Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

ІІІ.  ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫРДЫҢ  
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ  
 
Философиялық  тұрғыдан  алғанда,  жүйелілік  тұғыр  ғылыми  таным 
әдіснамасы  мен  әлеуметтік  тәжірибенің  бағыты  болып  табылады,  оның 
негізін  нысандарды  жүйе  ретінде  зерттеу  құрайды.  Жүйелілік  тұғыр, 
В.Н.Садовскийдің  пікірінше,  «…өз  алдына  дербес,  тәжірибе  көрсетіп 


68 
 
отырғандай,  заманауи  ғылыми  білімді  дамытудың  келешегі  зор 
стратегиясы болып отыр» [106]. 
А.И.Уемов  жүйелілік  тұғырды  жүйетану  әдісі  деп  атайды,  ал 
жүйелілік теориялар – осы әдісті қолдану нәтижелері [107]. 
И.В.Блауберг  пен  Э.Г.Юдин,  жүйелілік  тұғырдың  қалыптасуы  мен 
мәнін қарастыра отырып, арнайы жасалынған әдістерді қолданбай, оны 
«тікелей»  іске  асырудың  келеші  шамалы  деген  маңызды  ескерту 
жасайды [70]. 
Бұл пікірдің дұрыстығын білім беру  саласында жүйелілік тұғырды 
пайдалануды шектеу дәлелдейді.   
А.Н.Аверьяновтың  пікірі  бойынша,  жүйелілік  таным  мен  әлемді 
қайта жасау дегеніміз [71]: 
1.  Іс-әрекет  нысанын  (теориялық  және  тәжірибелік)  жүйе  ретінде 
қарастыру,  яғни  өзара  байланысты  элементтердің  шектеулі  жиыны 
ретінде. 
2.  Жүйе  элементтері  мен  бөліктерінің  құрамын,  құрылымын  және 
ұйымдастырылуын 
анықтау, 
олардың 
өзара 
әрекеттесуіндегі 
басымдықты табу.  
3. Жүйенің сыртқы байланысын айқындау, олардың бастысын бөліп 
көрсету. 
4.  Жүйе  қызметін  және  оның  басқа  жүелер  арасындағы  ролін 
анықтау. 
5. Жүйе құрылымы мен қызметінің диалектикасын талдау. 
6. Осының негізінде жүйе дамуының заңдылықтары мен үрдістерін 
табу. 
Э.Г.Юдиннің  көзқарасы  бойынша,  жүйелі  зерттеу  ерекшелігі 
мынадай жағдайларда байқалады [72]: 
-  нысанды  жүйе  ретінде  зерттеу  барысында  элементтерді  сипаттау 
өзіндік  қысым  жасау  сиаптына  ие  болмайды,  өйткені  элемент  «тура 
сондай»  болып  емес,  тұтастай  алып  қарағанда  оның  «орнына»  қарай 
сипатталады; 
- қандай да болмасын бірдей «материал», субстрат жүйелі зерттеуде 
бір уақытта әртүрлі сипаттамаға, параметрлерге, қызметтерге және тіпті 
әртүрлі  құрылымдық  принциптерге  ие  ретінде  әрекет  етеді.  Оның  бір 
көрінісі  жүйенің  иерархиялық  құрылымы  болып  табылады.  Жүйелі 
нысынның  әртүрлі    деңгейлерінің  (жазықтықтарының)  өзара 
байланысын іске асырудың бір түрі басқару болып табылады; 
-  жүйені  зерттеуді,  негізінен,  оны  жүзеге  асыру  шарттарын 
зерттеуден бөліп алып қарастыруға болмайды
-  жүйелілік  тұғырға  тән  сипат  элементтер  қасиеттерінен  тұтастық 
қасиетін  тудыру  мәселесі,  және,  керісінше,  тұтас  сипаттамадан 
элеменеттер қасиеттерін тудыру; 
-  негізінен,  жүйелі  зерттеуде  нысанның  қызмет  етуі  мен  дамуын 
таза  себептік  (бұл  сөздің  тар  мағынасында)  тұрғыдан  түсіндіру 


69 
 
жеткіліксіз,  нақтылап  айтсақ,  жүйенің  көптеген  кластарына  мақсатқа 
сәйкестік  олардың  әрекет  етуінің  бөлінбес  қыры  болып  табылады,  ал 
мақсатқа  сәйкестендіріліген  әрекет  үнемі  себеп-салдар  сұлбасына 
жатпауы мүмкін; 
-  жүйенің  қайта  жасалуы  мен  оның  қызмет  етуінің  бастау  бұлағы 
негізінен  жүйенің  өзінде  болады,  өйткені  ол  жүйенің  мақсатқа  сәйкес 
әрекет етуімен тығыз байланысты, жүйе нысандарының тұтас қатарына 
тән  сипат  олар  жай  ғана  жүйе  емес,  өзін-өзі  ұйымдастыратын  жүйелер 
болып  табылады.  Мұнымен  қоса  көптеген  жүйелі  зерттеулерге  тән 
ерекшелік: бұл зерттеулерде жүйеге немесе оның элементтеріне бірнеше 
даралық  сипаттамалар  жиыны  мен  еркіндік  деңгейі    бар  екендігін  баса 
айту керек. 
З.А.Решетованың  айтуы  бойынша,  жүйелілік  тұғыр  заманауи 
ғылымда  жаңадан  зерттеу  пәні  мен  оны  сипаттау  тәсілін  аша  отырып, 
теориялық  білімді  өндіру  тәсілдерін,  нысандағы  танымдық  қозғалыс 
сұлбасын өзгертеді;  зат туралы білім құрылымын, ғылымның ұғымдық 
құрылымы мен ғылыми ойлау стилін өзгертеді. Жүйелілік туралы ұғым 
іргелі ғылыми теориялар мен барлық ғылыми дүниені танудың маңызды 
аспектісі болып саналады [73]. 
Еңбекте  [69]  жүйелілік  тұғыр  ғылымдағы  әдіснамалық  бағыт 
ретінде берілген, оның негізгі міндеті  күрделі ұйымдасқан нысандарды- 
әртүрлі  типтер  мен  кластар  жүйесін  зерттеу  және  құрастыру  әдістерін 
жасау болып табылады.  
Жүйелілік тұғырдың маңызды міндеттеріне мыналар жатады [69]: 
1)  жүйе  ретінде  зерттелетін  және  құрастырылатын  нысандарды 
ұсыну құралдарын жасау; 
2) жүйенің жалпылама модельдерін, әртүрлі кластардың моделін 
және жүйеге тән сипаттарды құрастыру
3) 
жүйе 
теориясының 
құрылымы 
мен 
әртүрлі 
жүйе 
тұжырымдамалары мен өнімдерін зерттеу. 
Философияда,  жүйені    өзара  байланысқан  және  біртұтас  бірлікті 
құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы деп 
түсінеді [74]. 
М.Сарыбеков  пен  М.Сыдыкназаров  еңбегіңде  жүйе  [гр.  sistema  
бөліктерден  құралған  тұтас]  былайша  анықталады:  1)  бір-бірімен 
байланысты элементтер жиынын біріктіруші қандай да бір тұтас, күрделі 
бірлік;  жүйеішілік  болып  бөлінуге  қабілетті  жиынтық;  2)  өзара 
байланысты  элементтердің  белгілі  бір  реттелген  бөлігі,  қызмет  етудің 
жалпы бір мақсаты мен басқару бірлігі бойынша біріктірілген, ортамен 
өзара байланыстағы тұтас құбылыс ретінде әрекет етеді [75]. 
В.Г.Афанасьевтің  ойынша,  жүйелерді  адам  проблемалық  жағдаят 
туындағанда  ғана  құрайды  (туындаған  қажеттіліктер  мен  оларды 
қанағаттандыруға  қажетті  дайын  құралдардың  жоқтығы  арасындағы 
қайшылықтар). Бұл қайшылықтардан мақсат туындайды, ал мақсат оған 


70 
 
жетудің құралын талап етеді. Жүйенің аспектілері көп болғандықтан, ол 
мақсат пен құралдың бірігу тірегі болып табылады. Ол - мәселені шешу 
құралы [76]. 
Жүйе  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  жобаланып,  бір-бірімен  және 
ортамен  өзара  байланыста  және  өзара  бірлесіп  әрекет  ететін  
элементтердің жиынтығы [78]. 
Мақсат  жүйені  құрауға  мүмкіндік  береді,  қойылған  мақсатты  іске 
асыру  үшін  не  істеу  керек  деген  сұраққа  жауап  сияқты.  Яғни,  бұл 
жағдайда  жүйені  біз  оқыту  мақсатына  жету  құралы  ретінде 
қарастырамыз.    Қойылған  мақсатқа  сәйкес  жүйе  құрылымы  жасалады, 
оның  компонеттері  ретінде  көп  жағдайда  мыналар  пайдаланылады: 
субъектілер,  мазмұн,  әдістер,  оқытудың  түрлері  мен  құралдары. 
Айтылғандардың суреті 3.1 -суретте көрсетілді. 
Ф.И.  Перегудов  және  Ф.П.Тарасенко  жүйені  былай  анықтайды:  1) 
мақсатқа жету құралы ретінде, мәселені шешу құралы; 2) ортаға тәуелді 
және  онымен  тұтастық  ретінде  өзара  әрекет  ететін  бір-бірімен  өзара 
байланысты элементтер жиынтығы [80]. 
Жүйенің жіктемесі әртүрлі негіздемелер бойынша жүзеге асырылуы 
мүмкін.  Жалпы  алғанда  жүйлере  шынайы  (объективті,  материальдық) 
және  идеалды  (абстрактілі,  тұжырымдамалық)  болып  бөлінеді. 
А.И.Пушкарь  мен  Л.В.Потрашкованың  [78]  еңбегінде  ұсынылған 
жүйенің жіктемесіне сәйкес жүйелер:  
- шығу төркініне байланысты табиғи  (табиғаттың даму өнімі болып 
табылатын және адамның араласуынсыз пайда болатын) және жасанды 
(адам еңбегі мен ақыл-ойының жемісі) жүйелер болып бөлінеді; 
қоршаған ортамен өзара әрекет ету сипатына қарай ашық (ортамен 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1-сурет. Мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу құралы 
ретінде жүйенің тұжырымдамалық үлгісін құруға арналған сызба 
Мақсат
 
Мі
нд
етте
р 
Н
әт
ижеле
р 
Компонент 1 
Компонент 2 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет