несепті сұйылту үдерісі
деп аталады. Ол ішкі ортадан судың артық мөлшерін шығару қажеттілігінде іске асады
(бейімделулік, адаптациялық үдеріс). Несеп жинағыштық түтікше арқылы милы қабатқа тереңірек енген сайын су
гиперосмостық интерстицияға пассивті түрде өтеді де несеп қоюлана түседі. Интерстиция сұйықтығындағы
мочевина концентрациялық градиент бойынша Генле ілмегінің жоғары бағытты жіңішке иінінің саңлауына
сорылады (диффузияланады) және де несеп ағымымен бірге дистальды өзекшелер мен жинағышты түтікшеге
қайта түседі. Осылайша мочевинаның өзекшелердегі қайтымды, шеңберлі оралымды айналымы жүзеге асады,
сөйтіп ол милы қабат концентрациясының жоғары деңгейлігін сақтайды, қамтамасыз етеді. Аталған мочевинаның
тасымалдану үдерісі, негізінде, бүйректің милы қабатына терең бойлап түсуші Генле ілмегі ең ұзын
юкстамедуллярлық нефрондарында жұмыс істейді.
Бүйректің милы қабатында және де қантамыр капиллярларынан құралған
Достарыңызбен бөлісу: |