштар – емен, шынар, қара
ағаш, талдың әр түрлі түрлері (pH = 4,1 - 5,1);
3) қабықтары субнейтральды немесе нейтральды ағаштар – теректің әр
түрлі түрлері, шегіршін, жөке, көктерек, шаған (pH = 5,3 - 5,9).
Күкірттің қос тотығының концентрациясы ұлғайған кезде қабық
қышқылданады (әсіресе қабықтың үстіңгі жағы), егер ауада цемент шаңы
немесе құрамында әктас бар заттар болатын болса қабық сілтіленеді.
Ауаның тазалығын бағалауды жоғары сатыдағы өсімдіктердің
көмегімен жүргізуге болады. Мысалы, ашық тұқымдылар – атмосфера
тазалығының өте жақсы индикаторлары. Традесканцияның аталық
жіпшелерінің түкшелеріндегі мутацияларды зерттеуге болады. Франция
ғалымдары ауада, ішкі жану қозғалтқыштарымен шығарылатын, көміртегі
тотығы және азот тотықтары ұлғайған кезде, оның аталық жіпшелерінің
көктен қызғылт түске дейін өзгеретіндігін байқаған. Өсімдіктің жеке
дамуындағы бұзылулардың салдары морфологиялық ауытқулардың
(фенодевианттар) кездесу жиілігі, күлтілдек асимметрияның (жетілген
билатеральды және радиалды симметриядан ауытқуы) көрсеткішінің
шамасы, күрделі ұйымдастырылған кешенді құрылымды талдау әдісі
(фрактал-талдау) бойынша да айқындалуы мүмкін. Нормадан кез-келген
ауытқу тек қолайлы жағдай кезінде ең төмен деңгейде болады және кез –
келген күш түсетін ықпал ету кезінде өседі.
Атмосфералық ауаның ластануын биоиндикациялық әдістер бойынша
зерттеу
Атмосфералық ауа күйін бағалау үшін көптеген жылдар бойы кәдімгі
қарағай қолданылады
(Pinus sylvestris L.). Ол тіршілік ортасының техногенез
өнімдерімен ластануына реакция беретін түр болып табылады. Бұл
фитоиндикатор барлық территрияда, құмда да, ылғалды жерлерде де өседі.
Сондықтан ол биоиндикацияның қолайлы индикаторы болып табылады.
Ауада не топырақтағы ластаушы заттарға (Pinus sylvestris L.) реакциясы
арнайы емес және табиғаты түрлі химиялық заттармен қоршаған ортаның
ластануының жалпы деңгейін бейнелейді. Фитоиндикаторға химиялық күшті
|