Байланысты: Биоиндикационные методы иследования Умкд
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы
ұлпалардың цирроздық ұлғаюын байқатып, және бұлар қоршаған ортаны
ластаудағы биоиндикацияның басты әдісі болып табылмақ . Мұндай
ұқсастықтар жерде өмір сүретін омыртқалыларда да бар екендігі анықталып
отыр.
Кез-келген
ағзаның
биологиялық
индикатор
ретінде
өзінің
артықшылықтары мен кемшіліктері болады, олар арқылы осы және өзге де
мәселелерді шешудегі оларды қолдану шегі анықталады. Ағзалардың әр
тобымен жұмыс істеу әдістері және артықшылықтары нақты түрде беріледі
Судағы объектінің экологиялық жағдайының тәжірбиелік мінездемесі барлық
белгілердің санына негізделеді, олардың қатарына жатқызылатындар:
құрылымдық - (түрлік құрамы, саны, биоалуантүрлілік, түрлі экологиялық
валенттіліктің қатынасы және олардың ластануына мінездеме) және судағы
бірлестіктерге
функционалдық
мінездеме
(өнімнің,
деструкцияның
көрсеткіштері т.б).
Экологиялық модификацияның теориясын А.В.Абакумов экожүйедегі
метоболизмнің интенсивті жағдайының шектеулі әдістемелік негізіне
жатқызады. Қоршаған ортаның ластануы шартты түрде метоболизмнің
интенсивтілігінің артуына байланысты – метоболизмдік прогресс, сондай-ақ
төмендеу – метоболизмдік регресс болады. Биоценоздың құрылысындағы үш
түрлі өзгеріспен байланысты, метоболизмдік прогрестің ортақ үш түрлі
бағыты
бар:
құрылымын
күрделендіру
(экологиялық
прогресс);
күрделендіруге және жеңілдетуге апармайтын қайта құру (экологиялық
модуляция); жеңілдетілген (экологиялық регресс). Осыған сәйкес
бірлестіктердегі жағдайларға жасалған талдаудердің негізінде экожүйедегі
жағдайдың мынандай шекарасы белгіленді: сыртқы жағдайы; биоценоздың
түрлілігінің көбеюімен, құрылымның жеңілдеуі мен энтропияның азаюында
көрінетін антропогенді экологиялық қысым; метоболизмдік регресс - барлық
үрдістердің белсенділігінің азаюы мен органикалық заттардың бұзылуы,
алғашқы және екінші өнімділігі, бұл жағдай шартты түрде судағы
объектілердің уытты заттармен ластануынан пайда болады. Осыған орай
судағы бірлестіктердің жағдайына сәйкес су сапасы келесідегідей
бағаланады: таза, аз ластанған, орташа ластанған және ластанған.
Алайда гидробиологиялық талдау жасауда алынған экожүйенің
жағдайына берілген көптеген бағалау әдістері дамымаған. Негізінде
биоценоздың түрлік құрамының санына жататын индекстер мен
көрсеткіштер көбіне субъективті, олар биотоптың бірдей болуы мен жыл
мезгіліне байланысты болады. Сондай-ақ түрлердің түрлі популяциялары
өздерінің полифункциональды деңгейімен ерекшеленеді. Оларды су
қоймалары органикалық заттармен ластанғанда және эвтрофикацияланғанда
қолдану өте қиын: кейбір бірлестіктердің саны артуы мүмкін, ал
кейбіреулерінің саны кемуі мүмкін. Сол себепті қорытындысында
салыстырмалы бағалар берілуі мүмкін, олар кластармен, балдармен,