МҰХАММЕД ИБН УӘСИҒ ӘЛ-ӘЗДИ
Басраның тақуасы, ғұламалар сәні
«Мұхаммед ибн Уәсиғ Әл-Әздидің бір саусағы мен үшін ержүрек мың жас
жауынгер ұстаған мың қылыштан абзал».
(Құтәйбәһ ибн Мүслим)
Һижраның 87 жылы.
Мұсылмандардың кемеңгер қолбасшысы Құтәйбәһ ибн Мүс
-
лим Әл-Бахили қалың қолмен Мәру Руз қала сынан Бұхараға ат
-
танып барады. Оның алға қойған мақсаты – Мәуәроәннәһірдің
қалған жерлерін азат етіп, Қытайға қол салу, оларды тізе бүктіріп,
салық төлету. Бірақ Құтәйбәһ ибн Мүслим Әмудариядан өтер-өт
-
пестен-ақ Бұхара халқы дабыл қағып, шайқасқа сақадай сай тұр
-
ды. Соғды халықтарын жинап, әскерлерін мықтап дайындады.
Сонымен қатар, мұ сыл мандарды тоқтату үшін оларға Түркі және
Қы тай елдерінен көмекке әскерлер қосылды. Әр түрлі ұлттан жи
-
налған, ұстанған діндері де әр түрлі дұшпан әскерінің саны мұсыл
-
ман әскерінен бірнеше есе асып кетті. Сонымен қатар, олар қорға
-
ныс және шабуыл жасау үшін маңызды жерлер мен өткелдерді
бекітіп тастады. Тіптен Құтәйбәһ барлаушы әскерін де ішке кіргізе
алмады. Өзінің ел ішіндегі тыңшылары да хабар әкеле алмады.
Құтәйбәһ әскерімен Бейкент қаласына келіп тоқтады. Не алға
жылжымай, не артқа шегінбей, тоқтаған орнында қатты да қалды.
Жау таң атысымен әр тұстан жасақтарын шығарып, тиіп-қашып
шайқасын жүрді. Қараңғы түскенде қамалдарына қайта оралды.
Осы жағдай екі айдай уақытқа созылды. Өмірі беті қайтпаған
116
Құтәйбәһ осылайша қиындыққа ұрынып, өз-өзіне таң қалды. Алға
жылжу керек пе, әлде, шегіну керек пе?
Құтәйбәһ пен әскерінің жағдайы жайында хабар мұсылман елі
-
не тарап, өмірі жеңіліп көрмеген әскер мен беті қайтпаған ұлығ
қолбасшының тығырыққа тірел генін естіп, олардың жүректері
ауырды. Мұсыл ман елді-мекендеріндегі әкімдерге халықты ұйым-
дас тырып, әрбір намаздан кейін дарияның арғы бетіндегі тағдыры
белгісіз әскер үшін Аллаға жалбарынып, дұға етуге бұйрық беріл
-
ді. Мешіттерде мұсылмандар бір ауыздан дұға қылды. Мұнарала
-
рынан Аллаға жал барынған дауыстар естілді. Имамдар әр намазда
құныт дұғасын жасады. Ұлығ қолдың жеңіске жетуі үшін бүкіл ха
-
лық дұға қылды. Оларды бастап отырған ұлығ тәбиғин Мұхаммед
ибн Уәсиғ Әл-Әзди еді.
Құтәйбәһ ибн Мүслимнің «Тайзар» деген атпен танылған да
-
нышпан, әрі айлакер тыңшысы, кеңесшісі болатын. Оның жағдай
-
ын жау біліп қойып, үлкен ақша беріп, өз жақтарына шығарып
алады. Дұшпан Тайзардан бар айласы мен ақылын қолданып, мұ
-
сылмандардың күшін әлсіретіп, әйтеуір елдеріне шайқассыз қайта
-
рып жіберудің амалын табуды сұрайды.
Қу Тайзар түк болмағандай Құтәйбәһ ибн Мүслим нің алдына
кіріп келеді. Оның мәжілісіне түмен басшылары мен алғы қатар
-
дағы сардарлар отырады. Кеңесшісі ретінде Құтәйбәһтың қасына
отырып, құлағына сыбырлап:
– Қолбасшы! Қаласаңыз, оңаша сөйлесейік! – дейді.
Құтәйбәһ ымдап еді, мәжілісте отырғандардың бәрі шығып кет
-
ті. Тек қана Дирар ибн Әл-Хұсәйн ғана қал ды. Тайзар:
– Саған айтар бір жаңалығым бар, қолбасшы! – дейді.
– Айта бер! – деді Құтәйбәһ оған қызыға қарап.
– Дамашықтан хабар келді. Әмирүл-мүминин Әл-Хәжжәж ибн
Юсуф Әс-Сақафиді қызметінен алып тас тапты. Оған ерген әскер
қолбасшыларын да алып жатыр. Солардың бірі – өзің. Әскерге
жаңа қолбасшылар тағайындады. Сенің орныңды алатын сардар да
жолда келе жатыр дейді. Саған айтар ақылым – бұл елден әскеріңді
алып, Мәруға барып орналас. Майдан даласынан аулақ жерге ба
-
рып, не боларын күт, – дей бергенде Құтәйбәһ құлын шақырып
алып:
117
– Сия! Мына опасыздың басын ал, – деп бұйырды. Сия да осы
-
ны күтіп тұрғандай Тайзардың мойнына қылыш сермеп, басын
жұлып түсіріп, ешкімге қарамай кетіп қалады. Құтәйбәһ Дирар
ибн Әл-Хұсәйнға қарап:
– Осы хабарды жер бетінде естіген екеуіміз ғана. Ұлығ Алла
Тағаламен ант етемін, мына шайқас біт пей аузыңнан осыған бай
-
ланысты сөз шықса, мына опасыздың соңынан жіберемін. Аман
-
дығыңды ойла саң, тіліңе ие бол. Бұл хабар әскер арасында тарап
кетсе, қалың қолдың арасында іріткі шығып, сағын сындырады,
күтілмеген жеңіліске душар етеді, – деп қалған адамдардың кіруі
-
не рұқсат берді.
Тайзардың қанжоса болып, басы денесінен бөлініп жатқанын
көрген адамдар таң қалысып, кейбіреулер шошып сілейіп тұрып
қалды. Құтәйбәһ оларға қарап:
– Басы шабылған опасыздың өлігін көрмегенсіңдер ме? – деп
сұрады.
– Жоқ. Мұсылмандарға насихатшы болып жүруші еді ғой, –
деді бір сардар.
– Өтірік насихат жасап, алдап жүретін. Алла жазасын тарттыр
-
ды, – деп даусын көтеріңкіреп:
– Қазір шабуыл жасайтын уақыт келді. Бұрынғы дай емес,
рухпен соғысуға дайындалыңдар, – деді қол басшы.
Әскер Құтәйбәһтың әмірін орындау үшін барлық тосқауылдар
-
дан өтіп, жаумен бетпе–бет келуге дайындалды.
Екі жақтың әскері сапқа тұрған кезде, мұсылмандар жау қолы
-
ның саны қаншалықты көп екенін көріп, қа ймыға бастады. Бұны
сезген Құтәйбәһ әскерлердің рухын көтеріп, жеңіске деген сенім
-
дерін нығайтуға тырысты. Сөйтіп жүріп жанындағылардан:
– Мұхаммед ибн Уәсиғ Әл-Әзди қайда? – деп сұрады.
– Ол оң жақ қанатта.
– Не істеп тұр?
– Ол найзасына сүйеніп, саусағын көкке көтеріп тұр. Шақырай
-
ық па?
– Керісінше, тиіспеңдер! Ол маған мың қылыш ұстаған мың жі
-
гіттен де артық. Мазаламаңдар, дұға қылсын! Оның дұғасы үнемі
қабыл болады.
118
***
Екі әскер жемтігін аңдыған арыстандай бір-біріне қарсы сап
түзеп жылжып келеді. Жақындаған сайын жүрістерін тездетіп, да
-
уылды теңізде соқтығысқан толқындай қосыла кетті. Алла Таға
-
ла мұсылмандар дың жүректеріне сенім ұялатып, Өз тарапынан
рухтар ды жіберді. Олар кеш батқанға дейін толассыз шайқасты.
Қараңғы түсе бастағанда, Алла Тағала мүшриктерді әлсіретіп,
жүректеріне үрей салды. Олар енді артқа қаша бастады. Олардың
соңынан қуған мұсылман дар қарсыласқандарын өлтіріп, қолға
түскендерін тұтқынға алды. Шайқас осылайша аяқталды. Олар
Құтәйбәһтан фидя төлеп, бітімге келуді сұрады.
Тұтқындардың ішінде өз елін үнемі мұсылмандарға қарсы қоя
-
тын қанішер кісі бар еді. Ол Құтәйбәһ ибн Мүслимге:
– Мен құн төлеп шығамын, босатыңдар! – деді.
– Қанша төлейсің?
– Бағасы пәлен мың тұратын бес мың киімдік қы тай жібегін
төлеймін.
Құтәйбәһ әскерлерге «не айта сыңдар?» деген пішінмен қарады.
– Мұсылмандардың олжасын көбейтетін болды. Бұны жіберген
күнде бұл жеңістен кейін бұдан келер қауіп жоқ, – деп жауап берді
жауынгерлер. Сонда Құтәйбәһ Мұхаммед ибн Уәсиғқа қарап:
– Сіз не айтасыз? – деп сұрады.
– Қолбасшы! Мұсылмандар бұл шайқасқа олжа жинап, дү
-
ние-мүлікті таутөбе етіп алу үшін емес, Алла Тағаланың риза
-
шылығын алуға, Оның дінін жер бетіне жаюға, дұшпандарын
бағындыруға, әділет орнатуға шықты.
Құтәйбәһ оған:
– Алла разы болсын, шәйх! – деп құптап:
– Қазірден бастап бір мұсылман әйелді қорқытуға жол бермей
-
мін, дүниенің малын төлесе де, – деп басын алуға бұйрық берді.
***
Мұхаммед ибн Уәсиғтың қарым-қатынасы Үмәйяһ әулетінің
сардарлары Язид ибн Мүһәлләб пен Құтәй бәһ ибн Мүслим мен
шектеліп қана қоймай, басқа да сұлтандар, әкімдермен ерекше қа
-
рым-қатынаста болды, тарих бетінде ол туралы көптеген қызық
оқиғалар жазылды. Олардың ішіндегі ең белгілісі – Басраның әкімі
119
Биләл ибн Бурдаға қатысты әңгімелер. Сол әңгімелер осы заманға
дейін жетті.
Бір күні шәйх Биләл ибн Бурданың алдына жүннен жасалған
қатты шекпен киіп кіреді.
– Әбу Абдұллаһ! Не себепті мынадай қатты шекпен ді киіп
алғансыз? – деп сұрайды әкім. Шәйх оның сөзіне мән бермей, сөзді
басқа нәрсеге бұрып әкетеді. Сонда әкім:
– Неге жауап бермейсіз? – деп қадала қарады.
– «Дүниенің мамығынан қашып» деп айтайын десем, өзімді
мақтаған боламын. «Кедейшіліктен» деп айтайын десем, Раббыма
шағымданған боламын. Екеуін де айтпай, тыныш тұрғаным содан.
– Бұйымтайыңыз болса, айтыңыз, көмек көрсе тейік!
– Адам баласынан сұрайтын ешқандай бұйымта-
йым жоқ. Бірақ бір мұсылман бауырымның қажетті лігі үшін келіп
тұрмын. Алла Тағала нәсіп етіп, кө мектессең, онда алғыс аласың.
– Алла қаласа, көмектесеміз, – деп әкім біраз кідіріп тұрып:
– Осы сіз қаза мен тағдыр жайында не ойлайсыз? – деп сұрады
шәйхтен.
– Алла Тағала қиямет күнінде «қаза мен тағдыр» мәселесі жай
-
ында сұрамайды, не істегеніңді сұрайды.
Әкім ұялғанынан ешнәрсе айта алмай қалыпты.
Осылай әңгіме дүкен құрып отырғанда түскі астың да уақыты
келіп, әкім шәйхті өз дастарханынан дәм татуға шақырды. Шәйх
оған қарсы болып, көптеген себептер айтып, дастарханға бара ал
-
майтынын айтты. Әкім ашуланып:
– Біздің дастарханнан нан ауыз тиіп кетуден тартынасыз ба? –
деп сұрады.
– Олай деме, әкім мырза! уаллаһи, әкімдер ордасы бізге ба
-
ла-шағамыздан да, жақын-туыстарымыздан да артық, – деп жауап
беріп, шығып кетіпті.
***
Мұхаммед ибн Әл-Әздиге талай мәрте қазы болуды ұсынды.
Бірақ ол ұсыныстарды қабыл алмай, қазылықтан үзілді-кесілді бас
тартты. Қазылықтан бас тартуы өзінің басына бәле болып жабы
-
сты. Солардың бірі мына оқиға еді:
Басраның жендеттерінің бастығы Мұхаммед ибн Әл-Мүңзир
шақырып алып:
120
– Басраның әкімі сізді қазы етіп тағайындады, – дейді.
– Жоқ, Алла үшін, мені қазы етіп қой маңдар, – дейді. Жендет
басшысы бірнеше рет қайта лап сұраса да бой бермей, қазы бол
-
майтынын айтты. Көндіре алмағаннан кейін қорқытып көрді:
– Қазы болуды міндетіңе аласың! Болмаса, үш жүз дүре соғып,
масқара қыламын!
– Өз еркің. Дүниенің азабы ақырет азабынан әлде қайда жеңіл,
– деп жауап берді.
Жендет басшысы ұялып, оны үйіне қайтарыпты.
Мұхаммед ибн Уәсиғтың Басра мешітіндегі мә жілісі білім мен
ғылым іздеушілерге асыл қазына еді. Уағыз бен даналықтың ошағы
еді. Осы мәжілісте сөз болған әңгімелер хабарлары тарих пен де
-
ректану кітаптарында нақты жазылған, солардың бірі мынау: Бір
кісі дәріс кезінде былай деп сұрақ қойыпты:
– Әбу Абдұллаһ! Маған өсиет айтыңыз.
– Дүние мен ақыретте патша бол деп өсиет етемін, – деп жауап
береді шәйх. Селк ете қалған кісі:
– Қалайша?
– Дүниенің өткінші қызығынан бас тартып, адам дардың қолын
-
дағы нәрселерге мұқтаж болмай, патша сияқты өмір сүр. Сауап
істеріңмен ана жақта патша боласың.
Отырғандардың бірі:
– Алла үшін сізді жақсы көремін! – деп, шын көңілімен сый-құр
-
метін білдіреді.
– Кім үшін мені жақсы көрсең, Сол сені сүйсін! – деп дұға
қылып: «Алла Тағалам! Сен мені жек көріп, басқалар мені сен
үшін сүйіп жүруден сақтай гөр!» – деген екен.
Адамдар оның тақуалығын, білімін, амалдарын айтып мақтап
жатса, оларға:
– Егер күнәлардың иісі адам үстінен шығып тұра тын болса,
онда маған адам баласы сасық иісімнен бой тартып, жақындай ал
-
май қалар еді, – деп жауап береді екен.
Мұхаммед ибн Әл-Уәсиғ шәкірттерін Алла Тағала кітабының
көрсеткен жолын ұстануға және соның аясында өмір сүруге үнемі
үгіттейтін:
– Құран – иман келтіргендердің бағы. Қайда барса, сол бақшаға
түседі.
121
Сонымен қатар, тамақты аз жеуге шақыратын:
– Кім тамақты аз жесе, жақсы түсінеді, тазаланып бойын-ойын
сергек ұстайды. Тамағы ауырдың жолы да ауыр, алға қойған мақ
-
саттарына жетуге кедергі болады.
***
Мұхаммед ибн Әл-Уәсиғ Алладан қорқу мен та қуалықта өте
жоғары дәрежеге жеткен. Ол жайында көптеген деректер бар.
Бір күні ол есегін сатуға базарға шығады. Сонда бір кісі келіп:
– Маған сатуға разысыз ба? – деп сұрайды.
– Өзім мінуге разы болмасам, базарға шығарып, басқаға сатпай
-
тын едім, – деп есегі нашар болғанда басқаға сатпайтынын айтқан
екен.
Мұхаммед ибн Әл-Уәсиғ өмір бойы өз күнәлары нан қорқып
өтті. Раббысына барудан қатты қаймығатын. Одан:
– Қалайсыз? – деп сұрағанда:
– Ажалым жақындап, үмітім алыстап, амалым нашарлап кетті,
– деп жауап береді екен. Оған таң қалып жатса:
– Ақыретке қарай күн сайын жақындап келе жатқан адамның
жағдайы не болушы еді?! – деп жауап береді екен.
Мұхаммед ибн Әл-Уәсиғ қатты сырқаттанып, ажал ау
-
зында жатқанда көңілін сұрап келгендер кіріп-шы-
ғып үйіне сыймай кетті. Кейбір адамдар отыратын орын таппай
түрегеліп тұрды. Сонда өзінің бір досына сү йеніп отырып:
– Ертең бас-аяғымыздан сүйрелеп алып келгенде, мына тұрған
-
дар не істей алатынын маған айтшы! Тозаққа түссем, маған көмек
бере алмайды, – деп, қолын көтеріп дұға қылады:
– Алла Тағалам! Ұстанған әрбір жаман ұста нымымды, әрбір
жаман отырысымды, кірген-шыққан әрбір жаман кіріс-шығысым
-
ды және әрбір жаман ісім ді айтқан әрбір жаман сөзімді ке шіре гөр!
Аллаым, кешіре гөр! Барлық күнәларымды кешір! Тәубе етемін
бәрінен, тәубемді қабыл ал! Саған сәлем беремін, сәлем беруге
мәжбүр болмай тұрғанда, – деп жан тапсырды.
122
Достарыңызбен бөлісу: |