Суицидального поведения детей методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата18.12.2021
өлшемі393,42 Kb.
#102767
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Суицид Әдістемелік

 

5. Дауласпаңыз. 

Суицид қаупіне тап болған кезде достары мен туыстары 

көбінесе жасөспірімнің суицидтік мінезіне орай былайша реніш білдіреді: «Сен 

басқаларға  қарағанда,  едәуір  жақсы  өмір  сүресің,  одан  да  тағдырыңа  алғыс 

айтқаның  жөн»  немесе  «Отбасыңа  қандай  ұят  пен  бақытсыздық  әкелетініңді 

түсінесің бе?». Мұндай сөздер оларды одан сайын мұңайтады.  



 

6.  Сұрақтар  қойыңыз. 

«Өзіңе-өзің  қол  жұмсағалы  жатқан  жоқ 

шығарсың?»  деген  жанама  сұрақты  қойғанда,  өзіңіз  естігіңіз  келіп  тұрған 

жауапты  ала  аласыз.  Егер,  жақын  адамыңыз  «жоқ»  деп  жауап  берсе,  онда 

суицидтік күйзелісті шешуге көмектесе алмауыңыз әбден мүмкін.  

Сабырлы және сенімді түрде қауіп төндіруші жағдай туралы сұрау керек, 

мәселен,  «Қай  уақыттан  бері  өміріңнен  күдер  үзіп  жүрсің?  Бұл  сезімдер  неге 



12 

сені  мазалап  жүр  деп  ойлайсың?  Өзіңе-өзің  қандай  әдіспен  қол  жұмсағалы 

жүрсің?  Бұрын-соңды  өзіңе-өзің  қол  жұмсау  туралы  ойлағанда  сені  не 

тоқтатушы  еді?».  Суицидентке  көмек  беру  үшін  оның  ойлары  мен  ішкі 

сезімдерінен жауап іздеп, «Басқаша айтқанда, сен былай демексің ғой ...» деген 

сияқты сөздермен оларды қайталап айту арқылы, жауаптарды нақтылап отыру 

керек.  Сіздің  айыптауларыңыздан  қорыққан жабырқап  жүрген  адам үшін оны 

ерекше сабырлылықпен, қызығушылықпен тыңдауыңыз үлкен жеңілдік әкеліп, 

оның өмірмен қоштасуға деген әрекетіне жол бермеуге себепші болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет