Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет42/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

сарынының қолданысы 
 
ЖАЛҒЫЗДЫҚ  САРЫНЫ 
туралы  Г.Пірәлиева:
  «
Жал-
ғыздық қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі 
ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз 
сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі 
бұл  адамның  /кейіпкердің/  ішкі  табиғатынан,  болмыс-бітімінен 
сыр  берер,  оның  харакетін  ашуға  да  өзіндік  үлес  қоса  алатын 
көркемдік  қасиет.  Өйткені,  адам  жалғыз  қалғанда  ғана  ішкі  ой 
еркіндігіне  бой  алдырады.  Жалғыздық  –  адамға  өз  ойымен 
болуға,  еске  алу,  елестеу,  қайғыру,  сүйсіну,  белгілі  бір  шешім 
қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психология-
лық категориялар мен процестерді, сан алуан түрлі сезімдік құ-
былыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой 
қақтығыстарының  жүзеге  асатын  кезі  де  осы  сәт»  деп    түсін-
дірсе, «Словарь Ожегова толкует одиночество – как: «Состояние 
одинокого  человека.  Одинокий  -  отделённый  от  других  подоб-
ных. Не имеющий семьи, близких.»
 
Еще можно сказать, что одиночество – это своего рода ду-
ховная  изоляция…  неполноценность  одного  данного  человека, 
заключающаяся в нехватке взаимопонимания, общения, близких 
отношений, любви, тепла… 
Прежде  всего,  одиночество  бывает  двух  видов:  одино-
чество внешнее и одиночество внутреннее…   
Одиночество  внешнее  –  это  когда  человек  живет  один,  и 
пускай у него целая куча друзей и знакомых, но с ним рядом нет 
второго, любимого человека, который дает почувствовать имен-
но  не_одиночество…  этот  вид  одиночества  и  соответствующие 
ему переживания присущи большей частью женщинам… 
Одиночество  внутреннее  –  это  когда  у  человека  есть 
семья,  есть  целая  куча  друзей,  знакомых,  но  у  него  постоянно 
возникает чувство, что ему не с кем поделиться какими-то свои-
ми проблемами, мыслями, чувствами… что все окружающие его 
люди  могут  просто  не  понять  его  переживаний…  это  одино-
чество обычно присуще мужчинам.. хотя и у женщин, особенно 
сильных,  уверенных  в  себе  женщин,  женщин  типа:  бизнес-ву-


 
229 
мен,  это  тоже бывает…»(  Л.Коняхина)  дегендей жиі  кездесетін 
жалғыздықтың  түрі:  махаббаттағы    жалғыздық.  Мәселен,  
Б.Сарыбайдың «Жалғыздық жыры» әңгімесінің  өзегі: 
«Мен адамды бір-біріне жақындататын тән емес, жан екен-
дігін ұғынғандай болдым. 
Ол  жалғыз  екен.  Жаны  жалғыз  екен.  Жалғыздығынан  қа-
шып  құтыла  алмапты».    Бұл  жас  автордың  концепциясы.  Әңгі-
меде махаббат үштігі бар, басы солай басталғанымен Арманнан 
ажыраған  Ләйланы  Заңғар  мүлдем  баурап  ала  алмайды.  Көп 
ішінде жалғыздық идеясы мұнда ерекше лирикалық қуатпен су-
реттеледі.  Екеудің  жүрегі  қабысып  кетуіне  не  кедергі?  Автор 
бұл  сауалдың басын  ашық  тастайды.  Әңгіменің жұмбақ роман-
тикалық мұңға оранып тұратыны сондықтан. Бірақ бұл әңгімеде 
адам  баласының  табиғатына  тән  –  бақытқа  құштарлық  сезімі 
күшті.  Оқырманды  түңілдірмейтіні  сондықтан.  Әйтпесе  екі  ға-
шықтың бейнесі толық ашылмаған. Олар бір символ тәрізді. Тірі 
адамдардан бөлек. Адамдар бір-бірін не үшін қинайды деп айт-
қысы бар автордың. Тобыр таптап кетпес үшін тәкәппарлық та-
ныт дейді автор. Бірақ бұл сүйген жүректерге жүрмеуі тиіс. Әң-
гімені тылсым мұң әсерлі қылып тұрады. Автор сенімді күйрет-
пейді,  сонысымен  ұтып  тұр.  «Сондықтан  бақыттың  баламасын 
табуға  тырысады.  Оны,  әлбетте,  бірінші  кезекте  махаббатпен 
байланыстырады. Әбден дұрыс. Алайда сезім диалогы дамыма-
са,  бақыттың  орнын  қайғы  басады.  Қайғының  досы  –  жалғыз-
дық.  
Әлем  әдебиетіндегі  экзистенцилизм  сарыны  жалғыздық  , 
сырт ортадан бөгделеу ниетіне негізделеді. 
Махаббаттың  қырсық  салдары  арзан  түспейді.  Қасірет. 
Әрине,  өзін  сүйгені  түсінбеген  жан  –  жалғыз.  Демек,  жалғыз-
лықтың тамыры тереңде. 
«Жалғыздық мұңы, сөз жоқ, әлемді жаратушы күш туралы 
ойларға жетелейді»    
Автордың  кейіпкері у-шуы, қуаныш-қайғысы мидай сапы-
рылысқан тіршіліктен безіп, жалғыздыққа қарай қашып, құдай-
дың  шұғылалы  сәулесінің  жылуын  іздеуге  ұмтылады.  Құдай  – 
адам жүрегінің сәулесі. Ол өлгенше сенімен бірге болатын жал-
ғыздығың, қуанышың мен қайғың –деп  ой  түйдіреді. 


 
230 
Автордың  кейіпкері  мына  дүниенің  жалған  екенін  сезіп, 
махаббаттың  да  қас-қағым  сәттік  елес  екенін  ұғып,  оның  нәзік 
сәулесінің  сөніп,  жылуы  жоқ  күлге  айналатынына  көзі  жетіп 
отыр. Дүниенің бәрі қаламгердің кейіпкерінен теріс айналып ке-
тіп,  көңіл  кеңістігіңдегі  аласұрған  алапат  ақ  боран  жаныңды 
қоярға  жер  таптыртпағанда  жалғыз  жұбанышы  –  жалғыздық 
болғандығын  кейіпкердің  монологымен жеткізеді: 
«Жалғыздық жаратқан иемізге ғана жарасады. Мен  құдай  
емеспін  ғой.  Сондықтан  болар  жалғыздықтан    қашып,    өзімді  
көпшіліктің  ортасына    қарай    дырылдатып  сүйрей    жөнелемін. 
Алайда сол  көпшіліктің  ортасында жүріп  тілдесе алмай,  қай-
тадан жалғыз  қалғым келеді. Олар менің ішімді көріп  қоятын 
сияқты. Көріп  қойса күледі ғой.Мені  келеке қылмас үшін мен  
жан сырымды жасыра түскім келеді. Себебі мен дұшпанымның 
аяғына    тапталғым  келмейді.  Содан    болса  керек,  көпшіліктен 
саяқ  жүретінім.»    
Суреткер  кейіпкерін  ең жақын адамынан айырған  кезде  
беймәлім  өмір  мен  бүгінгі  тіршіліктің  арасын  жалғап  тұрған 
жалғыз  жіп  те  –  жалғыздығы  қалды  қасыңда  деп  түйіндейді.  
Жазушының  кейіпкерінің жаны мөлдір бұлақтай кіршіксіз таза, 
арманы жаңа жауған ұлпа қардай әппақ болғанмен азғантай ғұ-
мырыңдағы  алтыннан  да  қымбат  уақытыңды  білім  қазынасын 
ақтарумен  өткізіп,  жүрегі  жұмбақ  Әлемнің  сиқырлы  сырын  тү-
сінемін  деп  күні-түні  маза  таппай,  өзіңді-өзің  әуре-сарсаңға  са-
лынып,  күндіз  күлкісінен,  түнде  ұйқысынан  айырылды.  Автор-
дың  айтпағы  жалған тіршіліктегі ұлы күнә жұмыр басты пенде-
нің  ойынан  басталатындығында.  Ой  –  адам  өмірінің  әміршісі 
һәм тергеушісі. Екі аяқты ұлы тобырды бақытсыз еткен де – сол 
ойдың империясы. Ой – адамның Алла алдындағы алғашқы жа-
саған  пендешілігі.  Ұлы  Жаратушының  адамнан  басты  айырма-
шылығы – оның пендешілігі жоқ. Адамның әлсіздігі – пендеші-
лігінде.  Пендешіліктің  темір  құрсауынан құтылу  үшін кейіпкер 
жалғыздығыңа  қарай  қашты.  Қаламгер    кейіпкерінің  жан    жал-
ғыздығын  көрсету  арқылы оның әлсіздігің көрсетіп отыр. Бірақ  
қанша дегенмен кейіпкердін жанының осалдығы ұмтылған биік-
тігі – ұлылық екендігінде. Ал, ұлылық дегеніміз – өзіңе дейінгі 
тас  талғамды  бұзу.  Кейіпкері    жалғыздықтан  қашып  құтыла 


 
231 
алмаған  автордың  өзі  де   жан  жалғыздығына  бой ұрып, ұлы-
лықты аңсап отыр. 
Ұлы  адам  топырақтан  емес,  Алланың  қасіретінен  жара-
тылған. Өз жанын қинап азаптың тозағына түсе алмаған адамнан 
ұлы  жазушы  шықпайтындығы  –  әлімсақтан  әйгілі,  бесенеден 
белгілі ақиқат. 
Б.  Сарыбайдың  кейіпкері  дүниедегі  жан  жалғыздығынан  
қашып  құтыла алмай босқа таусылып жүр. Қайталанбайтын тағ-
дырдың жоқтығындай, қайталанбайтын ой, қайталанбайтын шы-
ғарма  да  жоқ.  «Інжілдегі  ойлардың  бәрін  философтар  баяғыда 
айтып тауысқан» демеп пе еді Пьер Абеляр. 
Әр нәрсені бір ойлап, тәнін азапқа салғанмен, кейіпкердің 
тәніңмен қоса жаны да бірге қиналып отыр. Себебі «Жан – тән-
нің  идеясы»  (Спиноза).  Ағысқа  қарсы  жүзген  кейіпкер  жаны  – 
сол тәннің құрбандығы ғана. Жалғыздық тақырыбы. Қазақ әде-
биетінде  соңғы  уақытта  жарық  көрген  әңгімелердің  ішінде  М. 
Мағауиннің «Қы-сы-жы» атты әңгімесінен де байқалады.  
Әңгіме  диалог  формасында  өрбиді.  Жазушы  М.  Мағауин 
кейіпкердің  бірі.  Екіншісі  –  әңгімеші  шал,  ол  20  жыл  министр 
болып, заманында дәурені шалқыған адам. Сөз басы кекесінмен 
басталады,  совет  заманын  сынайды:  әйелді  жолдас  дегізген. 
Екеуі  Алматының  ұлттық  Опера  театрының  түбінде  кездесіп, 
сөздері  жарасады.  Шалдың  білгірлігі  сонша,  әңгімесін  тыңдап 
отырған жазушының екінші  «мені»  сияқты  әсер етеді.  Жалғыз-
дық  тақырыбы  бұдан  соншалық  зорайып  өсіп  кетеді.  Өзін-өзі 
тыңдау,  өзімен  өзі  сұхбаттасу  жазушылардың  жұмбақ  жараты-
лысындағы  жалғыздық  сезімінінің  өткірлігінен  туса  керек.  Жа-
зушы өз кейіпкерінің аузына бір қызық сөз салады: 
«–  Классик  демейін,  жақсы  қаламгер  атаулының  бәрі  он-
сыз да дию-пері, – деді қарт» . 
Осы  қарттың  өз  әйелін  балконнан  құлатып  өлтіргені  де, 
жазушы  артынан  білсе  өтірік  екен,  расында  қосағы  онкология-
дан  өліпті.  Әңгімедегі  «Қиялға  да  бай  екен,  –  дедім  мен  есімді 
әрең жиып» делінетін жазушы күйзеле айтқан репликадан оқыр-
ман әлгі қызу әңгіменің бәрі болмаса да, ішінара қызыл сөз, жа-
лауыз сөз екенін ұғынады. Сол шалды білетін екінші бір ауыл-
дас ақсақал  сипатаманы тиянақтайды: 


 
232 
«–  Ертең  келсең,  бүгінгіге  кереғар  тағы  бір  хикаяның 
шетін шығарады, – деді, әлде барлай, әлде сынай қарап. 
Жоқ, рахмет, бүгінгісінің өзі жетіп жатыр, – деппін».  
Бұл  әңгімедегі  жалғыздық  қазіргі  қазақ  қоғамын  өрмекші 
торынша торлаған рухани жалғыздықты ашады. 
Жазушы Р.Отарбаев «Аспандағы ақ көбелектер» атты әңгі-
мелер мен повестер жинағында жалғыздық тақырыбын аз көтер-
меген.  
«Қытайдан  жеткен  сәлемдеме»  атты  әңгімесінде  кейіпкер 
Өмірбай Қытайдан бірінші лекте оралған қазақ. Ол отбасы мен 
екі  баласын  жат  жерде  қалдырып,  бас  сауғалап  кеткен.  Және 
олардан айрылып қалуға себеп – өзінің сатқындығы мен қорқақ-
тығы. Қытайдан алғашқы қыздай алған жары. Әсемай магнито-
фон арқылы арада көп жыл өткенде, бүгінгі заманда Өмірбайға 
осы шындықты баяндап береді. Оның дауысы Өмірбайға оқыл-
ған үкім сияқты естіледі: 
«...– Өмеке-ау, «иә, соңымда Әсемай мен қос ұлым қалды, 
жібере көріңіз» десеңіз, бізді шекарадан, міне, өткізгелі тұрған. 
Көрші бөлмеде отырып, барлық жауаптасуды есіттік. Бізден та-
нып  шығып,  құрбандыққа  қиып  кеткеніңіз  қалай?!  Жүрегіңіз 
жұмсақ еді ғой...». 
Жалғыздық  сарынын  қазіргі  қазақ    прозасында    өмір  мен  
өлім концепциясы   тұрғысынан қарастыруға болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет