С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет27/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Байланысты:
ktj 20324

Дәріс  тезистері:

  Мемлекет,  қоғамның  өміріндегі  статистикалық 

мәліметтерді  талдаудың,  зерттеудің  әдіс  тәсілдер.    Статистика  туралы  түсінік. 

Статистиканы  ұйымдастыру.  Ғылымға  дейінгі  кезең.  Экономика  – 

статистикалық  жүргізу.  Маңызды  типтердің  мінездемесі.  Земск  статистігі    



25 

 

Ф.А.  Щербиннің  Қазақ  шаруашылықтарының  бюджеттік  статистикасы. 



Мемлекеттік  статистика  мен  Земск  статистиканың  айырмашылығы.  Пален 

ревизиясы, Щербин, Румянцев экспедицияларының берген ақпараттарын жинау 

және  ұйымдастыру,  жергілікті  әкімшіліктің  есептері  және  губернатор  мен 

генерал губернаторларының есептері.  

Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.                                 

Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдары капитализм дәуірінде 

қалыптасты.  Осы  дәуірден  санақ  мәселесінің  сапалы  өзгеріс  кезеңі  басталып, 

тарихи  шындықтың  негізгі  құбылыстарын  экономикалық-географикалық  және 

санақ материалдарын жалпылама сипаттау тұрғысынан  баяндаудан сандардың 

негізінен түсіндіруге ауысты. 

Санақ  материалдары  негізгі  екі  топтан  тұрады.  Оның  біріншісі  —  үкімет 

қажеті  үшін,  мекемелердің,  ұйымдардың,  кәсіпорындардың  міндетті  қызметін 

жүзеге  асыру  үшін  жиналған  мәліметтерден  тұрады.  Екінші  тобын  санақтық 

талдау үшін арнайы жиналған мәліметтер құрады. Олар, ең алдымен, бірақ рет 

жүргізілген  тексерулер  —  санақ  материалдарын,  сонан  соң  күнбекүнгі  санақ 

мәліметтерін  қамтиды.  Бұл  материалдардың  жиналуы  мен  өнделуі  есеп-санақ 

ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады. 

Кеңес  өкіметінің  алғашқы  күндерінен  бастап  халық  шаруашылығын 

жоспарлау  мемлекеттік  басқару  ісінің  ажырамас  бөлігі  ретінде  мемлекеттік 

санақ  жүйесі  болып  құрылды.  Өндіріс  пен  бүкіл  шаруашылық  салалары 

жұмысын  басқару  тек  қана  бақылау  мен  есеп  жүргізудің  негізінде  мүмкін 

болады деген желеумен, ол социалистік принцип деп аталды. 

Санақтық  деректі  қысқаша  талдаудың  мақсаты  оның  дүрыстық  дәрежесін 

анықтау  болады.  Санақ  мәліметтерінің  дұрыстығы  бірнеше  себептерге: 

зерттеудің  мақсаты  мен  маңыздылығына,  оның  түрі  мен  құрылымына,  санақ 

ғылымының методологиялық деңгейіне, бастапқы материалдардың дайындалу 

әдістеріне — байланысты. 

Санақтық 

деректі 

сыни 


тұрғыдан 

талдау 


санақ 

жұмысының 

ұйымдастырылуын  тексеріп  танысудан  басталады.  Ол  объектінің  бір  типке 

жататындығын  анықтау  үшін,  территория  мен  объектіні  есепке  алу  жөне 

оларды  іріктеу  тәсілдерін  анықтау  үшін,  алынған  мәліметтерді  жинау  мен 

тексерудің өндістерін білу үшін керек. 

Зерттеулердің  ұйымдастырыуы  туралы  ақпарат  архивтік  құжаттар  мен 

материалдарға  санақтық  басылымдарда  жарияланды.  ("Вестник  статистики", 

"Бюллетень  ЦСУ",  "Статистическое  обозрение"  жене  т.б.).  20-шы  жылдары 

Орталық  санақ  басқармасы  (ЦСУ)  басып  шығарған  санақтық  жинақтардың 

алғы 

сөзінде, 



түсіндірме 

кестелеріңде 

зерттеудің 

әдістемесі 

мен 

материалдарын дайындау әдістері сөз етілген. 



Санақ  мәліметтерін  дайындау  мен  баспадан  шығаруда  көптеген 

жағдайларда  санақ  бланкілерінде  берілген  маңызды  қорытындылар  толық 

көрсетілмеуі  мүмкін.  Сондықтан  алғашқы  көрсеткіштерді  белгілеу  тәртібін 

және  дайындалған  кестелердің  маңызын  айқындау  керек.  Мұндай  жағдай 

тарихшыға қандай мәліметтердің жинаққа енбей қалғанын анықтау үшін қажет. 



26 

 

Санақ  материалдарының  дұрыстығына  көз  жеткізу  үшін  бұрынғы 



көрсеткіштерге  түзетулер  енгізілген  соңғы  зерттеулер  мен  басылымдарды 

ескерген жөн. Санақ материалдарына сыни тұрғыдан қарамаушылық көптеген 

қателіктерге әкеліп соғатынын да естен шығаруға болмайды. 

Санақ 


материалдарын 

талдаудың 

бұлжымас 

талаптарына 

сай 

пайдаланылатын мәліметтерге тұтастық тұрғысынан қарау қажет. Зерттеушілер 



кейде материалды зерттеу мен оны қорытуда жекелеген көрсеткіштермен ғана 

шектеледі.  Қоғамдық  көріністерді  жан-жақты  зерттеу  үшін  ол  жеткіліксіз 

болады.  Сондықтан  қолда  бар  мәліметтер  мен  түрлі  санақтық  деректерді 

салыстыра  отырып,  олардан  алынған  материалдарды  қорыту  керек.  Сонымен 

қатар материалды дайындауда түрлі әдістерге сәйкес санақтық байқауларды да 

пайдаланған  теріс  болмайды.  Мұндай  тәртіпті  сақтамаушылық  кешірілмес 

қателіктер  жасауға  апарып  соғуы  мүмкін.  Мысалы,  шаруалар  тұрмысының 

жекеленген  бір  көрсеткішіне  қана  жасалған  талдау  олардың  әлеуметтік 

дифферендиацияға ұшырау дәрежесін бұрмалап керсетуі мүмкін. Шаруалардың 

ыдырауын  дұрыс  ұсынып,  оның  себептеріне  көз  жеткізу  үшін,  аренданың, 

жердің  сатылуының  да,  машинаның,  еңбекақының,  жер  саудасы  өсуінің, 

жалдамалы еңбектің — барлығынын да мәліметтерін толық алу керек. 

Санақ  мәліметтерін  талдауда  көптеген  жағдайда  салыстыру  әдісі 

пайдаланылады. Соның негізінде құбылыстардың  даму бағыты ашылып, оның 

қарқыны 

анықталады, 

зерттелетін 

құбылыстың 

әртүрлі 

буындарын 

сипаттайтьш  пропорциялардың  қалыптасуы  нақтыланады.  Сонымен  қатар 

мұндайда  тек  салыстыруға  келетін  деректерді  ғана  салыстыру  керек  екенін 

ойдан шығаруға болмайды. 

Статистика  көпшілік  процестердің  сандық  заңдылықтарын  көрсету  мен 

зерттеуге ар-налғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген көпшілік 

деректердің  қатарына  жатады.  Кеңестік  санақ  ғылымы  мен  оның 

практикасында  математикалық  санақпен  қоса,  санақ  мәліметтерін  талдаудың 

түрлі  тәсілдері  қалыптасты.  Олар  тарихи  зерттеулерден  біртіндеп  орын  алып 

келеді.  Архив  қорларының  санақ  материалдарын  игеруде  санақтың 

математикалық  әдісінің  үлкен  болашағы  бар.  Осы  әдіс  арқылы  тарихшылар 

деректік  мәліметтерді  топтастыру  мен жіктеуден  және  санақ  көрсеткіштерінің 

өзара  қатынастарын  талдаудан  бастап,  күрделі  математикалык  модельдер 

(үлгілер) құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады. 

Санақ  материалдарының  әрбір  түрі  жалпы  принціптерден  басқа  сын 

тұрғысынан да талданып бағаланудың арнайы әдістерін талап етеді. Олар туралы 

сол санақ материалдарын сипаттағанда сөз болады. 

Өнеркәсіп санағы. Өнеркәсіп санағы елдің экономикалық дамуьш бақылауға 

мүмкіңдік береді. Өнеркәсіптің санақ деректері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың 

біріншісіне  өнеркәсіп  санақтарының  материалдары,  екінші  тобына  күнбе  күнгі 

мәліметтер жатады. 

Бұрынғы  КСРО  өнеркәсібінің  бірнеше  санағы  өткізілді.  Бүкілресейлік 

өнеркәсіптің  бірінші  санағы  1918  жылы  тамыздың  31-іне  дейінгі  өнеркәсіптің 

жағдайын  анықтады.  Онда  өндеуші  және  өңдіруші  өнеркәсіп  орындары  есепке 



27 

 

алынды.  Санақтың  бағдарламасы  бойынша  елдің  кәсіпорындары,  олардың 



иелері,  құрылымы  мен  басқарылуы,  әкімшілігі  мен  техникалық  мамандары, 

жұмысшылары, қаржы жағдайы, техникалық жабдықталуы, шикізаты, өндірілетін 

өнімдері  т.б.  туралы  мәліметтер  жиналды.  Бұл  санақ  1913-1918  жылдың  тамыз 

айына дейінгі Ресей өнеркәсібінің даму жолын анықтауға арналады. 

Санақпен  елдің  европалық  бөлігінің  31  губерниясының  9750  кәсіпорны 

камтылып,  оның  толық  қорытындылары  1926  жылы  "Труды  ЦСУ"  деген  екі 

басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда  өнеркәсіп санағының көптеген 

қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды. 

1920  жылы  өнеркәсіптің  жаңа  санағы  өткізілді.  Санақ  материалдарын 

Орталық  санақ  басқармасы  топтастырып,  территориялық  принцип  пен  өндіріс 

топтары негізінде берді. 

1923  жылы  желтоқсан  айында  тағы  бір  өнеркәсіп  санағы  өткізілді.  Оның 

бағдарламасы  өткен  санақтың  сұрақтарын  қайталады.    Бұл  санақтың  бұрынғы 

санақтардан  елеулі  айырмашылығы  болмады.  1920,  1923  жылдары  өткізілген 

санақтарды  санақшылар  методологиялық  жағынан  дұрыс  өткізілмеген  деп 

санайды. Оларда ірі өнеркәсіп ұсақ өнеркәсіптен бөлініп берілмеген, сондықтан 

ол санақтардың мәліметтерін 1918 жылғы санақтың мәліметтерімен салыстыруға 

келмейді.  1923  жылғы  санақ  тек  қана  қалаларда  өткізілгендіктен,  оның 

нәтижелерін  1920  жылғы  санақтың  жарияланған  материалдарымен  салыстыруға 

болмайды.  

Келесі  санақтар  1925,  1927  жөне  1929  жылдары  өткізілді.  Оларда  ұсақ 

өнеркәсіпшілер, қолөнершілер, кустарлар бүкіл ел бойынша есепке алынды. 1930 

жылдан  бастап  өнеркәсіп  санағы  кәсіп  орындарының  жылдық  есептеріне 

негізделіп  беріле  басталды.    Жылдық  есептер  санақтық  және  бухгалтерлік 

құжаттар  бойынша  жасалды.  Өнеркәсіп  саласындағы  санақ  мәліметтері  Халық 

шаруашылығының  жоғарғы  кеңесі  (ВСНХ)  мен  Орталық  санақ  басқармасының 

(ЦСУ)  санақтық  жииақтарында  және  арнайы  анықтамалық  басылымдарда 

жариялаңды.  1957 жылдан бастап "Народное хозяйство СССР",  ал  1973  жылдан 

"Народное  хозяйство  Казахстана"  деген  статистикалық  жинақтар  КСРО-ның 

ыдырап,  тәуелсіз  мемлекеттердің құрылуына дейін жыл сайын  баспадан  шығып 

тұрды.  Олармен  қатар  мерейлік  даталарға  байланысты  санақ  жинақтары  мен 

анықтамалық  жинақтар  да  жарық  көрді.  Бұл  жинақтарда  Қазақстанның 

әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дамуының  барлық  салаларынан  сандық 

деректер  берілді.  Өнеркәсіп  мекемелерінің  жаңадан  жіктеліп,  ауыр  және  жеңіл 

өнеркәсіп болып бөлінуіне байланысты, 1957 және 1964 жылдары Орталық санақ 

басқармасы "Промышленность 

СССР"  деген 

арнайы 


анықтамалықтар 

шығарды.  Оларда  санақ  материаддары  негізінде  кеңес  индустриясының  даму 

қорытындылары мен негізгі бағыттарының толық мәліметтері береді.   

Жұмысшы мен зиялылар санағы. Кеңестік Ресейдің жұмысшы табы туралы 

санақтық сипаты бар алғашқы дерек 1918 жылы өнеркәсіп санағының негізінде 

қорытылды. Бұл бүкілресейлік кәсіби санақ болды және оның бағдарламасы да 

жанжақты ойластырылды. Онда жұмысшылардың кәсібі, сауаты, тұрмыс жағдайы 

туралы  сұрақтармен  бірге,  олардың  қоғамдық  ұйымдар  жұмысына  қатысуы  т.б. 




28 

 

туралы сұрақтар да болды. 1918 жылы санақ кеңес өкіметі орнаған губернияларда 



ғана  жүргізілді.  Қазақстан  мен  Орта  Азияны  айтпағанда,  санақ  Украинада, 

Оралдың  көптеген  губернияларында,  Сібірде  де  өткізілген  жоқ.  Елді 

индустрияландыру  кезеңінде  жұмысшы  табының  құрамы  маңызды  саяси 

проблемаға  айналуына  байланысты  1929  жылы  сәуір-мамыр  айларында 

Кәсіподақтардың  бүкіл  одақтық  орталық  советінің  (ВЦСПС)  шешімімен 

жұмысшы  табының  кәсіподақтық  санағы  өткізілді.    Қырқыншы  жылдардан 

бастап  (1941-1942  жылдардан  1976  жылдарға  дейін)  жұмысшылар  мен 

қызметкерлер есебі жүргізіле басталды. Оның материалдары "Народное хозяйство 

СССР",  "Труд  в  СССР"  есептік  анықтамалығында,  "Вестник  статистики" 

журналында  басылып  шықты.  Жұмысшы  табы  санағының  мәліметтері  1930, 

1932, 1934, 1936 жене 1968 жылдары асылған "Труд в СССР" жинағында берілді. 

Әлеуметтік  санақтың  түрлі  мәліметтері  "Народное  хозяйство  СССР"  жинағында 

жарияланды. Алпысыншы жылдардың басынан әлеуметтік санақты,    әлеуметтік    

зерттеулер    толықтырды. Бұл   тұрғыдағы зерттеу материалдары өзгеше тарихи 

деректің ролін атқарады. 

Демографиялық  жалпы  санақ.  Демографиялық  санақтың  үш  түрі  бар: 

халықтың  жаппай  санағы,  күңделікті  санағы  және  ішінара  санағы.  Бұлардың 

материалдары демографиялық жалпы санақтың деректері болып саналады. 

Халық  санақтары  бірнеше  ерекшеліктермен  сипатталады.  Соның  ішінде, 

ішінара жүргізілген зерттеулердей емес, халықтың жалпы санағы бүкіл  халықты 

қамтиды. Және санақ мақсаты тек халықтың санын анықтау ғана емес, сонымен 

бірге  олардың  құрамы  жөнінде  де  мәліметтер  алу  болады.  Зерттеу  нысанына 

(объектілеріне)  әрбір  адам  алынады.  Кейде  санақта  жанұя  немесе  үй 

шаруашылығы  ескеріледі.  Санақ  жүргізуде  жиналған  мәліметтер  қүжаттардан 

емес, халықтың тікелей өзінен белгіленген уақытта алынады. 

Ресей  халқының,  сонымен  бірге  Қазақсатан  халқының,  бірінші  санағы   

1897  ж.  қаңтар  айыңда  өткізідді.  1895  жылдың  5-маусымындағы  заң  бойынша, 

бүкіл  империя  халқы  жынысына,  жасына,  тұрмысына,  діни  көзқарасына, 

ұлтына, қай елдің азаматы  екеніне  байланыссыз  түрде  санаққа  қатысуға  тиісті 

болды. 


Санақ төмендегі сұрақтарды қамтыды: аты, әкесінің аты, фамилиясы, жанұя 

жағдайы  (бойдақ,  үйленген,  жесір,  ажырасқан),  шаруашылық  басшысына 

қатынасы  (ағайыны,  жегжаты,  асыраңды  бала  немесе  бірге  тұрушы,  үй 

қызметшісі  немесе  малайы,  жүмысшы  және  т.б.),  жынысы,  жасы,  хал-жайы 

немесе  сословиесі.  діни  көзқарасы,  туған  жері,  тізімге  алынған  жері,  тұрақты 

мекен-жайы, ана тілі, сауаттылығы, кәсібі (негізгі жөне қосымша). 

        Санақ  материалдары  жалпы  империялык  мәліметтер  түрінде,  сонымен  катар 

жеке губерниялардың, облыстардың 89 баспа мәліметтерінде жарияланды. 

Кеңес дәуірінде халықтың бірнеше санағы: 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1939, 

1959,  1970,  1979  және  1989  жылдары  —  өткізілді.  Осы  санақтарды  өткізілу 

уақытының  кеңес  мемлекеті  тарихының  белгілі  кезеңдеріне  байланысты  екені 

байқалады.  Мысалы,  азамат  соғысының  аяқталуы  мен  жаңа  экономикалык, 

саясатқа өтуі; халық шаруашылығын қалпына келтіру процесін аяқтау мен халык 



29 

 

шаруашылығын  социалисте  жолмен  реконструкциялау;  КСРО-да  негізінен 



"социалистік  қоғам  құру"  мен  "социализмді  толық  және  түпкілікті"  орнату 

және т.т. деп аталатын деуірлерге байланысты. 

Сонымен,  халық  санағы  адамдардың  саны  мен  оның  құрамын  бір  белгілі 

уақытта    көрсететін  тиянақты  дерек  болып  саналады.  Алайда,  осы  санақтардың 

мәліметтері  тарихшыны  толық    қанағаттандырмайды.  Оның  себебі  бір  санақ  пен 

екінші  санақтың  арасында  ұзақ  мерзімнің  орын  алуы  мен  санақ  бағдарламасы 

шеңберінің  тарлығында.  Сондықтан  тарихшылар  көп  жағдайда  күнбе  күнгі 

демографиялық  санақ  пен  халықтың  ішінара  зерттелген  материалдарына  жүгінеді. 

Күнбе-күнгі  демографиялық  санақта  адамдардың  тууы  мен  өлімі  жүйелі  түрде 

тіркеледі.  Тіркеу  адамның  туған  жерінде  бір  айдың  ішінде,  ал  оның  өлімі  сол 

жердің  жергілікті  азамматгық  хал-ахуал  актілерін  тіркеу  бюросында  (ЗАГС-те) 

немесе  ауылдық  жердің  кеңесінде  үш  күн  ішінде  жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың 

қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады. 

Демографиялық  санақта  халықтың  көші-қон  (миграция)  мәселесіне  үлкен 

көңіл  бөлінеді.  Санақтың  бұл  түрінің  мөліметтері  құнды  дерек  болып  саналады. 

Көші-қон  есебі  КСРО-ның  паспорт  жүйесімен  көшіп  келгендерді  есепке  альш, 

басқа  аудандарға  қоныс  аударғандарды  есептен  шығару  арқылы  жүргізілді.  Бұл 

жұмысты жүргізу тәртібі осы уақытқа дейін сақталып отыр. Тарихшылар халықтың 

саны  мен  олардың  көшіп-қонуы  туралы  дәл  уақыты  көрсетілген  деректердің 

осындай көптеген түрін пайдаланады. 

Қорыта  айтқанда,  санақ  деректері  қоғам  өмірінің  барлық  қырынан:  өндіргіш 

күштердің  дамуынан,  адамдардың  әлеуметтік  өмірінің  өзгеруінен  және  т.б.  — 

құнды  мәліметтер  береді.  Қоғам  өмірін  сипаттайтын  санақ  көрсеткіштері  уақыт 

талабына сай үнемі жаңарып отырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет