13
10. Суицид қаупінің дәрежесін бағалаңыз.
Мүмкін болатын өзіне-өзі қол
жұмсаудың қауіптілігін анықтауға тырысыңыз. Себебі, өзіне-өзі қол жұмсау
идеясы өткінші ойдан бастау алып, әртүрлі өлу мүмкіндіктері туралы келіп
кететін ойлар арқылы шарықтап шыңына жетуі ғажап емесі анық. Бұл
ойлардың соңы өлуге бекінген жеткіншектің түбегейлі, нақты жоспарымен
аяқталады. Суицидке баратын жолдарды қарастырады, өз ісін жүзеге асыруда
ол улануды, биіктіктен секіруді, арқан жіп немесе оқ ататын қаруды таңдауы
мүмкін. Басқа да факторларды, яғни, ішімдікті, есірткіні қолдануы,
эмоционалдық тұрақсыздық дәрежесі, мінез-құлықтың теріс ұйымдастырылуы,
шарасыздық пен дәрменсіздік сезімдерінің белең алуын қарастырған маңызды.
Мұндай жағдайларда мінез-құлықтағы ұсақ-түйек боп саналатын өзгерістерге,
мысалы, жабығулы күйдегі жасөспірім өзінің жақсы көретін және т.б. затын
біреуге жасырмай сыйлағанын байқаған кезде бейжай қарамаған жөн. Осы
орайда, дәрілерді, қару немесе өткір заттарды көзден таса жерге қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: