Дәріс тезистері:
Жаңа заман тарихының даму тарихында, қоғамның
түбегейлі өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде пайда болған іс
-
қағаздық
құжаттардың маңызды орнын, өзектілігін анықтау.
ХҮІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және
дамуы. Оларды кұрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс-қағаздық
құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды
сыныптау. Іс-қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы. Қазіргі
таңдағы іс-қағаздарды талдау және оны саясатпен астарын анықтау.
Іс-қағаздардың шынайылығына көз жеткізудің әдіс-тәсілдері.
Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және
Санкт-Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер
коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының
қорлары.
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті
мекемелер: Батыс-Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық
канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер
басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан
генерал-губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |