Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Әрі  қарай  жүргізілген  зерттеулер  қынаның  құрамына  кіретін, 
балдырлардың  өз  бетімен  тіршілік  жасай  алатындығын  көрсетті.  Ал 
саңырауқұлақтарға  келетін  болсақ,  олар  әдетте  тиісті  балдырларсыз  нашар 
дамиды, көбіне тіпті өліп қалады.  
Қынаның денесі ағзаларға сараланбаған қабаттардан тұрады.  
Қыналардың  ішкі  құрылысы  бірдей  емес.  Балдыр  жасушалары 
саңырауқұлақтардың  жіпшелерінің  арасына  (гифтердің)  бүкіл  қабаттың 
бойына  біркелкі  таралған,  кейбір  қаспақты  қыналардың  құрылысы  өте 
қарапайым. Бұл қыналарды гомоемер деп атайды.  
Біршама жоғары деңгейде ұйымдастырылған қыналардың талломында 
әрқайсысы  белгілі  қызмет  атқаратын,  бірнеше  қабат  жасушалары  болады. 
Бұл қыналарды гетеромер деп атайды               
Қыналар  дәмсіз,  ал  кейде  ащы  өсімдік  болғандықтан,  адам  оларды 
тағамға пайдаланбайды.  
Қыналар өздерінің ылғалдылығы құрғақ массаның 2-ден 10%-на дейін 
құраған кезде құрғақ, мүлдем сусыз жағдайда ұзақ уақыттар бойы тіршілікке 
қабілетті, бірақ фотосинтез және тыныс алу үдерісі тек ылғалды қабаттарда 
жүретіндіктен,  арасында  ылғалдандырып  қоюды  қажет  етеді.  Сондықтан 
олар  өлмейді,  тек  алғашқы  ылғандандыруға  дейін  бүкіл  тіршілік  үдерісін 
тоқтатады. Осындай "анабиозға" түскен қыналар күшті күн сәулесіне, күшті 
қыздыруға және салқындатуға төзе алады.  
Қыналардың кешенді табиғаты олардың тек топырақтан емес, сондай-
ақ  ауамен,  атмосфералық  жауын-шашындармен,  шық  және  тұман 
ылғалдарымен,  өз  қабаттарына  қонатын,  тозаң  бөлшектерімен  қоректенуіне 
мүмкіншілік береді.  
Қыналар  суды  бүкіл  денесімен  негізінен  атмосфералық  жауын-
шашындардан,  кейде  су  буларынан  сіңіретін  болғандықтан  қабаттарының 
ылғалдылығы  қоршаған  ортаның  ылғалдылығына  тікелей  байланысты 
болады.  Сондықтан  да,  қыналардың  суды  қабылдауы  жоғары  сатыдағы 
өсімдіктерге  қарағанда,  физиологиялық  емес,  физикалық  заңдар  бойынша 
жүреді.  Қыналардың  қабаттарын  көбіне  сүзгі  қағазбен  салыстыратындығы 
тегін емес . 
Қыналар  салыстырмалы  түрде  алғанда  субстрат  талғамайды,  бірақ 
көптеген түрлерінің талғамдық қабілеті бар және нақты субстратқа (әк тасқа, 
кварцқа, ағаш қабықтарына немесе шірік ағашқа, шыныдан, теріден, темірден 
және  басқаларынан  жасалған,  қозғалыссыз  жатқан  заттарға)  қоныстанады. 
Мекендейтін  субстратқа  байланысты  қыналар  4  негізгі  топқа  бөлінеді: 
топырақ  үсті,  эпифитті  (ағаштарға  және  бұталарға  қоныстанады),  эпилитті 
(тастар  мен  жартастарға  қоныстанады)  және  судағы  қыналар.  Алайда, 
олардың экологиялық сан алуандығы осы топтармен шектелмейді   Эпифитті 
қыналардың  көмегімен  атмосфералық  ауаның  деңгейін  және  динамикасын 
индикациялау  –  биоиндикациялаудың  көптеген  түрлерінің  бірі.  Эпифитті 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет