С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
ktj 20324

Дәріс  тезистері: 

Естеліктер  (мемуарлар),  күнделіктер,  жеке  адамдардың 

жазысқан  хаттары  (эпистолярлық  ескерткіштер)  -  тарихшылар  үшін  өздерінің 

пайда болуы, сипаты, мән-мағынасымен бір-біріне жақын тарихи ескерткіштер. 

Солай  бола  түрса  да,  олар  дерек  ретінде  үш  түрге  бөлінеді.  Және  оларды 

іздестірудің, зерттеудің, пайдаланудың өзіндік ерекше жолдары бар. 

Естелік, күнделік, хаттар — субъективтік сипатты деректер, себебі оларды 

жеке  адамдар,  өз  пікірі  тұрғысынан  жазады.  Күнделіктер  мен  хаттардың 

сырластық,  сенімділік  баяндау  сипаты  басымырақ  келеді.  Олар  көбіне  жазған 

адамның  өзіне  және  арналып  жазылған  жекелеген  адамдарға  жақсы  түсінікті 

болады. 

Естеліктердің  күнделіктер  мен  хаттардан  өзгешелігі  —  олар  күні  бұрын 

белгілі,  шектелген  адамдарға:  өздерінің  балалары,  отбасының  мүшелері  үшін, 

әлбетте  оқушылардың  көпшілігіне  арналып,  замандастары,  ұрпағы, 

тарихшылар  үшін  жазылады.  Мұндай  жағдайда  естеліктің  авторы  белгілі 

мақсат  қойып,  оны  орындау  үшін  жадында  сақталған  материалды  жинақтап, 

тәртіпке келтіреді. 

Жеке  адамдар  мен  қоғам  өмірінің  түрлі  оқиғаларын  көзімен  көрген 




36 

 

замандастарының олар туралы баяндаулары - естеліктер немесе мемуарлар деп 



аталады. 

Естеліктер  кең  ұғымда  тарихи  шығармалар  болғанмен,  олар  тарихшылар 

үшін құжаттық деректер бола алмайды. Әдетте жеке адамдар, құбылыстар мен 

оқиғалар әңгімеленген.  

Деректі  басып  шығарған  баспаның  қоғамдық-идеялық  бағытын  білудің  де 

зерттеуші үшін үлкен мәні бар. Оның келесі басылуы мен қайта басылуының әр 

қайсысын  есте  ұстаған  дұрыс.  Анықталған  алғашқы  басылуы  сол  деректің 

жазылған  уақыты  мен  оның  жазылу  себептерін,  міндетін  анықтауға 

көмектеседі. Авторлық түпнұсқа бізге келіп жеткен деректің жазылған уақытын 

анықтау  үшін  палеографиялық  және  тексталогиялық  талдау  амалдарын 

қолдануға мүмкіндік береді. Көрсетілген деректердің үш тобының (естеліктер, 

күнделіктер,  эпистолярлық  текстер)  бәрін  зерттеудегі  әдістемелік  қағида  — 

автордан қалған екі топтың деректеріне назар аударуды талап етеді (әрине, егер 

ондай  деректер  болса).  Атап  айтқанда,  бір  қайраткердің  белгілі  уақытта 

жазылған      өмірбаяны      мен      оның      мемуарын      сыни-    салыстырудың 

қорытындылары жақсы нәтиже береді. Мысалға, кеңес заманында ұзақ жылдар 

бойы  Қазақстанды  басқарған  Д.А.Қонаевтың  өмірбаяны  мен  естелігін  немесе 

Республикамыздың  ғылымы  мен  мәдениетінің  ірі  өкілдері  Қ.И.Сәтбаев  пен 

М.О.Әуезовтің  ғылыми  жөне  еңбек  қызметін  сипаттайтьш  естеліктерін  алуға 

болады. 


Мемуарлар  аса  маңызды  деректер  болып  саналады.  Олар  ортағасыр 

дәуірінде пайда болып,   XIX-XX ғасырларда кеңінен дамыды. Жеке адам мен 

қоғамдық  өмірдің  түрлі  оқиғаларын  көзімен  керген  тұстас  адамдардың  олар 

туралы жазбаша баяндауларын естеліктер немесе мемуарлар деп аталады дедік. 

Мемуарларда автордың өзі қатысып, көзі көрген көптеген фактілер орын алады. 

Фактілер  мен  олардың  құрамдас  бөліктерінің  басқа  деректерден  кездеспеуі 

мүмкін.  Мемуарлар  оқушылар  мен  тарихшыларға  әңгіме  болған  уақыттың 

рухын сезінуге мүмкіндік береді. Олар оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық, 

идеялық-саяси  жөне  рухани  өмірдің  түрлі  әлеуметтік  топтарымен  қалай 

қабылданып, қалай бағаланғанын көрсетеді.  Мемуарларда күнделікті өмір мен 

өткен  уақыттың  әдет-ғұрпы,  тұрмысы  туралы  сирек  кездесетін  деректер  орын 

алады.  Маңызды  оқиғалардан  тысқарылау  тұратын,  тек  шала-шарпы 

ескерілетін  "қатардағы  адамдардың"  мемуарларының  да  құндылығы  осында. 

Осылардың  барлығы  мемуарлардың  тарихи  дерек  ретіндегі  маңызын 

сипаттайды. 

Мемуарлардың  дерек  ретінде  бірнеше  кемшіліктері  де  болады.  Мемуар  - 

естеліктердің  негізгі  дерегі  болып  адамның  жады  саналады.  Ол  адамның 

тәжірибесін  қорытады,  дәстүрлерді  сақтайды,  бұл  -  оның  құндылығы,  жақсы 

жағы.  Алайда,  өткеннің  бәрі  адам  есінде  жақсы  сақтала  бермейді.  Соның 

салдарынан  авторлар  кейде  жекелеген  немесе  тіпті  кездейсоқ  фактілерді 

пайдалануы  мүмкін.  Адам  жадының  бұл  кемшілігі  деректің  жаңсақ  болуына 

апарып  соғады.  Өткендегіні  еске  алу  үшін  пайдаланылған  фактінің  жаңсақтығы 

жорамал  негізінде  емес,  сын  тұрғысынан  жасалған  таңдаудың  негізінде  ғана 



37 

 

анықталуға тиісті. 



Күнделіктер  мен  хаттарда  деректердің  мүндай  қажеттілігі  орын  алмайды 

дерлік.  Мемуаристер  деректердің  басқа  түрлерін  жиі  пайдаланады.  Естеліктер 

күнделікгердің  негізінде  жасалады.  Сонымен  қатар  күделіктерде,  деректік  ролі 

төмен болса да, кейде хаттар да пайданылады. 

Естелік  авторлары  мерзімді  баспасөздің  мәліметтерін,  басқа  авторлардың 

естеліктерін,  түрлі  құжатгарды,  тіпті  ғылыми  зерттеулерді  де  пайдалана  алады. 

Бірақ  зерттеуші  естеліктерде  автор  пайдаланған  пікірлерге  шартты  түрде  қарауы 

керек.  Өйткені  мемуарларға  енген  деректер  күнделіктер  мен  хаттардың  негізсіз 

материалдары немесе белгілі оқиға туралы  адамның жалаң,  көп жағдайда сезім 

әсерінен  туған  пікірі  болуы  да  мүмкін.  Сөйтіп,    долбарлы  елестер  жанжақты 

зерттеулерге дерек бола алмайды. 

Әдетте  өткен  оқиғалар  мемуарларда  көп  жылдардан  кейін  жазылады. 

Өкіндіретіні  сол  оларда  қателер  де  кездеспей  қалмайды.  Атап  айтқанда, 

оқиғалардың  болған  мезгілі  (айы,  күні,  жылы),  орындарының  қате  берілуі,  бір 

адамның  іс-әрекетінің  басқа  бір  адамға  ауыстырылып  жазылуы  жөне  т.б.  жиі 

кездеседі.  Мұндайда  автордың  өз  жадына  күмәнданып  басқа  деректер  мен 

әдебиетті пайдаланғанын немесе оқиғаның басы-қасында болған басқа адамның 

пікіріне сүйенгенін айыру қиынға түседі. 

Мемуарлық  шығармалардан,  естеліктер  сияқты,  күнделіктерді  де  жеке  бөліп 

қарауға  болады.  Автордың  оқиға  барысыңда  пайда  болған  ойлары  мен 

байқағандары  туралы  күн  сайын  жазғандары  күнделіктер  деп  аталады. 

Күнделіктерде  автордың  қоғамдық  құбылыстардан,  түрлі  оқиғалардан, 

адамдармен  қарым-қатынасынан,  т.б.  алған  әсерлері,  оның  көргендері,  өзінің 

басынан  кешкендері  жазылады.  Күнделікгер  жеке  адамның  өзі  үшін  жазылады, 

бірақ  мақсатсыз  жазылмайды.  Орыс  зиялыларының  бірі  В.Вишневский  өз 

күнделігінің мақсатын төмендегіше сипаттайды: "Біздің мақсатымыз: тарих үшін 

біздің байқауларымыз бен біздің бүгінгі көзқарастарымызды сақтау. Бір жылғы, он 

жылғы  уақыт  мерзімінен  кейін  мұның  барлығы  түсінікті  болады  ғой.  Басқа 

көзқарастардың  да  болуы  мүмкін.  Өз  баяңдауларымызды  немерелеріміз  бен 

шөберелерімізге  қалдырайық.  Біздің  қателеріміз  бен  жеңістеріміз  ертеңгі  күнге 

сабақ болады". 

Күнделіктер  -  көбіне  авторларының  нақты  көрген,  қатысқан,  қысқасы  өзі 

куә болған оқиғалары туралы жазған баяндаулары. Мұнда бұларды жазу үстіндегі 

автордың  толғаныстары  мен  көңіл  күйі,  ой-сезімі  дәлме-дәл  баяндалады.  Демек, 

күнделіктің жазылуы баяндалған құбылыстарға сәйкес келеді және жазылған күні 

міндетті түрде көрсетіледі. 

Сонымен бірге күнделік жазулары бірімен-бірі байланыссыз, үзік-үзік түрде де 

кездеседі.  Өйткені,  біріншіден,  күнделіктің  біраз  уақыт  бойы  толтырылмауы 

мүмкін. Екіншіден, материалдары күн сайын жазылғанмен, әр тақырыпқа арналуы 

мүмкін. 


Автор  өзінің  айтайын  деген  пікірін  қысылмай  ашық  жазып,  әңгіме  етіп 

отырған адамның аты-жөнін көрсетеді, қысқартылған сөздерді пайдаланады. Оның 

жазуының  түсініксіз  болуы  да  мүмкін.  Осының  барлығы  күнделіктің 



38 

 

қолжазбасын оқуды қиындатады. 



Жеке адамдар қалдырған басқа да деректер сияқты, күнделіктер де әр түрлі 

болып  келеді.  Сондықтан  күнделіктерді  пайдаланудың  алдында  зерттеушілер 

автордың  жазу  мәнерін,  әдісін  анықтап  алып,  оның  қысқартқан  сөздерінің 

мәнін ашып, автордың жасаған түзетулерін түсінуі керек. 

Күнделіктермен  жұмыс  барысында  зерттеушілердің  төменгі  мәселелерге 

мұқият  болғаны  жөн.  Күнделікте  баяндалып  отырған  оқиғалардың  қалай 

аяқталғанын  автор  білмеуі  мүмкін.  Егер  ол  белгілі  процестің  аяқталуын 

болжаған  болса,  онда  оның  алғашқы  көзқарасын  сол  процестің  аяқталуына 

байланысты  қалыптасқан  пікірмен  салыстыруға  болады.  Осының  негізінде 

зерттеушілер жеке адам ойының лабораториясын жете түсініп, автордың көңіл 

күйі мен оның ерекшеліктері туралы ұғым құрай алады. 

Күнделік жазулар әр түрлі болып аталуы мүмкін: күнделік, жазулар, жазу 

кітапшалары.  Кейбір  жағдайларда  автор  күнделіктеріне  өзінің  мамандығына, 

творчествосына  (шығармашылығына)  қатысты  байқағандары  мен  ойларын 

жазады.  Ол  толық  мағынасында  күнделік  емес,  бірақ  ондай  жазулар  оның 

авторы туралы белгілі көзқарастың қалыптасуына көмектеседі. 

Күнделіктер  автордың  бүкіл  өмір  жолын  қамти  бермейді,  көбінесе  оның 

өмірінің  белгілі  кезеңіне  арналады.  Солай  бола  тұрса  да,  сол  деректің  өзі 

адамның  ішкі  дүниесін  ашуға,  өткендегі  оқиғалардың  әсерін  елестетуге 

мүмкіндік береді. 

Жеке  адамның  хаты  -  ол  автордың  эпистолярлық  элементтерді  (хаттың 

тексі,  датасы,  қол  қоюы  т.б.)  пайдаланудың  негізінде  нақты  адамға  немесе 

бірнеше адамға жазбаша білдіретін ой-пікірі, хабарламасы. Мұндай хаттардың 

авторына, адресаттан жауап жайтарылады. Басқаша айтқаңда, жеке адамдардың 

хаттары  -  ауызша  сөйлесу  рөлін  атқаратын,  адамдардың  арасыңдағы  жазбаша 

қатынас құралы. Хатты қандай мазмұнда жазуға да автор толық ерікті болады. 

Ол  кез-келген  мәселені,  оның  ішінде  адамның  жеке  басы  не  қоғам  туралы 

мәселелерді  де  сөз  ете  алады.  Әдетте    хаттар    автордың    немесе    оның  

адресатының күнделікті, іскерлік не өзге де нақты мақсаттарына қызмет етеді. 

Ол  не  баспа,  не  көпшілікке  мәлімет  үшін  емес,  тіпті  үшінші  адамға  да  оқыту 

үшін жазылмайды. Жеке адамдардың хаттарының айрықша белгілері осындай. 

Хаттар  кейде  өсиет  түрінде  де  жазылады.  Мысалы,  гитлершілер 

тұтқынында азапталған жауынгерлердің көпшілігінің хаттары осындай. Кейбір 

хаттар  бізге  тұтқын  камерасы  қабырғасына  тырнап  жазған  сөздер  түрінде  де 

жетті.  Жеке  адамдардың  хаттары  көп  жағдайда  ақпарат  міндетін  атқарады. 

Хаттардың  әрқилылығы  мен  жанрларына  қарағанда  және  күнделіктермен 

салыстырғанда,  олар  күрделірек  және  әр  алуан  деректі  болып  келеді. 

Хаттардың  мазмұнына  кез  келген  мәселе,  әсіресе  адамның  жеке  басына  не 

қоғам өміріне қатысы бар мәселер арқау болады. Хаттар тарихи дерек ретінде, 

күнделіктер сияқты, субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сияқты 

автор  мен  адресатқа  ғана  түсінікті  тұспалдауларымен  сипатталады.  Хаттарда 

көптеген ретте күлдіргі немесе әдейі бүркемеленген қала, мекеме, журнал жене 

адам  аттарының  берілуі  мүмкін.  Осының  барлығы  жазысқан  хаттарды  дерек 



39 

 

ретінде  пайдалануды  қиындатады.  Мұндай  ерекшеліктер  түрлі  себептермен 



сипатталады.  Хаттарда  кейбір  сездердің  мағынасының  толық  ашылмауы, 

сөйлемдердің  аяқталмауы,  бір  жағдайда  хат  жазушылардың  бірін-бірі 

емеуріннен  түсінетіндіктен  болса,  үшінші  жағдайда  хаттарды  тексеретін 

органдардан  сақтану  себебінен  болады.  Хаттарды  дерек  ретінде  пайдалануда 

тарихшыларға  хат  авторы  туралы  мәліметтермен  қатар,  оған  қайтарылған 

жауаптың да мәні үлкен. 

Жеке  адамның  хаттары  тарихи  дерек  ретінде  бір  ретте  публицистикамен, 

екінші ретте мемуарлармен де шектесіп жанасады. Бірақ олардың оздеріне тән 

ерекшеліктері болады. Эпистолярлық түрде жазылған әдеби. публицистикалық, 

ғылыми  шығармаларды,  мысалы,  Н.М.  Карамзиннің  "Орыс  офицерінің  хаты", 

А.И. Герценнің "Табиғатты зерттеу туралы" хаттары сипатында жазылғандарды 

хат қатарына жатқызуға болмайды. 

Сонымен,  бұл  айтылғандардан  жеке  адамдардың  хаттары  өзінің  жанрлық 

және  әр  түрлілік  ерекшеліктеріне  байланысты  күнделіктерден  гөрі  тым 

күрделірек және өзіндік сипаты бар деректер болып табылатыны. Және бұлардың 

көптеген  өзге  де  дерек  түрлерімен  шектесіп,  олардың  да  деректану  саласында 

атқаратын кей қызметтерін пайдалана алатьны аңғарылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет