Байланысты: Биоиндикационные методы иследования Умкд
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы
Мыспен қоршаған ортаның ластануы өсімдіктің өсу жылдамдығына
әсер етіп, ергежейлілікті тудырады. Олардың кейбіреулерінде (көкнәр,
раушангүл) гүл жапырақшасы көкке не қара түске боялады. Ал раушангүлде
гүлдері қалыпсыз жіңішке жапырақты болып келеді. Темекі тұқымының
жетілуі мыс әсерін тоқтайды.
Кейбір бормелия және орхидея тұқымдастарының өкілдері мырышқа
өте сезімтал болады. Жылыжайда мырыш жылыжайдың мырыштанған
құрылғыларынан суға түседі. Табиғи ортада мырыш мөлшері көбейгенде
жапырақ ұштары, өліп, кемшілігі бар формалар жетіледі.
Автокөліктердің газдарының индикаторлары. Смог индикаторы. Озон
индикаторлары
Автокөліктердің газдарының кейбір өсімдіктерге теріс әсері айқын
байқалады. Сондықтан да оларды адам денсаулығына зиянды газдарды
анықтау үшін қолдануға болады. Әсіресе бұл ауа циркуляциясы төмен
аудандарда, туннелдерде анықтау үшін маңызды. Улы заттардың қатерлі
концентрациясын индикациялау мақсатында түрлі өсімдіктері бар ыдыстар
қойылады. Концентрациясы жоғары болған жағдайда, бірнеше қатар
өсімдіктер кеуіп, жапырақтарында хлорофиллдерінен айырылған ашық
үлескілер пайда болады. Бұл жағдай осы аумақтарда желдетудің қажеттілігін
көрсетеді.