Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет40/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

«Айқайлап»
 
келген 
Оралхан  Бөкейдің  АЙҚАЙЫ  қандай  еді?  
Т.Нұрмағамбетовтің  де кейіпкері Мехмед осы  АЙҚАЙды 
өмір  бойы естіп  келе жатқандай және өле-өлгенше  естіп  өте-
тіндей  халде  келе  жатыр. Өмір  бойы көрген  азабы  да, әлі  кө-
рер  азабы  да,  әлі  көрер  тозағы да осы  дауыс  секілді. Ұлының 
сұсты  да, әмірлі   дауысын  есту  үшін   осы  жарық  дүниеге ке-
ліп,  соғыстан  аман  қалғаны да осы  Айқайды  есту  үшін  аман  
оралған тәрізді. Жар  сүйіп,  бала  қызығын  көрем  дегенде де   
осы  бір  Айқай  үшін,  қысқасы   бұл  фәниде  не  істеп , қалай 
өмір  сүріп  тырбанса  да  барлығы осы АЙҚАЙды естуге, одан 
қашып құтыла алмастай  пешенесіне  жазған  екен  ғой. 
«...Тау-тас  та  !АТА-аа—а!»,  жел  де  «Ата-аа-а!».  Ағып  
жатқан  су да, Жалаңаштаудың төсінен  көшкен бұлт  та «Ата-
аа-а!». Бейне  қалмай  еріп  келе жатқандай...  алды да,  арты  да  
сол дауыс... сол-л..» деп, автор  бұл  Айқай сені бәрібір  жібер-
мейді. Сені о дүниеге барсаң да  артынан  іздеп  барар деп үрей 
мен ұятты араластырып атой салып  келеді  кейіпкерінің  арты-
нан.  Осы  бір  қысылтаяң  сәттегі  ұлының  дауысын  естігісі  кел-
мей, тәңірден мылтықтың оғын, қылыштың жүзін, садақтың же-
бесін күткен кейіпкерін  ақыры  аяғын  тайдырып, басын  тасқа  
соққызып   жазым етіп  тынады аяқ-астынан. Өз айқайын өзі ес-
тіместен  дүниеден  өте  барады.Сөйтіп    шығармасын    шиеленіс-
тіріп алып  барып, ширатады. Автордың кейіпкері  жалғыз ұлын  
адам  аяғы    баспайтын    иен  далаға    апарып    тастағаннан-ақ  «өз  
жанының тозағына»  өртеніп, қиналып ақыры өзіне -өзі  өлім  ті-
лейді. «Өлімнен ұят күшті» дегендей, қаламгердің кейіпкері тірі  


 
226 
қалған күнде де  «өз жанының  тозағына өртеніп»  сау  қалмас  
еді  деп ой  түйдіреді. 
Сонда ғана шаң қаланың төсімен,  
Айқай салып жүгіремін ішімнен. 
Шұбыртамын санамнан да есімнен,  
             Күнәларды Құдай маған кешірген.− деп Ақберен Елгезек  
іштей  айқай салып жырласа,
 Абайдың  АЙҚАЙЫ жартасқа  ба-
рып  соғылып,  кері  жаңғырып  қайтқан  – сол  БАЯҒЫ АЙҚАЙ 
еді.  Ал,  Оралхан    Бөкейдің    АЙҚАЙЫ    –  Алтай    тауын    жаң-
ғыртқан,  қайта-қайта  жаңғырығып  тұрар  –  АНАУЛАРДЫҢ 
АЙҚАЙЫ еді. Т.Нұрмағамбетовтің АЙҚАЙЫ–алапеспен  ауыр-
ған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни  тәні-
не  ғана  емес  жан-жүрегіне,  жан-дүниесіне  алапес  дағы  түс-
кен барша  адамзаттың баласының  АЙҚАЙЫ: 
«....Бәрінің де алапес дерті  тұла  бойын  түгел меңдеп  ал-
ғандар. Бет-ауыздарында кісі қарар жер  болсашы. Мұның  бай-
қағаны олардың қай-қайсының да түстері суық еді. Женгиз  айт-
қандай, бұлар  дәл  қазір  тосын кездескен  адамды да жыртқыш 
аңнан әрі  көруі  әбден  мүмкін.Кеудесін, бетін  түгел басқан ақ-
таңдақтары қандай қорқынышты... Аңдап қараса, ұлының да жү-
зінде бір  суықтық бар  секілді». Құдайым-ау, мынау  баяғы жұп-
жуас әрі  сүйкімді Сұлтан  емес  қой! Өзгелер маған тура  ұмты-
лып,,  өлтірмек  болса... тіпті  ара  түсе  қояр  ма  екен деші?...» 
деп автор   Жалаңаш таудағы  төртеудің  портретін  беру  арқы-
лы  өз  танымын  ұсынады. Сырт-келбеттері адам шошырлық бо-
лып,  үсті-бастарының  ұсқыныздығына  бет-жүздеріндегі  суық-
тық қосылған кезде Мехмед   қорыққанынан   да  тұра  қашып  
отыр.  
Дегенмен,  автордың    айтпағы,  Тәңірім    асылық    етпесін, 
дүние  неткен опасыз, адам  атаулы неткен  жатбауыр, тасбауыр  
еді. Біреуге   жан  дегендегі  жалғызы,  біреуге  әке, біреуге аға-
бауыр  болған  түрік  азаматтарын  дүниенің  түкпіріндегі 
Жалаңаштау деген қарғыс  атқан  жерге әкеліп  тастап,  түріктер  
қайтіп  ел боп, жер болып  отыр. Бұндай  қаныпезерлікті  түрік-
тер  ғана  емес,  бар халық жасап отыр-ау? Бірақ адамдар оларды  
қанша  алыстатып,  олардан  жеріп,  жатсынғанмен  олар  адам-
дарды, туғандарын ешқашан жатсынып, ұмытқан емес. Олардың  


 
227 
түрлері  адам  жаны  түршігерілік қорқынышты болып, түстері  
қаншалықты    суық    болғанымен,  олардың  ішкі  жан-дүниелері  
соншалықты  сұлу  әрі  таза боп шығады. Алапес  дерті  олардың  
сыртқы  пошымына   өшпестей  ізін,  дағын  салғанымен  ішкі 
жан-дүниелеріне  тап-таза, мөлдір  қалпында  қалды. Сондықтан  
да, Мехмед  өлердей  қорыққан  олар  кавал  тартып,  өздерінің  
ұлттық    билерін    билеп,  тіпті    жазым    болған    Мехмедті  бетін  
топырақпен  жасырып,  арулап  көмбекші де болып  қарап  тұр.  
Біздер  адамдар  оларды - алапеспен ауырғандарды  сол барша 
ұсқынсыз  болмыстарымен    қабылдай  алмай,  тіпті    қабылдап  
алуға  тырыспасақ та олар бізді  жатсынбай,  жатырқамай бауы-
рына тартып отыр. Адамдар оларды іздемегенмен, олар біздерді  
аңсап,  сағынып   өмір  бойы іздеумен  өтеді  екен.   Бір-біріміз-
дің  жанайқайымызға  құлағымызды  түре  жүрелік  ағайын  деп 
салмақты ой  тастайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет