Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет89/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
құрамын  көрсетеді,  сонымен  қоса,  судағы  қиын  минералданатын  гумусты 
заттарды көрсетеді. Соңғылардың концентрациясы судың түсін анықтайды               
Сутегі  иондарының  концентрациясы  (рН)  судағы  кей  заттардың 
болуымен тығыз байланысты. рН мөлшеріне антропогенді әсер антропогенді 
органикалық  және  минералды  заттардың  ағуымен  байланысты,  сонымен 
қатар, атмосферадан күкірт оксидінің түсуімен де байланысты. 
Ағзалардың  өміршеңдігіне  орта  реакциясы  әсер  етеді,  ол  сутегі 
иондарының  концентрациясымен  анықталады,  сутегі  иондары  судың 
электрлік  диссоциациясы  кезінде  түзіледі.  Орта  реакциясының  сандық  мәні 
мынадай:  рН-  сутегі  көрсеткіші.  Таза  судың  рН=7,  7-ден  кіші  мән  ортаның 
қышқылдығын, 7-ден жоғары мән сілтілігін білдіреді               
Әрбір  ағза  рН-  көрсеткішінің  белгілі  шегінде  өмір  сүреді  және  орта 
реакциясының 
спецификалық 
оптимумына 
ие 
болады. 
Көптеген 
микроағзаларда оптимум рН=6-7, тек кейбіреулері ғана рН 2-ден төмен және 
10-нан  жоғары  болғанда  тіршілік  ете  алады.  Қышқыл  ортада  тез  өнетін 
ағзалар  (pH=5-6)  ацидофильді  деп  аталады.  Сілтілі  ортада  тез  өнетін 
балдырлар үшін оптимум pH=9, олар алкалифильді деп аталады. 
Азот қосылысы - табиғи суларда органикалық емес қосылыстар түрінде 
болады:  аммонийлі,  нитратты,  нитритті  иондар,  ақуызда  және  тіршілік 
өнімдерінде.  Азоттың органикалық  емес  қосылыстары  ағзалардың  тіршілігі, 
әсіресе, автотрофтылар үшін қажет. 
Фосфор  қосылыстары  -  азоттың  қосылыстары  сияқты  органикалық 
және органикалық емес қосылыстар түрінде кездеседі. Суда азот пен фосфор 
қосылыстары жоқ болған жағдайда, ағзалардың тіршілігі үшін қажет. Ондай 
жағдай  судың  интенсивті  фотосинтезі  кезінде  өсімдіктерді  өсімі  тоқтаған 
кезде болуы мүмкін. 
Биотестілеудің  толық  әдістері  гидробионттар  үшін  жасалған,  су 
орталарының  ластану  деңгейін,  ағынды  сулардың  токсиндігін  анықтауға 
мүмкіндік 
береді, 
экспресс 

санитарлық-гигиеналық 
мақсаттағы 
лабораториялық  жағдайда  химиялық  талдау  жүргізу  үшін  және  басқа  да 
міндеттерді орындау үшін қолданылады. 
Токсикологиялық 
биотестілеудің 
мақсаты 
мен 
міндеттеріне 
байланысты тест-обьекті ретінде әртүрлі ағзалар қолданылады: жоғары және 
төменгі  саты  өсімдіктері,  бактериялар,  балдырлар,  сулы  және  құрлық 
омыртқасыздары және т.б. 
Су  қоймасына  уытты  заттар  жинақталғанда,  өндірістік  сулармен  бірге 
фитопланктонның  азаюы  мен  жойылуы  болады.  Су  қоймаларын  биогенді 
заттармен  тыңайтқанда,  фитопланктонның  өнімділігі  жоғарылай  түседі. 
Биогендермен  су  қоймасы  артық  тыңайтылса,  планктондық  балдырлар  өте 
жылдам дамиды, су қоймасы жасыл, көк жасыл, алтын түсті, сұр, не қызғылт 
түстерге  боялады  («судың  гүлденуі»).  «Гүлдену»  балдырлардың  бір  түрінің 
немесе  екі,  үш  түрінің  өркендеуі  үшін  қолайлы  жағдайлар  туындаған  кезде 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет