Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
болады. Артық массаның шіруі нәтижесінде күкіртсутек және басқа
токсиндік заттар бөлінеді. Бұл су қоймасының зооценозының құруына әкелуі
мүмкін, әрі су ішуге жарамсыз болып қалады. Көптеген планктонды
балдырлар өнуі кезінде токсинді заттар бөледі. Адамның шаруашылық
әрекетінің нәтижесінде судағы балдырлардың көбеюін су қоймаларын
антропогенді эвтрофикациялау деп атайды.
Кез-келген токсикологиялық тәжірибенің мақсаты - ағзада өзгерістер
туғызбайтын әсер етпейтін (немесе зиянсыз, шектік, эффективті емес)
заттардың концентрациясын анықтау. Әртүрлі тест-обьектілермен тәжірибе
жүргізу нәтижесінде (балықтар, омыртқасыздар және т.б.), ең сезімтал ағза
үшін заттың зиянсыз концентрациясын анықтайды, бұл өз кезегінде сол
заттың рұқсат етілген мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест-ағзалар - жоғары сезімтал ағзалар, белгілі бір географиялық
зонада кең тараған, жинауға қол жетімді, ұстауға және лабораторияда
культивациялауға ыңғайлы, жақсы игерілген обьектілер .
Мысалы, су обьектілерінің биоиндикациясы үшін әртүрлі ағзалар
қолданылады - балдырлар, микроағзалар, омыртқасыздар, балықтар. Ең кең
қолданылатын ағзалар - шаян тәрізді фильтраттардың планктонды ювенильді
формалары (juvenile forms of Daphnia magna, Ceriodaphnia affinis).
Биотестілеуді дұрыс ұйымдастырудың басты шарты- генетикалық біртекті
лабораториялық ағзаларды қолдану, олардың сезімталдығын тексереді,
арнайы, келісілген лабораторияларда ұсталады, бұл жағдай зерттеу
нәтижесіне ұқсастық береді, токсинді заттарға максималды сезімталдық.
Биотестілеуде тест-объектінің токсиндерге жауабы ретінде тест-функцияны
қолданады. Тест-функциялардың әртүрлі объектілер үшін биотестілеу
көрсеткіштері:
- инфузория, шаян тәріздестер, былқылдақ денелілердің эмбрионалды
кезеңі, балықтар, бунақденелілер үшін- тест-ағзалардың тірі қалуы немесе
өлуі;
- шаян тәріздестер, балықтар, былқылдақ денелілер үшін - тұқым бере
алуы, ағзаның ерте эмбрионалды кезеңіндегі ауытқулардың пайда болуы,
жұмыртқажасушалардың бөлінуінің синхрондық дәрежесі;
- біржасушалы балдырлар және инфузориялар үшін - жасушалардың
жойылуы, жасушалар санының өзгеруі, жасушалар бөліну коэффициенті,
өсудің орташа жылдамдығы, тәуліктік өсуі;
- өсімдіктер үшін - тұқымдарының өсу энергиясы, алғашқы тамырдың
ұзындығы және т.б.
Әртүрлі химикаттардың алғашқы бағалау тестісі - әдетте, бес тәулікке
дейін жалғасатын өте қарқынды тәжірибелер. Бұндай тәжірибелер қажет,
себебі, бұлар заттың ұзақ уақыт әсері кезіндегі әсердің минималды дозасын
көрсетеді. Осыған байланысты, заттың алғашқы зиянды концентрациясын
|