Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


 Әрекеттердің әр түрлерін оқыту және тиісті ойлау тәсілдерін



Pdf көрінісі
бет50/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

6.3. Әрекеттердің әр түрлерін оқыту және тиісті ойлау тәсілдерін 
оқыту үдерісінде игеру 
 
Қарастырылатын  объект  туралы  ақпаратты  жүйелі  құрылымдау, 
зерттеу және «бүктелген күйде» беру процесінде (6.2.1, 6.2.5 - суреттер) 
қызметтің әр түрлері және [1]-ге ықпал ететін мынадай әрекеттер жүзеге 
асырылады: 
-  танымдық,  практикалық  және  өзге  қызметте  оларды  игеру  және 
іске асыру; 
- қоршаған қызмет объектілерін тұтас тану;  
- жүйелі және өзге де ойлау тәсілдерін қалыптастыру; 
- оқыту тиімділігі мен сапасын арттыру; 
- зияткерлік қабілетті, креативтілікті және т.б. дамыту. 
Қарастырылатын  объект  туралы  ақпаратты  көрсетілген  жүйелі 
құрылымдау, зерттеу және «бүктелген күйде» беру әдісінде қызмет пен 
іс-әрекеттің әр түрлері пайдаланылады, әсіресе:  
-  қарастырылатын  объекті  мен  оның  құрамдастарын  жүйелер, 
процестер  және  оны  әржақты  зерделеу  нәтижелері  және  т.б.  ретінде 
талдау; 
-  қарастырылатын  құбылыстарды,  процестерді  немесе  объектілер 
жүйелерін  үлгілерін  құру  және  зерделеу  жолымен  оларды  зерделеуге 
қызмет атқаратын үлгілеу;  
-  зерттелетін  объекті  мен  оның  құрамдастарының  болу,  жұмыс 
істеу,  даму  бойынша  қолданыстағы  және  жаңа  шарттарын  айқындау 
және есепке алу; 
-  зерделенетін  объектіге  және  оның  құрамдастарына  әсер  ететін 
немесе  әсер  ете  алатын  және  жай-күйін  өзгерте  алатын  факторларды, 
оларды  зерделеу  процесіне  әсер  ететін  факторлар  мен  өзге  де 
факторларды айқындау және есепке алу; 
- зерделенетін объектінің және оның құрамдастарының жұмыс істеу 
факторлары  мен  жаңа  шарттарына  әсер  ететін  әсер  ету  зардаптарын 
зерделеу  және  есепке  алу  (сыртқы  және  ішкі,  объективті  және 
субъективті, тікелей емес және орташаландырылған және т.б.); 
-  объектіні,  оның  құрамдастарын,  оларды  зерделеуге,  жұмыс 
істеуіне  және  қоршаған  ортамен  өзара  әрекеттесуіне  және  т.б. 
байланысты әртүрлі мәселелерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;  


151 
 
-  объекті  мен  оның  құрамдастарының  қолданыстағы  және  жаңа 
жағдайларда  жұмыс  істеу  процесі  мен  нәтижелері,  оларды  зерделеу 
процесі мен нәтижелері және т.б. бойынша мониторинг; 
-  зерделенетін  объект  мен  оның  құрамдастарының  жай-күйін, 
объект  мен  оның  құрамдастарын  зерделеуді  жүзеге  асыратын 
субъектілердің  (бұл  жағдайда  –  оқыту  субъектілерінің)  жай-күйін 
диагностикалау; 
-  зерделенетін  объектіге  және  оның  құрамдастарына;  оларды 
зерделеу  процесіне,  әдістері  мен  нәтижелеріне;  субъектілердің  шешім 
қабылдауы  мен  қызметіне  және  т.б.  жататын  қолданыстағы  немесе 
ықтимал  проблемаларды  (проблемалық  жағдайларды)  айқындау  және 
есепке алу; 
-  мәселелерді  және мәселелік оқиғаларды  шешу  (өзгерту  және  т.б.) 
бойынша іс-әрекеттер; 
-  зерделенетін  объектімен  және  оның    құрамдастарымен 
«айналысу»  бойынша  қолданыстағы  практиканы  зерделеу  және  есепке 
алу; 
-  қарастырылатын объектіні және оның құрамдастарын зерделеуге, 
жетілдіруге  және  дамытуға  байланысты  мақсаттарға  қол  жеткізу  және 
қойылған міндеттерді шешу бойынша практикалық қызмет; 
- білім алушыларға қатынас бойынша – берілген (бастапқы) немесе 
жаңа  жағдайларда,  сондай-ақ  әсер  етуші  факторларды  есепке  алып 
алынған  білімді:  «стандарт»  деңгейінде;  шығармашылық  деңгейінде, 
зерттеу деңгейінде қолдану; 
- объект мен оның құрамдастарын зерделеу, жетілдіру және дамыту 
нәтижелерін, өзге де аспектілерді болжау; 
-  объект  мен  оның  құрамдастарының  жай-күйін  олардың  берілген 
және жаңа жұмыс істеу жағдайларында оларға әсер етуші факторлардың 
әсерін есепке ала отырып болжау; 
-  жаңа  жағдайлар  мен  әсер  етуші  факторлардың  әсер  ету 
зардаптарын болжау; 

объектілер  мен  оның  құрамдастарын,  пайдаланылатын 
технологияларды,  әдістер  мен  тәсілдерді  және  т.б.  тану,  іске  асыру, 
жетілдіру және дамыту саласында халықаралық, шетелдік және отандық 
тәжірибені зерделеу, есепке алу, пайдалану және дамыту; 
- білім алушыларға қатынасы бойынша – зерделеу, есепке алу және 
оқу «озаттарының» тәжірибесін пайдалану; 

зерделенетін 
объектіні 
және 
оның 
құрамдастарын, 
технологияларды, әдістер мен олардың танымдық құралдарын жетілдіру 
бойынша іс-әрекеттер, инновацияларды әзірлеу және енгізу және т.б. 
-  талдау  процесінде  айқындалған  ақпаратты  синтездеу  және 
біріктіру; 
-  қарастырылатын  объектіге  қатысты  зерделенетін  (айқындалған) 
ақпарат жүйесінің тұжырымдамалық үлгісін құру; 


152 
 
- қорытындыларды тиянақтау; 
- рефлексия және өзге де әрекеттер.  
Ұсынылатын  қызмет  (іс-әрекет)  түрлері  мен  оларға  байланысты 
ойлау  тәсілдерін  игеру  нәтижелерін  есепке  алуды  және  бағалауды 
жүргізу  ұсынылады.  Осындай  жұмыстың  мазмұны,  пайдаланылатын 
құралдар,  сондай-ақ  міндеттердің,  тапсырмалардың,  жаттығулардың 
қажетті жинағы және т.т. дербес оқытушы тарапынан анықталады. 
Ұсынылатын  іс-әрекет  түрлерін  мерзім  сайын  жаңарту,  дамыту 
және тиімді жүзеге асыру үшін пәнаралық және сыртқы байланыстарды 
уақтылы  «қосу»  қажет.  Соңғы  жағдайда  «динамикалық»  күйде 
айқындалған  ақпарат  жүйесінің  тұжырымдамалық  үлгісін  құру  үшін 
жағдайлар жасалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет