34
Баспасөздің ақпараттық жанры мақалаға, есеп беру құжатына (отчетқа),
репортажға, сұхбатқа (интервьюге) негізделеді.
Мақала дегеніміз — фактілердің баяндалуы, баға берілмеген кейбір
мәліметтердің қысқаша жиынтығы. Есеп беру құжаты оқиғаның толық
баяндалуымен объектінің егжей-тегжейлі жете көрсетілуімен (оқиғаға
қатынасушылардың саны мен аты-жөні, сөйленген сөздердің мазмұнымен т.т.)
сипатталады. Ақпараттың бұл жанры дипшоматиялық келіссөздердің, мемлекет
басшылары немесе ресми адамдардың кездесуінің ең маңызды жақтарын
қысқаша баяндау үшін пайдаланылады. Онда оқиға мен фактілерге егжей-
тегжейлі баға берілмейді. Соған байланысты тарихшылардан тек қана сол фактінің
дұрыстығының тексерілуі талап етіледі. Репортажда автордың оқиғаға қатынасы
айқын білінеді. Оқиғаны суреттеу репортажыңца автор документалдық дәлелдік пен
көрнектіліктің үйлесіміне сүйенеді. Репортаж материалын дерек ретінде
пайдалануда тарихшы автордың жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл
аударуға тиісті. Интервью (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журналист пен оның
әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервью
берушіден алынған қосымша мәліметтерге кебірек сүйенеді. Бірақ фактілердің
берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті
болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек.
Аналитикалық жанрға корреспонденциялар, рецензиялар, шолулар мен
мақалалар жатады. Бұл материалдардың негізгі мақсаты оқиғалар мен
фактілерді хабарлау ғана емес, сонымен бірге сол мәселелерге байланысты
автордың ой-толғанысын да білдіру болады. Демек, фактінің суреттелуінен
гөрі, автордың сол факті төңірегінде өзінше пікір білдіруі бірінші орынға
қойылады. Бұл әсіресе мақала жанрына тән. Мақалада баяндалған
проблеманың мәнін терең түсіндіруге байланысты фактілер автордың пікірімен
мысал немесе дәлел ретінде беріледі.
Фактілер өмір тәжірибесі, білімдарлық және идеялық қөзқарастар негізінде
пайдаланылатын болғандықтан, автордың ой таразасынан өтіп жазылған
мақала күрделі деректанулық жұмысты талап етеді. Мақалаларда фактілер
толық және неғұрлым шынайы көрсетіледі, сонымен бірге олардың мәні де
түсіндіріледі.
Көркем публицистикалық жанрлар (очерк, фельетон, памфлет) құжаттық
дәлелділікпен, ойдан шығарылған әдеби суреттемемен үйлестіріліп, оқиғаларға
автор сезімі арқылы өнделіп беріледі.
Жеке жанрлардың құндылығы туралы дерек ретінде тек нақты зерттеуге
сәйкес пікір айтуға болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, оқиғаның барысын
бүрынғы қалпына келтіру үшін, фактілік материалдар қажет. Басқа
жағдайларда, атап айтқанда, қоғамдық ойдың тарихын, кейбір дәуірдің
көзқарасын талдауда, әсіресе авторлық түсіндіруді зерттеудің мәні зор.
Мерзімдік баспасөз материалдарын тарихи дерек ретінде білгірлікпен
пайдалануда тарихшылардың баспасөз ерекшеліктерін жетік білуі жақсы негіз
болады.
Сонымен, газеттер мен журналдар ақпараттың күшті құралы болумен
35
қатар, қоғамдық сананы қалыптастыруда, қоғамның жекелеген әлеуметтік
топтарының пікірлері мен көңіл күйіне әсер ететін құрал болып табылады.
Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл
аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағыт-
бағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: