Суицидального поведения детей методические рекомендации


  Қамқорлық  пен  қолдау  жасауды  тоқтатпау  маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата18.12.2021
өлшемі393,42 Kb.
#102767
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
Суицид Әдістемелік

13.  Қамқорлық  пен  қолдау  жасауды  тоқтатпау  маңыздылығы. 

Шиеленіс сейілген кезде, ата-аналар немесе жанұя мүшелері алаңдаудан айыға 

бастайды, өздерін еркін ұстап, босаңсиды. Дегенмен, «суицидтік жеткіншекті» 

қолдап,  қуаттауды  тоқтатпай,  оның  өмірге  бейімделуі  үшін  барлық  жағдай 

жасау қажет.  

Мысалы, күйзелісті басынан кешірген адамдардың тарихымен, қуанышты 

жағдайлармен және т.б. таныстыру. Қазіргі таңда жер бетіндегі миллиондаған 

адамға  «Жизнь  без  границ»  кітабын  жазған  Ник  Вуйчичтің  күлімдеген 

жүзі таныс [6].  

Қанаттандыратын, сезімге толы бұл кітапта қиындықты, үмітсіздікті қалай 

жеңуге болатыны, өзіңе сену және бақытты болу жолы туралы баяндалған.  



14 

Ник Вуйчич мүгедек болып туған (аяқ-қолдары жоқ), өзінің дене кемістігі 

салдарынан өмірде көрген қиыншылықтары мен қайғысы, өзінің осы жағдайға 

көндігуден  басқа  амалы  жоқ  екендігін  сезінгені  туралы  ашық  айтқан.  Сегіз 

жасқа  толғанда  Ник  өлуге  бел  буады.  Өміріне  талдау  жасай  отырып  ол 

ешқашан  үйленбейтінін,  ешқашан  жұмыс  істей  алмайтынын,  мағыналы  өмір 

сүре  алмайтынын  түсінеді.  Қазір  Вуйчич  30  жаста,  және  ол  осы  уақыт 

аралығында өз замандастарынан артық жетістікке қол жеткізді. Ник екі жоғары 

білім  алды.  20-дан  артық  елде  болды,  оның  тарихын  бизнес-форумдарда, 

мектептерде,  қарттар  үйлерінде,  шіркеулер  мен  түрмелерде  3  млн-нан  артық 

адам естіді. Ол жылына шамамен 250 аудитория алдында сөз сөйлейді, дүние 

жүзі  компанияларына  үнемі  сұхбат  береді  және  «Аяқ-қолсыз  өмір» 

қайырымдылық қорының директоры болып қызмет етеді. Ник Вуйчичтің өмірі 

бірегей. Ол аяқ-қолдары болмаса да өзінің кемтар жағдайынан кедергіні емес, 

өсу,  алдына  үлкен  мақсаттар  қою  мен  өз  қалауына  қол  жеткізу  мүмкіндігін 

көруді үйренді. Ол компьютерде минутына 43 сөз тере отырып, өз өмірі туралы 

кітап жазды, ал жұмыстан бос уақытында балық аулайды, гольф ойнайды және 

серфингпен айналысады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


15 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет